Филология

«ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫН ТАЛДАУ

 Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы

Ақай ауылы 99 орта мектеп

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кулмурзаева Газиза Касымовна

                      «ҚЫЗ  ЖІБЕК»  ЖЫРЫН  ТАЛДАУ

Сабақтың мақсаты: а) Жыр мазмұнын ашу, композициялық  құрылысын талдау, кейіпкерлер бейнесін ашу.

ә) Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

б) Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: талдау сабағы

Сабақтың әдісі: «Адасқан оқиғалар», талдау, сұрақ-жауап, семантикалық картамен жұмыс, ойқозғау, Венн диаграммасы, сатылай кешенді талдау.

Сабақтың көрнекілігі: «Қыз Жібек» жыры кітабы, жырдың жоспары, суреттер, кестелер.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Ұжымдық әрекет.

ә) Санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті.

б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару әрекеті.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Адасқан оқиғалар»

1.Төлегеннің Ақ Жайыққа жөнелуі.

  1. Жағалбайлы елі.
  2. Қыз Жібектің түсі.

  3. Төлегеннің дүниеге келуі.

  4. Хорен қалмақтың Қыз Жібекті айттыруы.

  5. Төлеген мен Қыз Жібектің кездесуі.

  6. Қыз Жібектің Сансызбайға қосылуы.

  7. Бекежанның Төлегенді мерт қылуы.

 

  1. Жағалбайлы елі.
  • Төлегеннің дүниеге келуі.

  • Төлегеннің Ақ Жайыққа жөнелуі.

  • Төлеген мен Қыз Жібектің кездесуі.

  • Қыз Жібектің түсі.

  • Бекежанның Төлегенді мерт қылуы.

  • Хорен қалмақтың Қыз Жібекті айттыруы.

  • Қыз Жібектің Сансызбайға қосылуы.

  •  

    ІІІ. Жаңа сабақ. «Қыз Жібек» жырын талдау.

    1. «Қыз Жібек» жырының маңызы халқымыз үшін ерекше, бүгінге дейін құнын жоймаған құнды жыр. Жырдың басты маңызы- адал махаббат, шынайы сүйіспеншілік, сертке беріктілік. Ұмытыла бастаған көп әдет-ғұрыптарды осы жырдан кездестіруімізге болады.

    …Қыз жақпай өз елінен жүрсе саған,

    Төлеген, сүйінші бер енді маған,

    Елі бар Ақжайықта алты шекті

    Аласың жақсы қызды барсаң оған.

    1. Жырдың композициялық құрылымына талдау.

     

    Оқиғаның  басталуы:  Жағалбайлы  еліндегі  оқиға.

     

                 Оқиғаның  дамуы:  Төлегеннің  жар іздеп жолға шығуы.

     

    Оқиғаның  байланысуы:  Төлеген мен Қыз Жібектің кездесуі.

     

    Оқиғаның  шиеленісуі: Бекежанның Төлегенді  мерт  қылуы.

     

                 Оқиғаның  шарықтау  шегі:  Хорен қалмақтың  Қыз Жібектіайттыруы.

     

    Оқиғаның  шешімі:  Қыз Жібектің Сансызбайға қосылуы.

     

    1. Проблемалық  сұрақ:  Төлегеннің Қыз Жібекке  қосыла алмауына  қандай кедергілер болды?

     

    ( М. Әуезовтың  «Қыз Жібек» жыры  туралы  зерттеулерінен ).

     

    1. Семантикалық  картамен  жұмыс.

     

    Бейнелі сөз

    Төлеген

    Жібек

    Жібектің анасы

    Базарбай

    Кірпігі сүйрік қылыштай,    Жүзінен нұры тамып тұр. Дүрия жауһар сырғасы  Көтере алмай құлағы,  Шашбауы желде шалқып тұр
    Байлығын оның сұрасаң,  Есеп жетпес жайы бар.       Іші-сырты безелген,        Кілем- кілше сәні бар.
    Ағажүніс   перідей,          Көркі  раушандығы.     Жазығы қатын демесең,  Қартайса да ілгері,          Талай қыздан сәндігі.
    Нұр гауһардай көзі бар,      Бал шекердей сөзі бар,    Еліңе теңдес елі бар,    Бәрінен де артық сәні бар.

     

     

     

    1. Венн  диаграммасы. ( Төлеген мен Бекежанның  бейнесін салыстыру )

    Төлеген

    Ортақ  қасиеті

    Бекежан

     

    1. Проблемалық  сұрақ:  Жырдағы  Бекежанның  Төлегенді  өлтіруі дұрыс па?

     

    1. Ойқозғау. Жібектің  Сансызбайға  тұрмысқа  шығуына  сенің  көзқарасың  қандай?   ( Әмеңгерлік  салт  туралы  айту )

    Әмеңгерлік- халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеуі қайтыс болған оның жесірі «Ерден кетсе де, елден кетпек жоқ», «Аға өлсе, іні- мұрагер»  деген қағидамен, әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады.

    Ү. Сабақты  бекіту.  Жырға  сатылай  кешенді  талдау.

     

                 Жырдың  аты

    Жырдың  тақырыбы

     

    Жырдың  идеясы

     

    Кейіпкерлер:

     

    Бейнелі  сөздер:   портрет, теңеу, аллитерация,                                                                                                     риторикалық сұрақ

    ҮІ. Сабақты қорытындылау.

    «Қыз Жібек» жыры – халқымыздың асыл қазынасы, әдет-ғұрыптар энциклопедиясы  тәрізді, маңызы зор ұлттық құндылық.

    «Қыз Жібек» жыры – құнын жоймаған да, жоймайтын да жыр.

    ҮІІ. Үйге тапсырма: жырдан үзінді, монолог жаттау, салт-дәстүрлерді жазу.

    ҮІІІ. Бағалау.

    «ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫН ТАЛДАУ: 1 комментарий

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.