Отбасы мүшелері. Ашық сабақ
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы №31 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Оразбаева Гүлсайран Кенжеғазықызы
Күні : 20.09.11 Сынып: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері. Презентация
Сабақтың презентация нұсқасын көшіріп алу: Отбасы мүшелері. Презентация
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жаңа модульмен таныстырып, «Отбасы» тақырыбына төменгі сыныптарда алған білімдерін толықтыру. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды меңгерту. 2. Өзінің отбасын, ата- анасын, туыстарын сыйлауға, үлкенді құрметтеп, кішіге өнеге болуға тәрбиелеу. 3. Өз беттерімен жұмыс істеп, сауатты жазып, дұрыс сөйлеуге баулу.
Сабақ түрі: ашық сабақ Әдісі: жаттығу жұмыстары, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, отбасы туралы сурет
- Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
- 1. Отбасы мүшелері туралы тақпақ жаттау.
- 2. Үндестік заңы, оның түрлері
ІІІ. Мақсатын айту
IV. Бекіту
Үндестік заңы деп сөздердің бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке үндесе айтылуы.
БУЫН ҮНДЕСТІГІ ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ
Екі бағандағы сөздердің жазылуы мен айтылуындағы ерекшеліктер мен өзгерістер
- Адамдар адамдер
- Үйлер үйлар
- Әкесі әкесы
- Жазда жазта
- Міндеттер міндетдер
- Көмектес септік: -нікі, -дікі, -тікі -паз, -қор, -кер, -гер,
- -мен, -пен, -бен -қой, -хана, -кеш, т.б.
- Самат+пен Самат+тікі өнер+паз, еңбек+қор,
- Әсем+мен Әсем+дікі ғарыш+кер, сауда+гер,
- Қыз+бен бала+нікі сән+қой, дәрі+хана, т.б.
V. Жаттығу жұмыстары
- 1. Төмендегі сөздерге қосымшаларды дұрыс тауып жалғап, қандай үндестік екенін айтыңдар:
- Ұстаз лер қой тар әйел тің
- Бала дар қонақ ды үйрек сы
- Түйе лар байлық қа аға і
2. Перфокарталарды толтыр.
| Қосымшалар | Буын үндестігіне бағынбайтын |
қосымшаны тап
-Мен -шы -паз -нікі -лар -дай -қой -дың -ты -тың -кер -хана
| Сөздер |
Үндестік заңына бағынып тұрған сөздер |
Үндестік заңынабағынбай тұрғансөздер |
| Әріптер | ||
| Батырдың | ||
| Үстелдің | ||
| мейрамхана | ||
| ауылға | ||
| Мұғалім | ||
| арбамен | ||
| Әуесқой | ||
| Ғимараттың | ||
| Көкөністер | ||
| қайықта | ||
| қайраткер |
VІІ. Сергіту сәті.
Фонетикалық ойын.
Шарты: Мұғалім жуан, жіңішке және аралас дауысты дыбыстарды оқиды. Оқушылар жуан дауысты сөздер айтылса оң қолын, жіңішке дауысты дыбыстар айтылса сол қолын, аралас буынды сөздер айтылса, екі қолын да көтеру керек. Қатені аз жіберген және қолдарын тез көтерген оқушы жеңіске жетеді.
Мемлекет, ғаламтор, ғарышкер, әуесқой, қадірлі, қасиетті, ұлттық, қалалық, отбасы, сүйкімді, алғашқы, емхана, ұстаз, ақылшы, , ата, әже, мұғалім, еңбекқор, жемісті, өнерпаз, бақытты, оқушы, дәріхана, тойхана, әке, сіңлі, інілерім.
VІІІ. Оқулықпен жұмыс.
Суретке қара. Сұрақтарға жауап бер
- Суретте кімдер бейнеленген? Олардың іс-әрекеттері туралы айт
- Отбасы иесі деп кімді айтамыз?
- «Отбасы-шағын мемлекет» деп неге айтамыз?
- Отбасы мүшелерінің қызметі :
- Ата мен әже не істеу керек?
- Әкесі мен анасының міндеті не?
- Балалар (оқушылар) не істеу керек?
- Отбасы тату болу үшін ең алдымен не керек?
1-тапсырма.
- І. “Менің отбасым”. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып оқыңдар. Жуан және жіңішке сөздерді ажыратып айтыңдар.
- ІІ.”Менің пәтерім”. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, буынға бөліп жазыңдар, буын түрін ажыратыңдар.
ІХ. Қорытынды.
Тест
1. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді тап:
А) балалық;
Ә) жолдас;
Б) кітапхана.
2. Жіңішке сөзді тап:
А) бала
Ә) қарақат
Б) жемістер
3. Отбасы мүшесіне жататын адамдар
А) нағашы, аға, тәте
Ә) әже, ана, ата
Б) жиен, әке, сіңлі
4. “Салқындау”сөзіндегі буын түрлерін анықта
А)ашық, бітеу, тұйық
Ә) бітеу, бітеу, бітеу
Б) тұйық, ашық, тұйық
5.Қате жазылған сөзді тап
А) нағашымның
Ә) әкемдің
Б) ағасынан
6.Қазақ тіліне тән дауысты дыбыс нешеу?
А) 15
Ә) 9
Б) 5
Х. Үйге тапсырма.
- Өз отбасы мүшелерін жеміс ағашы түрінде бейнелеу
2. 2-тапсырма. Жаңылтпашты жазып, жаттау
