Қызылорда облысы , Қармақшы ауданы, А.Жанпейісов атындағы
№105 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаналиева Жұлдызай Утегенқызы
Тақырыбы : «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Мақсаты :
- Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту
- Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру;
- Сөздерді орынды қолдана білуге білімдерін байқап, дамыту.
Сабақтың көрнекілігі : нақыл сөздер , ақан – жазушылардың портреті.
Ұлағатты сөздер :
- 1. «Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеру керек » . Ғабит Мүсірепов.
- 2. «Тілді меңгеру үшін оған өзіннің жүрегіңді ашуың керек » . Нұрсұлтан Назарбаев
Барысы :
І . Ұйымдастыру . ( топқа бөлу )
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды . Оқушыларды марапаттау.
І . Кіріспе сөз.
Армысыздар , құрметті қонақтар мен тіл жанашырлары. «Өзге тілдің бәрін біл , өз тіліңді құрметте » атты сайысымызға қош келіпсіздер . «Дүниеде ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін – түрік тілі , түрік тілінің ішіндегі гауһары — қазақ тілі » .
Ана тілім – арым , нәрім , қуатым,
Сенсің менің жан сырымды ұғатын.
Өзің барда ұлтым ұлы, ел аман,
Шағың келді биіктерге шығатын
Сайысымыз УІІ турдан тұрады :
І. Сәлемдесу. (топтар қазақша , орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
ІІ. «Сөз қаруы — ой » .Сурет бойынша әңгіме құрастыру (орыс тілінде )
ІІІ. «Қанат қақты». Капитандар сайысы .
ІУ. « Тапқырлар » . Жұмбақ сайысы . (шешуін үш тілде айту)
У. «Сен білесің бе ? » Әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.
УІ. «Кім біледі ? » Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің әртістерін , әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін көрсету.
УІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ » Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.
І тур «Сәлемдесу ».
Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бірін – бірі көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесу тілмен айту парыз екен. (топтар қазақша , орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
1 топ ———————2 топ ———————3 топ ———————4 топ ———————
ІІ тур . «Сөз қаруы — ой » .
Орыс тілін түсінемін , білемін,
Шет тілін де жаттап оқып жүремін.
Ата – бабам қастерлеген жанындай ,
Ана тілім – менің нағыз жүрегім.
«Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті » орысша баламасы «Слон всех сильнее, а язык и слона сильнее » Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастырады , сайыстың шарты бойынша орыс тілінде.
ІІІ тур . «Қанат қақты». Капитандар сайысы . Мақалдың жалғасын тап.
1. Тіл тас жарады ,
(Тас жармаса бас жарады)
2. Тіземнен сүріндірсең сүріндір,
Тілімнен сүріндірме .
3. Піл көтергенді тіл көтереді.
4. Ат жүйрігі қасқа ,
Тіл жүйрігі басқа .
5. Бас кеспек болса да ,
Тіл кеспек жоқ.
6. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ
7. Бас ойлағанда тіл тыныстайды.
8. Қырғи тіл – қиыр қылыш
9. Икемді тіл инеден өткір.
10 Құлақ екеу, тіл жалғыз,
11.Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз
Қос тіл – қос қанатың
Қазақ тілім — өз тілім , ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым , бақытым дара тілім.
ІУ. « Тапқырлар » . Жұмбақ сайысы . (шешуін үш тілде айту)
У. «Сен білесің бе ? » Әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.
Біздің Республикамызда мәуелі бақтай жемісін шашқан жүз отыздан аса әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен тату – тәтті тұрады. Біз қандас болмасақ та жандаспыз.
УІ тур . «Кім біледі ? » Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің әртістерін , әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін көрсету , оқушалар олардың кім екенін анықтау керек.
Тілім тірі , тірі дербес күн кешпек,
Аты тұрып қалай артқа мінгеспек?!
Тілсіз тыныс ала алмайды мемлекет,
Бас кессе де , жоқ емес пе тіл кеспек .
УІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ » Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.
Ә, А , Ж , Р, С , Т , Б , М , Д , О , Л , К .
1. Қай қалада тұрасың ?
2. Сенің сүйікті әншің?
3. Қандай тағамды ұнатасың?
4. Сыныптағы досынды ата ?
5. Жасын нешеде ?
6. Сынып мұғалімінің аты ?
7. Сен озат оқушысың ба ?
8. Математика пәні саған ұнайма ?
9. қандай мамандықты қалайсың ?
10. Кімге ұқсағын келеді ?
11. Сүйіп оқитын кітабың ?
12. Жазғы демалысты қалай өткіздің ?
13. Қазақстаннның астанасы ?
14. Парта неден жасалады ?
15. Қардың түсі ?
16. Сүйікті тағамын ?
17. Қандай гүлді ұнатасың ?
18. Мектепке немен келесің ?
19. Күзде ауа райы қандай ?
20. Сыныптағы ең сұлу қыз ?
21. Алматы қандай қала ?
22. Қыс айы немен ұнамсыз ?
24. Сен қандай оқушысың ?
Ана тілім күн нұры – шуақтайсың ,
Мөлдір таза шын кәусар – бұлақтайсың.
Өнер , білім ғылымда сәуле шашқан,
Темірқазық жұлдызым – шырақтайсың.
ҚОРЫТЫНДЫ .
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады.