Ақтобе қаласы
№30 орта мектебі
Шаманбаева Айгул Мақсотқызы
Пәні:Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: КІМНІҢ МЕКЕНІ ЖАҚСЫ? С.ЖҮНІСОВ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мекен, қоныс туралы түсінік беру; әр адамға әркімнің өз мекені, жері жайлы қоныс екенін ұғындыру; оларға туған жерін құрметтеп, оны қадірлеуге тәрбиелеу; тіл байлығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, мақал — мәтелдер, СТО, 5 жолды өлең, ән.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Талаптанып,
Қанаттанып,
Өмір сырын ұғамыз.
Білім алып,
Тұлғаланып,
Азамат боп шығамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
— « Кімнің мекені жақсы? » 4 — 5 оқушыдан сұрау;
— Сонымен бірге үйге « Менің туған жерім » әңгіме-эссе жазуға берілді. Оқиық. (4 — 5 балаға оқытамын. )
— Дұрыс-ақ.. Туған жер-әрбір адамның жарық дүниеге келген киелі мекені, ең алғаш жұтқан ауасы, аяғының ізі түскен жері, аялап өсірген алтын бесігі. Адам тағдыры (өмірі) туған жермен байланысты. Сондықтан әрбір адам өзі туып өскен мекенін құрметтеп, оған қамқоршы бола білуі керек. Өз туған жерінің әр тасын, әр құсын қызғыштай қорып, оған деген сезімін өз қамқорлығы арқылы көрсетіп отырған адамды ғана туған жерін құрметтейтін адам деуге болады.
ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс.
Осы мәтінді әрі қарай жалғастырамыз. 76-беттегі жаңылтпашты оқиық. (уақыт беріп, жаттағаннан кейін 3-4 баладан сұрау. )
Шалшық, балшық,
Балшық, шалшық,
Балшықтан ал шық.
— Шалшық дегеніміз — жиналып қалған су.
— Балшық – жаңбыр суы мен топырақтың араласқан қоймалжыңы.
— Ал шық – аяққа жабысқан балшықтан арылу, шық дегені.
— Осы жаңылтпаш оқыған мәтіннің қай кейіпкеріне қатысты?
— Көкқұтан жайлы не білесіңдер? (балалардың жауабы)
— Жақсы. Әрі қарай біздің үш кейіпкеріміз жүре берді. Содан кейін не болды екен? Тыңдайық (мұғалімнің суретті бейнемен баяндауы )
— Қазір енді мәтінді бір-бір сөйлемнен оқиық. Түсініксіз сөздерді белгілейміз, артынан мағынасын түсіндіремін. (әр оқушыға бір–бір сөйлемнен оқытамын. )
Сөздікпен жұмыс:
— көз жеткісіз – шексіз созылып жатыр.
— таңдайы кепті – шөлдеді.
— көде – далалы жерде өсетін шөп.
— үйіріліп – аспанды жапты.
— жердің миы шығып – балшық.болды.
— деп қамықты — уайымдады.
— жарықшақ – жердің тілінген жерлері.
— Біздің кейіпкерлеріміз нелермен кездесті? (бозторғай, жауынқұрт)
— Бозторғайдың мекені қандай екен? (жазық дала, аптап тұрған ыстық )
— Ал жауынқұрттың ше? (жауыннан кейінгі батпақ жер)
— Ал сенлерге осы айтылған мекендер ұнады ма? Неге? ( балалардың жауабы. )
— Ендеше бүгінгі екі кейіпкердің бірі-бозторғайға арнап 5 жолды өлең құрайық.
Бозторғай
Ұсақ, қоңыр
Ұшады, қонады, қоректенеді
Даланың сәні – бозторғай
Құс.
( 6-7 оқушыны тыңдау. )
— Ребус шешу.
— Қазақстан – біздің …………………………………..(Отанымыз, туған жеріміз, атамекеніміз, туған өлкеміз. )
Ол – кең байтақ, табиғаты әсем де көркем, пайдалы қазбаға бай, көп ұлт өкілдері тұратын мемлекет. Қазақстанның қай жерінде тұрсақ та, біз сол жердің толыққанды мүшесіміз.
Бақытты, бейбіт елде туып, өмір сүріп жатырмыз. Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне – 20жыл. Біздің қосатын үлесіміз – сабақтан қалмай, сапалы да саналы білім алу.
— Ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз? (оқушыларды тыңдау; 1 – 2 мақалдың мағынасын ашу. )
— Мақалдардың бәрі не туралы айтылған? ( Қазақстан картасын ілемін )
— Олай болса, Қазақстанға, туған жерімізге арнап тілек жазайық. (жазғандарын оқып, картаға іледі )
— Мінекей, балалар, мынау – сендердің кішкентай жүректеріңнен шыққан тілектер. Осы жазған тілектерің орындалсын. Ол үшін біз жақсы білім алып,оқуымыз керек. Бүгінгі сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтайық.
Атамекен.
Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын көп күлем
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі үясына,
Қимай оны батады екен.
ІV. Бағалау
— Бүгінгі сабаққа біріміз де өте жақсы қатыстық.. Бірақ кейбір балаларды былай бағаламақпын…………………………
-
Үйге тапсырма: 76 – 77 бет ( мазмұндау) 5жол өлең жауынқұртқа құрау.