Ақтобе қаласы
№30 орта мектебі
Шаманбаева Айгул Мақсотқызы
Пәні: Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Отанымды сүйемін.
Мақсаты: « Отан », « махаббат » ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
-Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту;
-Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру;
-Отанын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: карта, жүрекшелер, гүлдер, көгершіндер, күн.
Шаттық шеңбері
(Балалар шаттық шеңберге тұрады.)
— Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы ерекше. Себебі біз бүгін «Отан»,«махаббат» туралы әңгімелейміз. Махаббат сүйіспеншіліктен туады. Балаға деген, анаға деген, ұстазға, Отанға деген махаббат. Соның ішінде біз бүгін Отанға деген махаббатымыз, сүйіспеншілігіміз туралы айтамыз. Қазір әріміз бірігіп, оң қолымызды жүрек тұсына қойып, Отанымыз – Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айтамыз.
(Қазақстан Республикасының әнұранын таспаға қосылып айтамыз.)
Әнұранды айтқанда қандай сезімде болдыңдар?
Әнұранды неліктен қолымызды жүрек тұсына қойып, орнымыздан тұрып орындаймыз?
(балалардың жауабын тыңдау)
-
-
Балалар, дұрыс айтасыңдар, өйткені бұл – Отанға деген құрмет. Біз Отанымызды сүйеміз, құрмет тұтамыз, мақтан етеміз.
-
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар – деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
(балалардың жауабын тыңдау.)
Дұрыс,балалар!Біздің еліміз-тәуелсіз мемлекет. Қазақстанда тұратын көп ұлтты халықтар бір-бірімен тату-тәтті, достықта, бірлікте,ынтымақтастықта өмір сүруде.Сондықтан біз бейбіт елде тұрамыз деп мақтан етеміз. .
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім – деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
( балалардың жауабын тыңдау.)
-Дұрыс. Отанын сүйген адам елі үшін бәріне даяр тұрады.
Армандайық
-Балалр, қазір сендермен Қазақстан туралы бейнефильм көреміз.
( бейнефильмді қарау.)
Фильмнен қандай әсер алдыңдар?
Қай жерлер естеріңде қалды?
(балалардың жауабын тыңдау)
-Өздерің Қазақстанның қай жерінде болғыларың келеді?Сол туралы армандайық. Ыңғайланып отырыңдар. Егер қаласаңдар, көздеріңді жұмуға болады.
(әуен ойнап, балалар армандайды)
-Ал енді маған не туралы ойлағандарыңды айтып беріңдерші.
(балалардың жауаптарын тыңдау)
-Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Біз сол елдің азаматтарымыз.Биылғы жыл еліміз үшін үлкен жаңалықтар мен жақсылыққа толы болды.Бірнеше ел қатысқан саммит, қысқы олимпиада ойындары, президент сайлауы өтті. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Халқымыздың татулығының арқасында жоғарыда айтылғандар үлкен дәрежеде өтті. Бүкіл әлемге тағы да бір тәуелсіздігін алған, жақсы дамып келе жатқан ел екенін көрсетті.
Шығармашылық тапсырма
1)Бейнефильмнен,өздерің елестеткен Қазақстанның есте қаларлық жерлерін немесе табиғатының суретін салып, бояймыз.
(суреттерін салып іледі)
2)Отан, туған жер туралы мақалдарды айтады.
Отан отбасынан басталады.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін өзі қорлайды да,сорлайды. т.с.с.
Дәйексөз
Отан оттан да ыстық.
Халық мақалы.
— Балалар, әр адамның туған жері, өз Отаны өзіне жақын әрі ыстық көрінеді. Халқымыз «Отан оттан да ыстық » деп бекер айтпаған. Біз де өз Отанымызды сүйеміз.Отанымызды озат оқуымызбен, үлгілі тәртібімізбен, жақсы істерімізбен әрдайым қуантамыз. Еліміздің бейбітшілікте, тыныштықта, бірлікте өмір сүруін қалаймыз.
Қорытындылау
-Бүгінгі сабақта не туралы айттық?
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Астана қаласы неліктен ерекше?
-Әр адамның өз Отанына деген махаббаты шексіз. Отан ол анаң, туған жерің,бауырың. Сен де Отаныңның бір бөлігісің. Отан әрқайсымызға ыстық.. Ол бізге бейбіт, бақытты өмір сыйлайды.
Тақтада – Қазақстан Республикасының картасы. Алдарыңда гүл, жүрекше, күн, көгершіндер жатыр. Соларға өз Отандарыңа деген тілектеріңді жазып, карта бетіне оқып, безендіреміз.
(оқушылар оқып іледі)
Жүректен – жүрекке
(балалар шеңберге тұрады )
-Белгілі қазақтың ақыны Мұқағали Мақатаевтың
Білесің бе,
Отаның сен не екенін
Екі Отан жоқ,
Жалғыз Отан мекенің – дегендей қайталайық.
-Мен жалғыз емеспін, өйткені Отаным – менің жүрегімде.
(жеке айтып болғаннан кейін хормен айтады)
-Біз жалғыз емеспіз, өйткені Отанымыз – біздің жүрегімізде.
« Ризашылық » әні.