«Сырлы бояу» сурет сайысы (авторлық бағдарлама) Бейнелеу өнері пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы

Қызылорда қаласы
№ 197 қазақ орта мектебінің бейнелеу өнері пәні мұғалімі

Әлібекова Нұргүл Орынтайқызы

Оқушыларға бейнелеу өнері пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Оқу бағдарламасына сай күнделікті сабақта алған білімін сыныптан тыс жұмыстарда жетілдіру – оқушының білімін тереңдетіп, сурет салу икемділігі мен бейнелеу қабілетін дамытады. Осындай сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі – «Сырлы бояу» сурет сайысы.

«Сырлы бояу» сурет сайыстарын бірлестік апталықтарында бірнеше жылдар бойы жүргізіп келемін. Оқушылар белсенділікпен және қызығушылықпен қатысатын бұл топтық сайысты 3,4,5 сынып оқушылары арасында өткізу тиімді.

Сайыста үштік мақсат қойылады:

  1. Білімділік – суретті шапшаң, тез салуға үйрету; сурет салу шеберлігін арттыру.

  2. Дамытушылық – ой-өрісін, танымын, қиялын арттыру; есте сақтау, елестету қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік – әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу; бейнелеу өнеріне баулу.

Сыныптан тыс жұмыстың түрі – сайыс.

Сайыста оқушымен жұмыс екі бағытта жүргізіледі: дарынды балалармен жұмыс және топпен жұмыс. Әр сынып бойынша тон құрылып, сол топқа сурет салуға икемділігі жоғары оқушылар іріктеледі. Сайыс бағдарламасын әрбір сыныптың жас ерекшелік қабілетіне байланысты түрлендіруге болады. Мысалы: бастауыш сынып оқушылары үшін «Айырмашылығын тап», «Қай нәрсе кімдікі?» тәрізді жеңіл түрдегі, дайын сурет арқылы орындалатын ойын түрлері қолданылады.

Тиімділігі

 

Уақытты үнемді пайдалану. Сайыстың толық уақыты бір сабақтың уақытын алса (45-50 минут), бір сайыста бірнеше жұмысты бірден орындау мүмкіндігі бар.

 

Бірнеше идеяны ұштастыру. «Ең әдемі үй» атты сайыс бөлімінде топтағы барлық оқушы бірігіп бір жұмыс орындайды.

 

Жаңа ұғымдармен таныстыру. Топтық сайыста әр топтың атауы бейнелеу өнері терминдерімен аталады. Сондықтан оқушылар кейбір сурет өнеріне байланысты ұғымдармен танысып, мағынасын түсінеді. Мысалы: 5 сыныптар арасында өткен сайыста 5 «а» сыныбы «Картина» тобы, 5 «ә» сыныбы «Витраж» тобы, 5 «б» тобы «Мозайка» тобы болып аталды. Топты таныстыру бөлімінде осы атауларға түсінік беріледі.

 

Жаңа технологияны қолдану. Бұл сурет сайысында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Галереяға саяхат» әдісін қолдануға болады.

 

Өнерді жаңа қырынан тану. Сайыста өнердің әр түрімен – живопись, графика, мүсін, жапсыру (аппликация), т.б. жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

 

Пәнаралық байланыс. Ана тілі, музыка, еңбекке баулу, т.б. пәндермен байланыс. Сурет арқылы әңгіме құрастыру, салынған суретті түсіндіру, топты өлең жолдарымен таныстыру, сурет салу барысында әуен тыңдау.

 

Өмірмен байланыс. Суретті күнделікті өмірмен байланыстыру, өмірдегі көріністерді қағазға бейнелеу.

 

Күтілетін нәтиже

  • Оқушының пәнге қызығушылығын артты.

  • Сыныпта үлгермеуші оқушылар саны азайды.

  • Шығармашылық қабілеті дамыды.

  • Бос уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік алды.

  • Топтық жұмысқа бейімделді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше