Без рубрики

Интеллектуалды олимпиада

Павлодар облысы, Май ауданы, Кентүбек ауылы
Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп

І санатты қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Базылбаева Эльмира Егинбаевна

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша алған білімдерін жинақтау, қорыту, білімдерін тексеру; түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін ояту; ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Қатысқан сыныптар: 10-11- сыныптар

Сұрақтар

Жауаптары

1

Лексика-

тіл дыбыстарын зерттейтін сала ма?

Жоқ.

Сөз мағынасын зерттейтін сала.

2

Заттың сапасын, түрін, көлемін, білдіретін сөз табы сын есім бе?

Иә

3

Мағыналары өзара мәндес сөздер синоним деп атала ма?

 

Иә

4

Кімге, неге сұрақтары тура толықтауыш сұрақтарына жауап бере ме?

 

Жоқ. Жанама толықтауыштікі

5

“Қамар сұлу” романы Ілияс Жансүгіровтің шығармасы ма?

 

Жоқ.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтікі

 

6

“Белбеу” сөзі екі сөзді бірігуі алқылы жасалған ба?

 

Иә.

Белді буу

 

7

“Қой аузынан шөп алмас” тұрақты сөз тіркесі жылдам, лезде, тез деген мағынаны білдіре ме?

 

Жоқ.

Жуас, момын деген бағынаны білдіреді.

8

“Барымта”- ауылдың үлкендері жол жүріп кеткенде, үйде қалған әйелдері, қыз- қырқындары бас қосып, ойын- сауық жасайтын салт ырым ба?

 

Жоқ.

Барымта- жауласқан екі рудың бірінің -бірі мал- мүлкін іштен тартып алып, кек қайтару

 

9

Өтініш, сенімхат, қолхат ресми

іс- қағаздар стиліне жата ма?

 

Иә

10

Қазақстан Республикасының мерейлі күндердің бірі ғарышкерлер күні 12сәуірде ме?

 

Иә

11

Жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп жандылардың істейтін амалдарды метафора деп атаймыз ба?

 

Жоқ.

Кейіптеу.

 

12

“Маң маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басқан, әрі жүнді, әрі сүтті, әрі күшті … бер” деп Зеңгібабадан сұрайды ма?

 

Жоқ.

Ойсылқарадан

 

 

1 сұрақ. Сөйлем құрамында айтылса да, сөйлемдегі сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін сөздер қалай аталады.

1- Көмек. Сөйлем мүшесі қызметін атқармайды

2-Көмек. Оның үш түрі бар

Жауабы: Оқшау сөздер.

2- Сұрақ. Сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысқан түрді қалай атаймыз.

1-Көмек. Етістікпен тіркеседі

2-Көмек. Еліктеу сөз бен үстеу сөздерімен байланысады

Жауабы: Жанасу

3- Сұрақ. Бұл сөз әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, жаңа сөз жасауға негіз болатын ең кіші және мағыналы сөз бөлшегі.

1-Көмек. Қар, бидай, қала, балық сөздері жатады

2-Көмек. Туынды сөзге қарама- қарсы

Жауабы: Түбір сөз.

4- М.Әуезовтің нақыл сөзін табыңдар?

1-көмек &ұ+ д#уірд^, өз ті+ін, #д^&и^тін &і+м^г^н, қ%дір+^м^г^н %д%м то+ық м#нді инт^++иг^нт ^м^с.

2ө көмек &ұ+ д#уірде, өз ті+ін, #де&иетін &і+меген, қ%дір+емеген %д%м то+ық м#нді инте++игент емес.

Жауабы: Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес.

 

Үндестік заңы

1- Сұрақ Түбір мен қосымшаның жігіндегі және сөз аралығындағы көрші дыбыстардың бір біріне ықпал етіп, ыңғайласып, үйлесіп қолданылуын дыбыстардың үндестік заңы деп атайды. Оның түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.

Сұрақ. Буын үндестігін тағы қалай атауға болады.

Жауабы: Сингорманизм

 

2. “Романның бірінші кітабында балғын жас шәкірт … жарысып ауылға қайтсақ, ақырғы кітабында алпысты алқымдатып қайтыс болған ел ағасы ақын … жаназасына қатысамыз. Сонда елу жылдай өмірдің айғағы боламыз. Жарты ғасыр өмір!” М.Қаратаев

Сұрақ. Қандай роман жайында айтылып тұр?

Жауабы: М.Әуезовтің “Абай жолы” эпопея романы

 

 

3. Бұл етістік, етістік түбіріне қосылу арқылы жасалады да, есімдерше тәуелденеді, септеледі, тікелей жіктелмейді, сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады.

Сұрақ. Бұл қандай етістік?

Жауабы: Тұйық етістік

4. Әр түрлі аңдар, жан- жануарлар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, әсіресе патша отаршыларының зорлық -зомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап тұспалдап жеткізеді.

Сұрақ. Не арқылы жеткізеді?

Жауабы: Мысал өлеңдер Аллегория арқылы

 

1- Сұрақ Қазақ тілінің анаграммасын тап, артық сөзді жаз

ЛҰҚБА

НУАЫЖ

ДЫУЛА

ЕСҢЖІ

ЫЛҚТОН

Жауабы: Қазақ тілінің анаграммасын тап, артық сөзді жаз

БҰЛАҚ

ЖАУЫН

ДАУЫЛ

ЖЕҢІС

ТОЛҚЫН

2-Сұрақ Өте ертеден келе жатқан салт- дәстүр жырларының бір түрі. Бұл жыр ұзатылған қыздың ағайын- туыс, ел -жұрт, әке- шешесімен қоштасып айтылатын жыры.

Жауабы: СЫҢСУ

3-Сұрақ Орыс тілінің анаграммасын тап, артық сөзді жаз

ГНАКИ

ВЕНДИКН

НАМИША

КУАРЧ

ЕПАНЛ

Жауабы:

КНИГА

ДНЕВНИК

МАШИНА

РУЧКА

ПЕНАЛ

4-Сұрақ. Бұл көркем әңгіме емес, ғақиялық даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстар кең орын алған сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған.

Жауабы: А.Құнанбаевтың қара сөздері

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар бағалап отырады. Ұпайы көп топ жеңіске жетеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.