Сыныптан тыс: Менің алғашқы түйіндемем
Тақырыбы: Менің алғашқы түйіндемем
Мақсаты: Оқушыларды кәсіптік қызметте ең алғашқы қадамдар жасауға үйрету, дағдыландыру
Білімділігі: Түйіндеме құрылымын жасауға дағдыландыру, сәйкес қызмет сферасын анықтау
Тәрбиелігі: Адаммен қарым-қатынасты орнату, этикаларды нормаларды біліп, тәжірибеде қолдана алу
Дамытушылығы: оқушылардың логикалық ойын дамыту, қорытынды жасай білуКөрнекілігі: интербелсенді тақта, презентация
Сабақтың әдіс-тәсілі: “Step by step”
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
– оқушылармен амандасу
– оқушыларды түгендеп, аудитория дайындығын тексеру
– оқушылар зейінін тақырыпқа назар аудару
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі
Көптеген адамдарда жұмысқа орналасудың алдында қорқыныш және сенімсіздік пайда болады. Әрине, жаңа ғана оқуды тәмамдаған адамға тәжірибесі мол адамның алдына барып, сөйлесу оңай емес. Соның ішінде мекеме бастығы мен кадрлар бөлімінің директорымен сөйлесу тіпті қиынға соғады.
Ең әуелі, түйіндемені қандай фирмаға беретініңіз жайында ойластырып алу қажет. Себебі ол сіздің мамандығыңызбен сәйкес келмеуі мүмкін.
ІІІ. Көрініс «Түйіндеме тапсыру арқылы жұмыс орнына орналасу»
Қатысушылар: Бас менеджер, кадр бөлімінің менеджері, бас инженер және 4 жұмысқа орналасушы
Көріністі тамашалап болдық.
ІV. «Түйіндеме» туралы қысқаша түсінік.
Бұл көрініс жайлы ойларын айтып шығу. Сонымен тақырыпқа көшсек, «түйіндеме» дегеніміз не? Бұл сөз қай тілден енгізілген деп ойлайсыздар? Түйіндеме толтыру рәсімін қалай жасар едіңіздер? Осыған тоқталып өтейік… Бұл француз тілінен аударғанда «айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» дегенді білдіреді. Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек. Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Жақсы түйіндеме – жұмыс іздеудің ең тиімді құралдарының бірі. Түйіндеме сіз туралы бірінші пікір қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оның қандай болатынына оқиғалардың әрі қарай дамуына байланысты. Әдеттегідей, түйіндемені жылдам көріп шығуға 2-3 минуттан артық уақыт жұмсалмайды. Егер көңіл аудара алмасаңыз – демек, түйіндеме жұмыс істемейді. Және сізге жұмыс іздеу рәсімін басынан бастау керек. Өзіңізді түйіндемеде ұсынып, сіз іріктеу қағидасына еріңіз. Сіздің міндетіңіз – адресатқа ұнау. Рекрутер немесе тікелей жұмыс беруші сізге өте маңызды болып көрінсе де, артық мәліметпен жалықтырмаңыз.
Ендігі кезекте түйіндемені құрып бастамай жатып, Жұмыспен қамтамасыз ету орталығы потенциалды жұмысшыларға тест жүргізуге ақыл беретінін айтып кеткен жөн.
Сонымен, қызметтің қандай саласында жоғары дәрежеде жұмыс жасай алатыныңыз туралы біліп алайық. Сіздермен тест жүргізіледі.
V. Тест өткізу
Алдарыңызда жатқан қағазды алып, интербелсенді тақтада көрсетілген қызмет ету түрлері бойынша сұрақтарға жауап береміз.
1а. Жануарларды күтіну
1б. Машина, аспаптармен жұмыс жасау (бақылау, реттеу)
2а. Ауруларға көмектесу
2б. Есептеуіш бағдарламаларын құру, кесте, сызбаларды құру
3а. Кітап, плакат көрмелерінің сапасын бақылау
3б. Өсімдіктердің даму жағдайын бақылау
4а. Материалдарды өңдеу (ағаш, мата, металл, пластмасса)
4б. Тауарларды тұтынушыға ұсыну (жарнамалау, сату)
5а.ғылыми-әйгілі кітаптарды талқылау
5б.әдеби кітаптарды, мақалаларды талқылау
6а. Мал төлдерін өсіру
6б. Оқу немесе спорттық ойындарға адамдарды жаттықтыру
7а. Суреттер мен бейнелерді көшіріп алу
7б. Кран, тракторларды жүргізу
8а. Адамдарға өздеріңе қажетті ақпараттарды жариялау (анықтама бюросы, экскурсия)
8б. Көрме, витриналарды безендіру
9а. Тұрғын үй заттарын, бұйымдарын жөндеу
9б. Текст, суреттер және сызбаларда қателіктерді түзету және іздену
10а. Жануарларды емдеу
10б. Есеп-қисаптарды орындау
11а. Өсімдіктердің жаңа тұқымдарын шығару
11 б. Өнеркәсіптік бұйымдардың жаңа түрлерін жобалау, құрастыру
12а. Дау-дамайларды, адамдар арасындағы айқай-шуны шешу, сендіру, түсіндіру, жазасын беру, марапаттау
12б. Сызба, суреттерді түсіну
13а. Бос уақытта қосымша жұмыстармен айналысу
13б. Микроб өмірін бақылау
14а. Газ құралдарымен жұмыс жасау
14б. Адамдарға медициналық қызмет көрсету
15а. Оқиғаларды бейнелеу, көркем суреттеу
15б. Өлшенген объектілерге, бақыланған құбылыстарға нақты, дәлелді есеп беру
16а. Лабораториялық анализ жасау
16б. Адамдармен ұзақ әңгімелесу
17а. Кәсіпорындардың жарларын ақтау, сырлау
17б. Аспаптарды жинақтау немесе монтаждау
18а. Құрдастарыңмен тестрларға, музейге баруды ұйымдастыру
18б. Сахнада ойнау, концерттерге қатысу
19а. Кәсіпорындар құру, бұйымдарды сызба бойынша дайындау
19б. Сызумен айналысу, сызбаларды, карталарды көшіру
20а. Өсімдіктерге зияндылармен күрес жүргізу
20б. Компьютерде жұмыс жасау
Табиғат Техника Адам Белгі Бейне
1а 1б 2а 2б 3а
3б 4а 4б 5а 5б
6а 7б 6б 9б 7а
10а 9а 8а 10б 8б
11а 11б 12а 12б 13а
13б 14а 14б 15а 15б
16а 17б 16б 19б 17а
20а 19а 18а 20б 18б
VІ. Тест қорытындысы
«АДАМ-ТАБИҒАТ» – өсімдік, жануарлар және орман шаруашылығына байланысты барлық мамандықтар. Мұндай адамдардың жүрегі кең және бізді қоршаған ортамен, планетамен жан дүниесімен қарым-қатынаста деп түсінуге болады.
Олар өте тез қабылдағыш, жүрегі нәзік, бірақ сол ретте де әлсіздерді қорғау мақсатында батылдық, қайраттылық, өжеттілік танытады.
«АДАМ-ТЕХНИКА» – барлық техникалық мамандықтар. Бұл түрге жататын адамдар күшті, белсенділікті, қозғалыстарды, практикалық жұмыстарға араласуды қажет ететін жұмыстарды орындағанды қалайды. Бұнда мамандардың нәтижесі шынайы, әрі сезіледі – олардың қолдарымен бізді қоршаған барлық заттар әлемі жасалынған. Техникалық типтегі адамдар көп сөйлеуден қарағанда қимылдайды. Тапжылмайды, қажырлылық танытады, өздеріңе сенімді.
«АДАМ-АДАМ» – адамдармен қарым қатынас жасасатын мамандардың барлығы жатады. Бұл түрге жататын адам тәрбиемен, емдеумен, кеңес берумен, қызмет етумен байлаынсты профессионалды қызметті қалайды. Бұндай адамдардың адамгершілігі мол, сезімтал, белсенді, әлеуметтік қағидаларды ұстанатын, басқа адамдардың эмоционалдық жағдайларын түсінуге қабілетті. Сөйлеу мәнеріне аса назар аударады, адамдарға қызығушылық танытады, әрқашан көмекке дайын. Материалдық жағдай, әдетте, бұлар үшін бірінші орынға қойылмайды.
«АДАМ-БЕЛГІ» – есеп-қисаптармен, әріптік белгілермен байланысты барлық мамандар. Бұл адамдар, әдетте, өз жұмыстарына икемді, ақпараттарды жүйелеу және өңдеумен тығыз байланыста болады. Олар өздерінің ұқыптылығымен, жинақтылығымен, іскерлігімен ерекшеленеді, нақты реттелген жұмысты қалайды. Адамдардың басқа типтеріне қарағанда бұл типтегі адамдар материалдық жағдайға аса назар аударады.
«АДАМ-БЕЙНЕ» – барлық шығармашылық маманықтар. Бұл типтегі адамдар түпнұсқалы (оригинальны), әлеуметтік мақұлдауға кейде ғана бағдарланады, шешім қабылдаған кезде тәуелсіз, өмірге деген көзқарасы ерекше, ойлау қабілетіне өте икемді, сондай-ақ эмоционалды сезімтал болып келеді. Олар қатаң тәртіпті жаны қаламайды, жұмыс тәртібін тәуелсіз, еркін орындағанды қалайды.
Қандай салада жұмыс жасағымыз келетінімізді анықтадық.
Ендігі көрініс кезінде байқағандай қателіктерді жібермес үшін түйіндемені құру ережесімен танысамыз.
VІІ. Түйіндеме құрылымы
Түйіндемені құрудағы үш негізгі ережесі бар:
– қысқа, әрі нұсқа (1 беттен асырмаған жөн)
– ұқыптылық (қатесіз, анық)
– шынайылық (жалған ақпараттар қосылмауы тиіс)
Оқушы
Түйіндеме құрылымы:
1. Басы: аты-жөні
2. Негізгі координаталары: мекен-жайы, телефондары, e-mail көрсетіледі.
3. Өзің туралы мағлұмат: туған жылы, күні, айы, тұрғылықты жері, ұлты,
отбасылық жағдайы
4. Жұмыс іздеудегі мақсаты: егер сіз бос орынның нақты ұсынысына үн
қатсаңыз, онда бұл бөлімде сіз үміттенетін нақты орынның атауын көрсетіңіз.
5. Білім: бітірген оқу орнының атауын, мамандығыңызды толық көрсетесіз
(тек оқу орнын ғана емес, сондай-ақ әр түрлі курстарды, тренингтерді көрсетіп өтесіз).
6. Жұмыс тәжірибесі: жұмыс тәжірибесі туралы мәліметті кері
хронологиялық тәртіппен көрсетеді. Сіздер үшін білімдеріңіз сипатталатын кәсіпорындардан өндірістік тәжірибеден өткендеріңіз туралы қысқаша мағлұмат.
7. Қосымша мәліметтер. Жағымды тұлғалық қасиеттеріңізді көрсетіңіз. Бұл
бөлімде компьютер және шетел тілдерін білуді немесе жүргізуші куәлігінің барын көрсетіңіз. Жұмыс тжірибесі жоқ адамдар үшін, яғни сіздерге, оқуға дайындықты және қабілеттілікті көрсету өзекті.
Келесі кезекте тағы да оқушылардың дайындаған мәліметтеріне сүйенсек.
VІІІ. Баяндама «Бірінші танысу және дене тілі»
ІХ. Баяндама Жұмысқа қабылдану кезінде әңгімелесуді қалай жақсы өткізуге болады?
Х. Презентация «Сыртқы көрініс»
ХІ. «Түйіндеме рәсімдеу»
Енді «түйіндемені рәсімдеу» бөліміне көшеміз. Барлығыңыздың
алдарыңыздағы жатқан А4 бетіне түйіндеме рәсімдейміз. Толтырып болған соң оқытушы үстеліне әкеледі.
Сонымен, қорытындылау кезегін түйіндемені рәсімдеу кезінде нендей қателіктер болатынына және олардың дұрыс жазылуына тоқталамыз.
ХІІ. Қорытындылау
