Ақтобе қаласы
№30 орта мектебі
Шаманбаева Айгул Мақсотқызы
Пәні:Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Буын.Не деу керек?
Сабақтын мақсаты:Оқушыларға буын туралы түсінік беру;буын түрлеріне ажыратуға,сөздерді буынға бөлуге үйрету; Оқушыларды күнделікті өмірде сыпайы, жылы сөздер айтып қолдануға тәрбиелеу; Оқушылардың есте сақтауын, тіл байлығын арттыру;
Көрнекілігі: сызба-плакат, мақал-мәтелдер,ойынға қажетті құралдар, өлең шумақтары.
Сабақтын барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Кім үлкенді тындаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
«Көрші атам» жатқа сұрау.
— Тағы сәлемдесуге байланысты қандай сөздер бар?
(Сәлем, қалайсың, сәлем бердік, сәлеметсіз бе.)
ы ү
о ә (жұп дауыстыларды сәйкестендірейік)
а ө
ұ і
III.Жаңа сабақ.
— Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Буын.
(Күннін жадын жазамын, тақтаға плакат ілемін.)
Мына сөздерді буынға бөлейік…………………………………..
( Берілген сөзді буынға бөлеміз. От,…)
-
-
Әр буында қанша дауысты дыбыс бар?
-
Буын қандай дыбысқа байланысты бөлініп тұр? Дұрыс. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Және де буын үшке бөлінеді.
-
Ашық Тұйық Бітеу
Буын түрлерімен келесі сабақта толығырақ танысамыз.
сөз
дыбыс
буын
сөйлем
сөз
с, у, ы, қ Су – ық суық Бүгін күн суық .
Ендеше жаттығулар орындайық.
58 – жаттығу. Сөздерді буынға бөлеміз.
А-па, ә-же, а- та, кө- ке, ше-ше, на-ға -шы, жи — ен.
-Бұл нені білдіретін сөздер?
— Әр буында қанша дауысты дыбыс бар?
— Буын қандай дыбысқа байланысты бқлініп тұр?
Суретпен жұмыс.
Кішіпейілдік – кісілік белгісі.
Суретке қарап әңгіме құрастырайық.
( балалардың әңгіме құрастыруы)
Ендеше кейбір суреттердегі зат атауларын буынға бөлейік.
Бағдаршам, жол, жиекжол, машина, кейіпкерлер – ата, бала.
Тағы кішіпейілділікке байланысты қандай мақал білесіндер?
Үлкенге құрмет – балаға міндет.
Ойын «Сұрақ – жауап». «Ия – жоқ»деп жауап қайтарады.
1. Сөз дыбыстардан құралады? (ия)
2. Әріпті айтамыз, естиміз?( жоқ)
3. О – жуан дауысты дыбыс?(ия)
4. Р – жіңішке дауысты дыбыс?(жоқ)
5. Орманда жоғары,
Ағашта қонады,
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ-тоқ, тоқ соғады. Бұл жұмбақ? (ия)
6. Алыстан ұлыған қасқырдың даусы естілді. Иттер отарды айналып мазасызданып үреді. Бұл мәтіннің тақырыбы: Саққұлақ (жоқ)
7. З – ұяң дуыссыз дыбыс?(ия)
8. Жылқы боздайды?(жоқ)
9. Қазақ алфавитінде 41 әріп бар?(жоқ)
10. Сөздегі дауысты дыбыс жіңішке болса,ол сөз жуан айтылады?(жоқ)
11. Анаңның туыстары саған нағашы болады?(ия)
12. Сөйлемдегі сөздер бір- бірінен бөлек жазылады?(ия)
— Рахмет. Ә.Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңін оқимыз.
Әр суретке байланысты оқып тақтаға іліп, сыпайы сөзін айту.
1. Рахмет.
2. Кешіріңіз
3. Рұқсат па?
4. Кешіріңіз,жарайды.
Оқушылардың оқуы.
Өлеңдегі мына сөздерді қандай сөздер дейміз? (сыпайы сөздер)
-Тағы қандай сыпайы сөздер бар? (ризамын, мархаба, өтінемін т.б.)
Сыпайы сөзді көп қолданатын, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болатын баланы қандай бала дейміз? (әдепті бала)
Мақалдарды оқу, мағынасын ашу.
Жатқа жазу.
Сіз деген – әдеп,
Біз деген – көмек. (50 сек.)
IV. Қорыту.
— Сонымен не туралы айттық?
— Ережені еске түсірейік?
— Буынның неше түрі бар?
— Буын қай дыбысқа байланысты бөлінеді?
Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» деген тамаша өлеңі бар.Онда адам бойындағы жақсы қасиеттерді –« асылға », ал жаман қасиеттерді- « дұшпанға » теңеген.
Сыйлаймын.
Ата мен ананың, Төсекті өзім жинаймын.
Айтқан тілін аламын. Ешкімді ұрмаймын.
Үлкен кісі жұмсаса, Ешкім маған тимейді .
Қайда болса барамын, Мен де бәрін сыйлаймын,-
дегендей сендер де – әдепті , сыпайы сөздерді айтатын қайырымды баласыңдар деп ойлаймын.
V. Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
59 — жаттығу (көшіреміз, неше дауысты дыбыс, буын барын үстіне жазамыз.)
Мақалдарды жаттау.