Без рубрики

Дос болайық бәріміз (3-сынып,өзін-өзі тану пәні)

Хамитжанова Бағила Амангельдиевна
Астана қаласы68 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:Дос болайық бәріміз (3-сынып,өзін-өзі тану пәні)

Сабақтың мақсаты.- Достық ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

-Достықтың ққұндылықтары туралы түсіндіру

-Татулық,достық адами қасиеттерін дамыту

-Өзара көмек,жолдастық,сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды тәрбие сағатына дайындау.Келген қонақтармен таныстыру

-Балалар,біздің бүгінгі өзін-өзі тану пәні бойынша өткізетін ашық тәрбие сағатымызға қонақтар келіп отыр

-Қош келдіңіздер ! –делік

Бүгінгі сабағымызды бастамақ бұрын біз шаттық шеңберін құрайық.Қане,келіңдер.Бүгінгі көктемнің алғашқы күнінде бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

Жақсы,рахмет,орындарыңа отырыңдар

Енді ,балалар,бәріміз қосылып мына сөзжұмбақты шешейік:

 

 

 

Л

 

 

А С

 

И С А
Д О с Т Ы Қ
А Ғ Ә р Н Қ
м Ы У

 

Е У

 

м І

 

С

 

 

р

 

і

 

 

 

 

м

 

1)Тірі табиғат.

2)Қыста сойылатын мал.

3)Көктем айы.

4)Сыйымдылықтың өлшем бірлігі

5)Тамаша сөзі қай сөз табынан

6)Киелі құс.

Жақсы, достық деген сөз шықты.Ендеше осы сөзге толығырақ тоқталайық.

Сұрақ-жауап әдісі

Дос деген сөзді қалай түсінесіңдер? Ол қандай болу керек? Сол білгендеріңді қане, тақтаға жаза қойыңдар.

 

 

 

Жақсы өз ойларыңды білдірдіңдер,рахмет.Біз енді сендермен топпен жұмыс жасайық,ол үшін әр топқа әртүрлі тапсырмалар беремін

1-топқа Дос туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту керек

2-топқа Дос туралы өздерің білетін өлең жолдарын айту керек

3-топқа Достар арасында кездесетін кез-келген бір жағдаятты сахналау керек

4-топқа Адал дос деген қандай болу керек?Соны топтап жазып беру керек.

Осылайша әр топ өз тапсырмаларын қорғайды.

Енді біз сендермен мынадай ойын ойнап көрейік «Кімнің даусы?» деген ойын. Ойынның шарты мынадай:

Жағдаяттарды талқылау,шешу Ауызша беріледі.

Жүректен-жүрекке Өздері жүректен шыққан жылы сөздерін айтады.

Достық туралы өлеңді айту

Слайдпен аяқтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.