Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы
Ақай ауылы 99 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кулмурзаева Газиза Касымовна
Тапқыр достар
Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл туралы білімдерін жетілдіру; көркемсөзді өнер табиғатына сай шеберлікпен айтуды үйрету; тіл мәдениетін қалыптастыру, өзіндік ой-пікірін жүйелі айта білуге,шешен сөйлеуге баулу.
Түрі: топтық сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, парақшалар.
Мұғалім: -Құрметті тіл жанашырлары, аяулы ұстаздар! Тіл мерекесіне арналған «Тапқыр достар» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтар: «Талап», «Қанағат».
Ана тілім-әрекетім азығы,
Бар ғаламды тануымның қазығы.
Ой-санамның өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге әз үні,- дей келе, бүгінгі білім бәйгесіне қатысушы екі топ мүшелерін ортаға шақырамыз! Ойынды бастамас бұрын бүгінгі бәйгеге қазылық ететін алқа мүшелерімен таныс болайық…
Мұғалім: -Енді ойын шартымен таныстырып өтейін.
- Топтың өздерін таныстыруы.
-
Ойлан тап. (Мақал-мәтелдер сайысы).
-
Сен білесің бе? (Ұяшық таңдап, сұраққа жауап беру).
-
Сөз тапқанға… (Адасқан сөздерді орнына қою).
-
Кім жылдам? (Көрермендермен жұмыс).
6 Өнерпаз болсаң…
(Ойын бастауға жеребе алу)
Мұғалім:
Қазақ тілім-өз тлім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім,- деп тапқыр достарымызға сәттілік тілей отырып, таныстыру бөлімінен бастаймыз.
Мұғалім: — «Мақал- сөздің мәйегі» сөз кезегін аумақты ойды бір ауыз сөзге сыйдыратын «Ойлан тап» мақал-мәтелдер айту сайысына берейік!
— Отан
— Халық
— Достық
— Ағайын- туыс
— Бірлік, ынтымақ
— Ана тілі
— Еңбек
— Денсаулық
— Ата- ана
— Бала
Мұғалім:- Сіздер келесі кезең «Сен білесің бе?» бөліміне жеттіңіздер. Мұнда ұяшықтарға жасырынып тұрған сұрақтарға жауап бересіздер.
1-тапсырма: Хан Аяз биге гауһар тасын сынатқан кезде Аяз оның ішінде құрт бар екенін біледі. Хан: «Тастың ішінде құрт бар екенін қайдан білдің?»-дейді.
Сонда Жаман не деп жауап береді?
Жауап: -Тастың өз қасиетіндей салмағы да болуы керек. Тас жеңілдеген екен. Құрт бар екенін содан білдім, -деп Жаман жауап береді.
2- тапсырма: Бала Сырым атақты Малайсары биден бата алуға келеді. Би батасын берген соң Сырымды сынау мақсатында қолымен өзінің басын көрсетіпті…
Жолдастары Сырымнан «Әлгі шалдың қолымен басын көрсеткені несі? Сенің тіліңді шығарғаның не?» деп сұрапты. Мұның мәнісі неде?
Сырымның жауабы: Шалдың басын көрсеткені «Басқа пәле неден?» дегені. Менің тілімді көрсеткенім – «Басқа пәле — тілден» дегенім. Бұл оның «Бақыт та тілден, пәле де тілден, тіліңе сақ бол» дегені еді.
3- тапсырма: Қарағым, дұға гөйім, қамқор анам,
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді хақ тағалам!
Бар алмай өтірікші болдым әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбым жоқ
Өкімет, ор зорлыққа не бар шараң?! Өлең шумақтарының атын, авторын тап. (А.Байтұрсынов «Анама хат» өлеңі).
4-тапсырма: Сыйлық
5-тапсырма: Үш қуатты ата. (тіл, ақыл, жүрек)
6-тапсырма: Үш ақиқатты ата. (Қымбат шындық,арзан өтірік,даусыз кәрілік)
7-тапсырма: Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды? (1989 жылы 22- қыркүйек)
8-тапсырма: Сыйлық
9-тапсырма: Мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран қашан бекітілді? (1992 жылы 4 маусымда).
Мұғалім: «Сөз тапқанға» бөлімінде адасқан сөздерді орнына қою.
1- тапсырма: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді».( Ғ.Мүсірепов).
2-тапсырма: «Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».( Б.Момышұлы).
Мұғалім:- «Жұмбақ- адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді»-, деген М.Әуезов. Олай болса,
«Кім жылдам?» бөліміне жеттіңіздер! (Оқушылар сөздер таңдап алады және осы сөздердің атын айтпай, ой ұшқырлығымен жұмбақтап, көрермендерге жасырады).
«Талап» тобына | «Қанағат» тобына |
Бесік | Сағат |
Ілік | Бәйтерек |
Астана | Сандық |
Күнделік | Бауырсақ |
Ұстаз | Өлең |
Есік | Қамшы |
Автобус | Көрші |
Тәуелсіздік | Бүркіт |
Апта | Елтаңба |
Мұғалім:- «Мақсатым- тіл ұстартып, өнер шашпақ»-, деп Абай атамыз айтпақшы, «Өнерпаз болсаң…» деп келесі кезекте сайыскерлеріміздің өнерін тамашалаймыз.
(Қазылар алқасы қорытынды шығарып, жеңімпаз топ анықталады).
Мұғалім:
Ана тілім- бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің- анаң, сыйлап өтіңдер!
-Құрметті ұстаздар, оқушылар, осымен біздің «Тапқыр достар» атты топтық
ойынымыз өз мәресіне жетті.Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше аман- сау болыңыздар!
Ән: «Тапқыр достар»