Ақылды көмекші

Астана қаласы
№ 68 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Искакова Сандуғаш Жантасқызы
Әдебиеттік оқу 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ақылды көмекші
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды «Ақылды көмекші» атты әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру. Оқушылардың компьютер туралы сауаттарын одан әрі кеңейте түсу;
2. Мәтін бойынша танымдылық тапсырмалар беру арқылы өз ойларын жеке, жұпта, топта жұмыс жасауға, көп ізденуге, бір-бірін тыңдап, өз ойын еркін, қысылмай айтуға дағдыландыру;
3.Компьютерді күнделікті өмірде пайдалана білуге баулу.

Сабақтың әдісі: СТО

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

(Түстер бойынша топқа бөлу)

Жаңа сабақ

 

І. Қызығушылықты ояту. Жұмбақ

Өзі жазады, өзі сурет салады

Сенімен де ойнай алады,

Қане, айтшы, кім шешуін табады? (Компьютер)

  • Балалар, ендеше біз бүгін қазіргі заманауи құрылғылардың бірі компьютер жайлы әңгімелесеміз.

  •  

ІІ. Мағынаны ажырату.

  1. Мәтінді оқу, таныстыру, тиісті белгілерді қою, анықтау. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша жұмыс жасау.

  2. Тізбектеп оқыту.

. Мәтінді оқып болған соң өздері белгілеп алған сөздерді кестенің әр бағанына жазып толтырады (жеке, жұпта, топта)

 

Мәтін бойынша сұрақтар:

  1. Айгүл әкесімен әуежайға не үшін барды?

  2. Олар неліктен билет ала алмады?

  3. Айгүлдің сұрақтарына кім жауап берді?

  4. Айгүл Сирена туралы не білді?

 

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Кесте толтыру

 

V білемін

+ жаңа білдім

  • білмеймін

таңғалдым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Білмеймін» деген бағанға жазылған сөздерді үйге тапсырамын (мағлұмат іздеп келу)

«Таңғалдым» деген бағанға жазылған сөздердің мағынасы бойынша оқушының пікірі тыңдалып, қорытынды жасалады.

 

Сөздік жұмыс

Касса-билет сататын арнайы орын

ЭЕМ- электронды есептеуіш құрал

Сирена- дабыл, белгі

Компьютер- ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал

 

ІІІ. Ой түйіндеу. Қорыту

«Кубизм» әдісі бойынша

І топ. Жақтайды

(компьютердің адамға пайдасы, жақсы жағын жазу)

ІІ топ. Даттайды

(Компьютердің адамға келтіретін зияны)

ІІІ топ. «Менің комекшім» эссе жазу

(компьютер жайлы өз ойын жазу, арманындағы компьютерді суреттеу)

ІҮ топ. Компьютерге хат жазу

Бағалау (топ жетекшісі бағалайды)

Үйге тапсырма: 1. Кестедегі «білмеймін» деген бағандағы сөздердің мағынасын анықтау, мәлімет іздеу

2.Мәтінді оқу,мазмұндау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше