Без рубрики

:Денсаулық құпиялары

Ақтобе қаласы
№30 орта мектебі

Шаманбаева Айгул Мақсотқызы
Пәні: Өзін-өзі тану

 

Сабақтың тақырыбы :Денсаулық құпиялары.
Мақсаты:
« Денсаулық » ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Міндеттері: — денсаулықты сақтау, нығайту қажеттігі туралы түсініктерін кеңейту;
— денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру;
-денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интер тақта, қағаз, бояулар,кеспе қағаздар.

Шаттық шеңбері

( ортаға тұрып, жиналады)

-Бүгінгі шаттық шеңберінде кездескеніме қуаныштымын.Ендеше

Қуан шаттан,

Қуан шаттан,

Қуанатын келді күн.

Қуан шаттан,

Қуан шаттан,

Сырласатын туды күн!

-Балалар, бүгінгі сабағымыз – ерекше сабақ болмақ, өлеңдегідей сырласу сабағы десек те болады.Сабақтың тақырыбы — « Денсаулық құпиялары »

    • Денсаулық дегеніміз не?( дене саулығы,амандығы)

    • Ал дені сау адам қандай адам?(ауырмайды,күшті,мықты,ештеңе мазаламайды,қуатты,сау,шаршамайды,ренжімейді,шат,өмірге ырза т.б.)

    • Ендеше денсаулық құпияларын білу үшін саяхатқа шығамыз.

Саяхатқа шығып біз,

Жаңа білім алайық.

    • Ал, балалар, қайда тоқтадық?( орманға)

Орманға неге келдік?Одан денсаулыққа ерекше керек не алуымыз мүмкін?Қалай ойлайсыңдар?…

    • Ендеше, денсаулық сақтаудың бірінші құпиясы – « таза ауа »

    • Ауа не үшін керек? ( тыныс алу үшін)

    • Ал бізге қандай ауа керек? (таза)

    • Таза ауа дегеніміз не?Ол көп болу үшін адам не істеуі керек?( балалардың жауабын тыңдау)

    • Дұрыс. Жасыл желек адамның тыныс алуына қажетті оттегін береді.Табиғат таза болса, ауа да таза болады.Сондықтан табиғатта көп жүру керек, сүю керек.Табиғатты сүю жанға тазалық береді.Жақсылап тыныстап, ары қарай жүреміз.

    • Ал, енді балалар,құлақтарыңа қандай дыбыс жетті?

    • Судың адам өмірінде маңызы қандай?

Су – біздің тәнімізге азық, тазалық, жанымызға тыныс, сұлулық береді.Су болмаса өсімдік өспейді, ал өсімдік өспесе, таза ауа болмайды.Таза судың болмауы біздің денсаулығымызға зиянын келтіреді.Табиғи суға шомылсаң, денең шынығады.

Ендеше денсаулықтың тағы бір құпиясы –« табиғи су »

Өзіммен – өзім

Балалар көздеріңді жұмып, су жағасында отырмыз деп ойлаңдар.Міне, сылдырай ағып жатқан таза су әуенімен су кереметіне малынып отырмыз.

Бәріміз де су айдынында қалықтап жүзіп барамыз.Бір – бірімізге су шашып, суға малтып, қойнымызға сыймай барады.Біздің осы қуанғанымыздан жан-жағымыздағы құстар да, гүлдер де көңілденіп кеткендей.Тап-таза салқын су шаршағанымызды басып,денемізді лезде сергітті, бойымызға ерекше күй, күш-қуат берді.Судың біз үшін қаншалықты пайдалы екенін түсінгендейміз.Осы жақсы ойымызбен бұрынғы қалпымызға келейік.Көздеріңді ашсаңдар да болады.

    • Су – табиғат байлығы,

Өзен- көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні,

Суға түсіп алғайсың.

-Не үшін суға түсеміз? ( тазалық үшін)

    • Таза жүру, тазалық не үшін қажет?

Ендеше денсаулықтың тағы бір құпиясы — « тазалық »

Тазалық – тек денені таза ұстау ғана емес, жеміс-жидекті жуып жеу, киімді жуып кию, киімді таза ұстау,айналаңды таза ұстау, кірді кетіру, шаңды сүрту.

    • Тағы қандай денсаулықтың құпиясы бар?

Ендеше ол –« спорт » Өйткені ол денені шынықтырады, сергітеді, тәніңе сымбаттылық, жаныңа күш -қуат береді,аурудың алдын алады.Сендер қандай спорт үйірмесіне барасыңдар?

-Спортпен айналысқанда біз күш жұмсаймыз.Сол күшімізді қайта қалпына келтіру үшін бізге не керек?

    • Ал қалай тамақтану керек?

    • Дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану керек. « Ас — адамның арқауы деп бекер айтылмаған, бойға сіңуі, тарқауы үшін

ереже сақтау керек. Уақытымен ішіп, ағзаға пайдалы тамақ жеп, зиянды тамаққа әуес болмау керек.

Шығармашылық жұмыс:

І топ ІІтоп

денсаулық үшін денсаулық үшін

пайдалы тағам зиянды тағам

суретін салу. суретін салу.

— Ендеше, денсаулықтың тағы бір маңызды құпиясы – дұрыс тамақтану.

Балалар, дұрыс тамақтанбаудың өзі денсаулыққа зиянды әрекет. Ал адам зиянды әрекетті өз қолымен жасайды. Сондықтан пайдалы әрекеттер жасап,

зиянды әрекеттер жасаудан бойымызды аулақ ұстауымыз керек.

Ойын – жаттығу: « Пайдалы – зиянды »

Қазір бірнеше жағдаят айтамын, денсаулыққа пайдалы болса, шапалақтаймыз, зиянды болса,аяғымыздыжерге ұрып, бойға алмайтындығымызды көрсетеміз.

— Бала жаттығулар жасаса;

— Бала ағашқа өрмелесе;

— Бала ауыр заттарды көтерсе;

— Бала басқа баланы итеріп жіберсе;

— Бала сіріңкемен ойнаса;

— Бала терезені сындыратын болса;

— Бала қолын жуса;

— Бала күнге қыздырынса;

— Бала мұз балмұздақты көп жесе;

— Бала балаларға қарай жөтелсе;

— Бала тамақ үстінде күлсе;

— Бала табиғи суға шомылса;

— Рахмет. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы- зиянды әрекеттерді

жасамау, пайдалы әрекеттер жасау.

Дәйексөз

— Балалар, сабағымыздың дәйек сөзі « Жаны саудың – тәні сау. » Осыны

қалай түсінесіңдер?

— Дұрыс. Адамның ішкі ойы таза болса, дені сау болады. Барлық уақытта жақсы ойласаң, жақсылық тілесең, өзінді әрқашан жақсы сезінесің. Сондықтан адам тәнінің, денесінің амандығы үшін емес, жанының сау болуы үшін де әрекет жасауы керек.

Ендеше келесі құпия — « жан сұлулығы » деп аталады.

Шығармашылық тапсырма:

1)Өздеріңді табиғаттағы неге теңейсіндер, ұқсатасындар суретін салып, бояймыз.

2)Жариялап, суретін көрсетіп таныстырады.

— Балалар, жаны сұлу адамды жақсылық кені дейді, ол жақсы іс, әрекет жасап, жақсы сөз сөйлейді.Денсаулықтың келесі құпиясы – жақсы сөз.

— Жақсы сөз естіген адамның көңілі қандай болады?

Ендеше келесі құпия – көтеріңкі көңіл күй.

— Көңілің көтеріңкі болса, қалай жүресің?

Қорытынды:

Ендеше, балалар бүгін не туралы білдік?

— Денсаулық құпиялары не екен?

Осылардың бәрін орындасаң, жанымызда, тәнімізді де сау болады.Егер жаның мен тәнің сау болса,адам бақытты болады. Мен сендерге ризамын.

Жүректен – жүрекке

Апайларға, кластастарыңа жақсы тілектерді сыйға тартайық.

-Деніңіз сау болсын!

-Күн сізбен бірге болсын!

-Жаныңыз сұлу болсын!

-Таза су сізге күш қуат берсін!

-Спорт досыңыз болсын! т.с.с.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.