Жақшаларды ашу. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру
ШҚО Семей қаласы, Новобаженово ауылы
А.Ибраев атындағы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Токай Зауреш
Пәні: математика Сыныбы: 6 «а» сынып
Тақырыбы: Жақшаларды ашу. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.
Мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға жақшаларды ашу ережесін қолдана отырып, ұқсас қосылғыштарды біріктіру, өрнекті ықшамдауды меңгерту.
2. Дамытушылық. Оқушылардың оқу-таным белсенділігін , білім-білік дағдыларын арттыру;
3. Тәрбиелік. Шапшаңдылыққа, дұрыс жазуға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Ойын, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдар, сурет салынған плакат.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларды аралап жүріп тексеру, жазбаша
жұмыстарын жинап алу.
3.Жаңа сабақта өтілген матриалды қайталау.
– Жақшаның алдында “+” таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
– Жақшаның алдында “-” таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
– Ұқсас қосылғыштар деп қандай қосылғыштарды айтады?
– Ұқсас қосылғыштарды қалай біріктірді?
Сабақты бекіту. “Бинго” ұтыс ойыны.
Оқушылардың үй жұмысын орындауына қарай билеттер таратылып беріледі.
Сонымен бірге тапсырмалар жазылған таратпа матриалдар беріледі. Тапсырмаларды орындай отырып, дұрыс жауапты тауып билетке белгілейді. Алдыңғы орындарда және дұрыс орындап шыққан оқушылар анықталады.
|
Бинго Лоторея Серия №123456789 |
3ав |
|
36у |
|
7 |
|
|
-42х |
|
56ху |
|
35с |
||
|
26 |
|
-15в |
|
58а |
|
|
|
50 |
|
9ас |
||||
|
23с |
-3х |
|
64а |
|
||
|
45ав |
-17у |
-5 |
23-4а |
8х |
|
|
|
а-с |
|
5у-43 |
|
4у-15х |
||
|
а-1 |
|
-45в-7 |
|
|
|
|
|
3х-2 |
|
Тасырмалар “А”, “В”,”С” үш деңгеймен беріледі. Оқушы қай деңгейден бастайтынын өзі қалайды. Бағалауда тапсырма деңгейлері есепке алынатын болады.
5.Қорытындылау.
– Жақшаның алдында “+” таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
– Жақшаның алдында “-” таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
– Ұқсас қосылғыштар деп қандай қосылғыштарды айтады?
– Ұқсас қосылғыштарды қалай біріктірді?
6.Бағалау. Жарыс қорытындысы бойынша.
7.Үйге тапсырма беру. Таратпа материалдар.
