Без рубрики

«Өзін — өзі тану» пәнін оқыту арқылы тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру

Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Бекбауыл стансасы қаласы/ауылы
№65 орта  мектебі/мекемесі
Өзін — өзі тану пәнінің мұғалімі
Тунаева Нургуль Кикбаевна

Баяндама  тақырыбы: «Өзін — өзі   тану»  пәнін  оқыту арқылы  тұлғаның  дүниетанымын қалыптастыру.
    Бүгінгі  заман  жаңа  технологиялар  дәуірі,  жаңа  үрдіс,  жаңа  түсінік  пен  мінез – құлықтың  заманы.  Заманына  сай  мұғалім  де,  жаңашыл,  жан – жақты,  ұшқыр  ойлы  оқушымен  жұмыс  жасауға  ерік – жігері,  қабілеті  бар  болуы  қажет.  Әрбір  мұғалім  оқушының  ішкі  жан дүниесін  жазбай  танитын  сарапшы,  олардың  мүмкіндіктерін  байқайтын  психолог,  жақсы  іс — әрекетке  бағыттайтын  әдіскер  болып  табылады.  Менің  өзін — өзі  тану  мамандығын  қалауымның  басты  себебі – оқушы  бойына  ізгілік  пен  адамгершілік  шуағын  шашу,  балалар  өмірді   танып  үйренумен  қатар,  олардың  ойларын  тыңдай  келе,  олардың  адами  ақиқатты  ұғына  алатындығына   көзім  жетті. 

Ең  бастысы  олардың  тіпті  ең  кішкентайларының   өзі  де  сөзіне  және  істеріне  жауаптылық  сезімдеріне  ие.  Бұған  куә  өзім  өтткізген  «Отанымды  сүйемін»,  «Қазақстан – ынтымақ  ордасы»,  «Сенім – менің  серігім»  т.б.  атты  сабақтарым  барысында  оқушылардың  ойлау  қабілеттерімен   дүниетанымдылық  қызығушылықтары  басым  екенін  байқадым.   Сабақ  барысында  «Я, жоқ»   өз  түсінігінді  дәлелде,  ойының  қолдану  барысында,  балалар  өз  ойларын  өмірмен  байланыстырып,  дәлелдеуге  талпынып  жатады.  
    Яғни  бұл  оқушыларымыздың  тереңнен  ойлау  мүмкіндіктері  зор  деген  сөз.  Балалардың   өмірден  өз  орнын  табу  үшін,  өз  бойындағы  табиғи  дарыны  мен  қабілетін  ашыла  түсуіне  көмектеседі.   Себебі  білім  берудің  шынайы  мақсаты – адамға  белгілі  бір  білімді   жеткізу  ғана  емес,  сондай – ақ   оның  дүниетанымдылық   тұрғыдағы  мәнін  дамыту  болып  табылады.   
    Оқыту  үрдісі  әдетте  сабақ  арқылы  жүзеге  асады,  мұнда  мұғалім  мен  оқушы  бірлесе  отырып,  бірқатар  оқу іс — әрекеттерін  бастан  өткізеді.  Сол  себепті  де  мұғалім  үшін  жаңа  білімді  нақты  әрі  ұтымды  етіп  қалай  жеткізе  алуы,  оқу  сапасын   қалай  тексеріп  бақылауға  алуға  тиістілігі  айқын  болғаны  жөн.  Қазіргі  дидактика  оқушыны  басты  нысана  ретінде  қарастырады.  Сол  себепті  баланың  дүниетанымына   әсер  ету  барысында  сабақтың  әдісін  түрлендіріп  отыруы  қажет.  «Білегіңе  емес  біліміңе  сен,  білім  таусылмайтын  кен»  демекші  білімді  адамның  ойлауы  мен  дүниетанымдық  көзқарасы  да  кең  болады.
     Сабақ  барысында  тапсырма  сипаты  бойынша  қайжылы  болды?  Қалай  болды?    Немесе,  берілген  материалды  өз  сөзіммен  басқаша  жеткіз.  Сөйлемді  аяқтаңыз,  қорытынды  жасаңыз.  Өз  шешіміңізді  көрсетіңіз,  оқыған  мәтінің  құндылығын  бағалаңыз,  қаншалықты  дұрыс?  Жетістіктерін  атаңыз?  деген  сияқты  сұрақтан – сұрақ  туындатып,  берілген  материалды  жан – жақты  талдау  жасасақ,  баланың  бойындағы  ізденушілік  қасиеті  басым,  дүниетанымы  кен  оқушы.  Бұл сауалдарға  мүдірмей  жауап  беруі  қақ.  Адам  негізінен  әдемілікке,  әсемдікке  жаны  құмар,  сол  себепті  шығармашылық  тапсырмалардың  өзі  де  баланың  шабытын  шыңдай  түседі.  өлең  шығару,  сурет  құрастыру,  сөзжұмбақ  құрау  бәрі  баланың  қызығушылығын  арттыруы  сөзсіз.
Сыныбы:  11.
Тақырыбы:  «Қазақстан – ынтымақ  ордасы»
Мақсаты   міндеттерімен  таныстыра  келе,  ұйымдастыру  барысын  шаттық  шеңбермен  бастаймыз.
І.  Шаттық  шеңбері:
Қазақстан  алтын,   ордам   еңселі,
Бірлігінің,  теңдігінің  өлшемі.
Елдігімнің  көк  байрағын  көтеріп,
Мәңгібақи сүйіп  өтем,  мен  сені.
ІІ.  Әңгімелесу  айдары:
   Ал,  балалар,  әркім  өз  руларын  айтып  өтсе,  руластар  болып  топталып  көрейікші?  (оқушылар  өз  руларын  айтып,  рулас  болып  бөліне  бастағанда)
Төле бидің сөзі басшылыққа алып.
Жүзге бөлінгендердің  жүзі  қара,
Руға бөлінгендердің  құруға  асыққаны.
Атаға  бөлінгендер  адыра  қалады.
    Деген  өсиетнамасын  оқытып,  осыған  қатысты  өз  ойымызды  толықтырып  айтайық  деген  сауал  қойылады.  Төле  би  бабамыз  не  айтпақшы  болған  екен?  Біздің  бөлінгеніміз  жарамас,  одан  да  «Ынтымақ  елде  бақ  тұрар»  дегендей,  бірлікпен  сабағымызды  бастайық.  

Сауал:
1. Ел  бірлігінде  қазақ  халқының  рөлі  туралы  не  айтасыз?
2. Ел  бірлігін  сақтауда  жастардың  міндеті  қандай  деп  ойлайсың?
3. Қазақ  елінен  пана  тапқан  қандай  ұлыстар  мен  ұлт  өкілдерін    білесіз?
  Деген  сауалдар  барысында   оқушылардың  жауаптары  тыңдалып,  оқушы  ойларын  толықтырып  отыруы  қажет.
ІІІ.  Мәтінмен  жұмыс  жасау:  «Ел берекесі  бірлікте» (оқып әңгімелеу).
Осы мәтінге   қатысты  оқушылардың  дүниетанымын арттыру  мақсатында  «Ой  жәрмеңкесін»  ұйымдастыруға  болады.
Мәтінді  оқығанда қандай  ой түйдіңіз?
Өзіңіз  ел  үшін,  халық  қамы  үшін  не  істей  алар  едіңіз?
Әлемнің  түпкір – түпкірінде  тұратын  адамдардың  бір – бірін  түсінуіне  жәрдемдесетін  не?  деген  сауалдарға,  жан – жақты  жауаптар  алынып,  балаларға  шығармашылық  тапсырма  ретінде  өлеңмен.                  эссе немесе шығарма.                  бейнелеу өнері арқылы.

ІV.  Дәйексөз:  «Еліміздегі  тыныштық,  еліміздің  ұлы  табысы»
V.  Сергіту  сәті: Шапалақ  екі  рет  немесе  үш  рет  соғылса,  оқушылар  бір – бірімен  жұптасып  үлгіруі  қажет.  Артық  қалған  оқушы,  міндетті  түрде  қойылған  сауалға  жауап  беруі  тиіс.
VІ.  Дәптермен  жұмыс:  Жазба  жұмыстарын  оқыта  отырып,  өз  ойлары  мен  ісі  үйлесім  табудағы  оқушылардың  дүниетанымдылық  қасиеттерін  ескеру.   Болашаққа  деген  дүниетанымдық  жақсы  көзқарастарын  қалыптастыру   барысында  «Жасампаздық  жемісі»    атты  «Астана  келбеті»  атты  бейне  материалдар  көрсетіліп,  оқушыларды  армандары  мен  мақсаттарына  қол  жеткізуге  деген  құштарлықтарын  арттыру  үшін  сабақты  жақсы  көңілмен  аяқтай  отырып,  
Жүркетен  – жүрекке   бөлімін:  «Бізден  тілек»  деп  оқушылардың  тілектерін  тыңдау  және  тілегін  тілектерінің  орындалуына  сенім  білдіру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.