Ғибатуллина Алма Сағындыққызы
Атырау облысы, Исатай ауданы
№9 Құлыншақ балабақшасының әдіскері
Сабақтың тақырыбы: Халық шеберлерінде қонақта.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Балалар сәндік қолданбалы қолөнер туындысы ою-өрнек түрлерімен және олардың шығу мәнімен танысады.
2.Дамытушылық.
Қазақ халқының тұрмыстық құрал-жабдықтары туралы ұғымдары дамиды және эстетикалық қабілеттері жетіледі.
3.Тәрбиелік.
Отанын сүюге, қазақ елінің көркемдік өнеріне құрметпен қарауға тәрбиеленеді.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, суреттер, ою-өрнек түрлері, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім. (Слайдтар)
Қолданылатын стратегиялар: СТО стратегиялары-Топтастыру.Болжау стратегиясы.Бес жол өлең.
Сабақтың жүру барысы.
(Балалар жарты шеңбер жасап тұады, ізгі тілектерін жолдайды)
Күнге қарап шуақтанып,
Суға қарап нәр алып.
Табиғаттан шабыттанып,
Қонақтардан ізет алып.
Денсаулықпен ойнап-күліп жүрейік.
І. Қызығушылықты ояту. «Топтастыру» стратегиясы.
Компьютер тапсырмасын орындау. Тақтада «Үйдің» суреті. Сурет бойынша қойылатын сұрақтар.
-
Үй салатын мамандық иесін кім деп атаймыз? /Құрлысшы/
-
Үйдің іргетасын құю үшін не керек? /Цемент/
-
Қабырғасын қалау үшін не керек? /Тас/
-
Есік-терезе жасау үшін не керек? /Ағаш/
-
Үйдің төбесін жабу үшін не керек? /Шатыр/
Суреттерді үй айналасына топтастырып атау беру: «Үй салуға қажетті құрылыс заттары». Бұл заттар үй салу үшін өте қажет,дегенмен осы заттарды керек етпейтін үйдің бір түрі бар.Ойлансаңдар бұл үйдің атын таба аласыңдар. (Киіз үй)
ІІ. Мән-мағынаны ажырату. Болжау стратегиясы.1 Монитор арқылы суретті серуен жасау.
Слайд 1 – Киіз үй құрылысы
Слайд 2 — Киіз үй әбзелдері.
Слайд 3 – Жайлау көрінісі
Слайд 4 – Киіз үйдің ішкі көрінісі.
Балалардың назарын көрсетілген заттардың безендірілу ерекшелігіне аудару.
-Ою-өрнектермен безендірілген.
2 Тәрбиеші түсіндірмесі: Ертеде халқымыз тұтынған заттардың бәрін оюмен әшекейлеп безендірген. Мысалы:
Слайд 4 – Зергерлік бұйымдарды,
Слайд 5 -Ұлттық тағамдар ыдыстарын,
Слайд 6 -Ұлттық бұйымдарды,
Слайд 7 -Ұлттық киімдерді
оюлармен әшекейлеген. Ою белгілі бір заттың пішінін білдіреді. Қандай оюды болмасын адам баласы өзін қоршаған ортадан алады. Әр оюдың өзіндік сыры бар. Олардың мәні мен мақсатына қарай ою бірнеше түрге бөлінеді.
Балаларға таныстырылатын оюлар түрі:
Қошқармүйіз.Ботакөз.Түйетабан. Қарлығаш. Құсқанаты, Көбелек, Арқармүйіз. (Тақтада суреттері арқылы түсіндіріледі)
Оюлар – бұл тек әсемдік үшін салынған сурет емес, онда құпия ой әшекей тілі өрнектеледі. Мысалы: Қошқар мүйіз- молшылықтың белгісі
Ботакөз — сұлулық, әдемілік белгісі.
Түйетабан – алыс сапар белгісі.
Қарлығаш- достық белгісі.
Құс қанаты – ой –арман.
Көбелек- табиғат әсемдігі.
Арқар мүйіз – аңшылық белгісі.
Оюлар түріне топтау
(Слайд-16, 17, 18)
-
Қошқар мүйіз, ботакөз, түйе табан – үй жануарларына байланысты.
-
Құс қанаты, қарлығаш – құстарға.
-
Арқармүйіз – аңдарға.
-
Көбелек- жәндіктерге байланысты шығарылған оюлар.
Сергіту жаттығуы:
3. Ою-өрнектерді «Қосалқа» күйінің әуені арқылы би қимылымен көрсету.
4.Оюларды салатын,оятын,оны заттарға әдемілеп жапсыратын адамды шебер деп атаймыз.Әрбір затты шебер өз қолымен жасайды,оған көп еңбек жұмсалады.Ою-өрнек халық шеберлерінің қолөнер туындылары деп аталады.Шеберлер жасаған қолөнер туындыларын мұражайлардан көруге болады. Біздің аудан орталығында Исатай Тайманұлы атындағы мұражайда көптеген өнер туындылары сақталған.( Слайд- 20,21)
ІІІ. Ой-толғаныс. 1.Сабақтың өту барысына талдау.(Слайд- 23)
2«Бес жол» өлең құрастыру.
Зат есім- Не?- Ою.
Сын есім- Қандай?- Әдемі, зерлі.
Етістік- Не істейді?- Салады, ояды, жапсырады.
Балама сөз- Ою- ұлттық қолөнер туындысы.
3.Мадақтау.
Сабақ соңында «Менің Отаныма тілегім» ізгі –тілектерін тақпақтар арқылы білдіруге болады..
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүниенің әлемін.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Кең байтақ, туған өлкем Қазақстан,
Мен сені әрқашанда мақтан тұтам.
Төбеңде көк байрақты желбіретіп,
Жасашы,жайнай берші Қазақстан!
Қасиетті мынау менің Елтаңбам
«Отан сенің ұлыңмын» деп жар салғам.
Елімде бейбіт тыныш заман болсын
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын.