Жарық дисперсиясы

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті
№10 кәсіптік лицейдің физика пәні мұғалімі
Жұмабаева Марина Әбдірқызы

Сабақтың презентациясын жүктеп алу:  Жарық дисперсиясы (PDF)
Сабақ тақырыбы:
  Жарық дисперсиясы
Білімділік мақсаты:  Дисперсия құбылысын тұжырымдап, табиғаттағы дисперсия   құбылысын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты:   Оқушылардың қызығушылық және ойлау қабілетін  дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:  Үйрене отырып, көргенді есте сақтауды, өз бетімен еңбектене алатындай ерік –жігер ,өзіне сенімділікті қалыптастыру.
Сабақтың түрі:   Аралас  сабақ
Сабақтың әдісі:  Баяндау, сұрақ-жауап, тесттік, ассосация, түсіндірмелі-иллюстративтік, топпен жұмыс
Көрнекілік:
        Үлестірме қағаздар, интерактивті тақта,  тұтандырғыш, шыны призма, мата, тарақ,  диск, құс қауырсыны.
Пәнаралық байланыс:   Математика, химия, информатика, география, арнаулы пән.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. (Кезекші рапорт береді, жоқ оқушыларды белгілеу, бағалау парағын тарату)   (1 мин )

 

Психологиялық тренинг    (1 мин )

 

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақта біз дифракциялық тор тақырыбын өткен болатынбыз.

 

Тест

1.Сабын көпіршігінің боялу себебін түсіндіретін құбылыс

 

А.Дифракция

Б. Дисперсия

В.Интерференция

С. Поляризация

2.Толқын ұзындығы ең қыска сәуле

А.Инфрақызыл сәуле

Б. Рентген сәулесі

В. Көрінетін жарық

С. Радиотолқындар

 

 

 

 

 

3.Толқынның түзу сызық бойымен таралудан ауытқуын немесе толқындардың тосқауылды орағытып өтуі құбылысы

А. Дисперсия

Б. Дифракция

В. Электролиз

С. Поляризация

 

4. Екі көзден  таралған  толқындардың интерференциясын төменде келтірілген шарттардың қажет емесі:

1)Бірдей жиілік

2 ) Тербелістер фаза айырмасының тұрақтылығы

3) Бірдей амплитуда

 

А. Тек 1

Б.)Тек 3

В) 1 және 3

С) Тек 2

5. Дифракциялық тордың 1мм ұзындығында 100 штрих бар.

Дифракциялық тордың периоды қандай?

А) d = 100мм.

В) d = 10-5м.

С) d = 1м.

Д) d = 10-3м.

Е) d = 100 м.

 

Адасқан әріптер ойыны( 2мин)

  1. 1.     ЕЛМКАСЛВ
  2. 2.     ЦРЕГ
  3. 3.     ЛПАКН
  4. 4.     ЛНЕРФЕЬ
  5. ЬНТЮОН

 

В) Тәжірибе көрсету (5 мин)

 

1 топ (тарақ,тұтандырғыш)  Тапсырмасы:Тараққа жарық түсір. Тордың периодын анықта. Не байқадыңдар?

2 топ. Штрих пен шыны пластина. Штрих пен шыны пластинаға параллель сызықтар аралығы 5 мм болсын.  Бұдан не түсіндің?

Әр топтан бір оқушы тұрып, жұмыстарын түсіндіреді.

Мұғалім: сонымен біз тарақ, мата , кірпік физика тілімен айтқанда тамаша құралға мысал бола алады.  Ол дифракциялық тор.  (құс қауырсыны, пластинка көрсетіледі. Ауызша марапаттау. Топ белсенділігі жоғары, жылдамырақ жұмыс істеді, бірігіп жұмыс жасады. Интерактивті тақтаға дифракциялық тор деп жазылады.).

 

Семантикалық карта толтыру. (Интерактивті тақтада жазылып тұрады. Жауабымен, жауапсыз)       (1мин)

 

 

Семантикалық картаны толтыру

 

Физикалық шама Жарықтың толқын ұзындығы
Белгіленуі
Анықтама
Өрнектелетін теңдеу
Өлшем бірлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дұрыс жауаптары

 

Физикалық шама Жарықтың толқын ұзындығы
Белгіленуі
Анықтама Бірдей фазада тербелетін екі нүктенің ара қашық-ғы
Өрнектелетін теңдеу         =   dsina/k= dakL
Өлшем бірлігі Метр

 

Блиц-турнир  (әр командаға жылдамдатып 5 сұрақ оқылады.)    (2 мин )

1. Жарық жылдамдығын лабораториялық тәсілмен ашқан француз физигі.

2. Ағылшын физигі.

3. Табиғат туралы ғылым.

4. Дүние жүзіндегі ең биік телемұнара.

5. Жарық жылдамдығының сан мәні неге тең

6. Толқын ұзындығының өлшем бірлігі

7. Жарық дегеніміз не?

8. Жарық жылдамдығын астрономиялық  тәсілмен ашқан ғалым кім?

9. Табиғи жарық көзі не?

10.Толқын ұзындығын өлшейтін құрал?

 

 

 

 

 

Жұмбақтар шешу   

1. Алпыс кісі аяқ тасты, ерте тұрып таяқ тасты   (кірпік)

2.Күндіз қасыңнан қалмайды, Бірақ ешкім ұстай алмайды, қорқақ па сұрақ, қараңғыға бармайды (көлеңке)

3.Хабар алған алыстан, екі өріс табысқан  (электромагниттік толқын)

4. Жарқылдап соң жаңағы, суға бөкті бар алып, көкте түрлі жолақты, өрнек тұрды ғаламат (кемпірқосақ)

5. Бар жоғын білмейсің, онсыз өмір сүрмейсің (ауа)

6. Аспандағы алып топ, жарқырайды жарық боп (күн)

 

Сонымен,  дифракция дегеніміз– жарық толқындарының бөгетті орағытып өтуі,  ал дифракциялық тор  толқын ұзындығын өлшейтін құрал екендігін біле отырып, жарық өлшейтін бір қасиетін білдік.

 

Жаңа материалды түсіндіру   (20 мин)

 

Тақырыбы:    Жарық дисперсиясы.

Сабақ мақсаты:   Дисперсия құбылысын тұжырымдап, табиғаттағы

дисперсия құбылысын түсіндіру.Оқушылардың қызығушылық және ойлау

қабілетін дамыту.Үйрене отырып, көргенді есте сақтауды, өз бетімен

еңбектене алатындай ерік –жігер ,өзіне сенімділікті қалыптастыру.

 

Жоспары:

 

1. Ньютон эксперименті

2. Спектр дегеніміз не?

3. Дисперсияның мағынасы не?

4. Толықтауыш түстер

5. Алғашқы түстер

 

Мағынаны тану: 

Кемпірқосақтың пайда болуы.

Алмас түстерінің ойнауы

Шөп неге жасыл болып көрінеді?

Түстердің табиғатын  жарықтың қай қасиеті түсіндіреді?

Кандай түстерді білесіңдер?

Түс- ассосация құру

 

Осы сұрақтарға жауап алу үшін дисперсиясы құбылысына байланысты екеніне көз жеткіземіз.

 

Мына суреттегі адамның жүзі таныс па?

Қай елдің физигі?  Астанасы қандай?

Бұған дейін физиканың қандай заңдылығын ашқан?

 

 

 

Ньютон дисперсия құбылысына мынадай эксперимент жасады.

(Интерактивті тақтаға суретті шығару, оқушыларға қағаз тарату)

 

1666 шыны өңдеп жүрген болатынмын,мен түс жөніндегібелгілі құбылыстыарды тексеру үшін ұшбүрышты призманы тауып алдым. Осы мақсатта мен призманы өзімнің бөлмемді қараңғыладым да күн сәулесін өткізу үшін жақтауға өте кішкене саңылау жасадым. Осы саңылауға мен  призманы одан сынған сәуле қарсы қабырғаға  түсетін етіп орналастырдым. Осындай жолмен  алынған түрлі түсті және күшейтілген  түстерді қарау  маған өте үлкен қанағаттандыру сезімін тудырды”.  Жарық  көзінен шығып,  призма арқылы өткенде пайда болған әр түрлі түстерден  тұрақты жолақтарды Ньютон спектр (spektrum- көру)  деп аталады.

Бұл эксперимент ақ жарықтың күрделі түс екенін анықтады.

7 Түс.

 

 

Жеті саны туралы оқушылардан сұрау

 

Ньютон бұл түстерді спектр деп атады. ( лат dispersio-  шашырау дегенді білдіреді) Ньютон ашқан құбылыс  дисперсия деген атаққа ие болды.Сонымен дисперсия дегеніміз не?

Ньютон  қызыл,күлгін түсті жеке жеке бөліп алып,екінші призмадан өткізген кезде күлгін тіс күшті сынады, қызыл түс әлсіз сынады.

 

 

Дисперсия қүбылысының ашылуы кемпірқосақ құбылысын түсіндіреді, яғни жарық су тамшыларын немесе атмосферадағы мұз қабыршақтарында сынуының нәтижесінде пайда болады. (судың хим.форм. жазу,кемпірқосақтың суреті интерактивті тақтада көрсетіледі)

 

 

 

 

Дисперсия екіге бөлінеді.

 

                                          Дисперсия

 

 

                           Қалыпты дисперсия             Анамальды  дисперсия

 

n= C/V                                  n= C/     V

n- сыну көрсеткіші, C- жарық жылдамдығы,  (3*108м/с)V – жиілік (Гц)

– толқын ұзындығы (м).

Тәжірибе көрсету.

Лазерлі компакт-дискі мен білте шамы.

Толықтауыш  түстер:

Егер күн спектрінен жасыл , көгілдір, қызыл  түстерді алып қоссақ, ақ жарық аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жасыл, сары түстер.

 

Тәжірибе көрсету

Жасыл, көгілдір, қызылмен боялған дөңгелекті айналдырғышқа салып, ақ түс беретінін көрсету.

 

Жаңа материалды  қорытып,  бекіту.   (10-13 мин)

 

Жаңа материалды түсіндіріп , дисперсия құбылысына мысалдар келтіру арқылы оқушылардың алған  білімін бекітеміз. Мысалы:

Кемпірқосақтың пайда болуы. Жарық жаңбыр тамшыларына түсіп, шағылып аспанда жарық шоқтарының жіктелуінен кемпірқосақ  пайда болады.

Шөп пен жапырақтың түсі жазда жасыл боп, күзде сары боп көрінеді. Жазда жапырақ жасыл түстен басқасын шағылдырады, ал күзде сары түсті шағылдырады.

Қызыл арай  сары алтын шатырына

Күннің кешке кіргеннін көрлі көзім….. Абай айтқандай оқушыларға өзі таңдаған түстерді таратып, психологиялық тест жүргізу.

 

Қызыл-белсенділік пен өмірлік күш-қуаттың түсі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар алдынан кездескен қандай кедергіден де қорықпайды.

Сары-жылу мен жарықтың түсі. Сары түс белсенді, өте көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынған адамдар.

Жасыл – тыныштық пен тұрақтылықтың түсі. Жұмысқа беріле кірісіп, барлық күш жігерін жұмсайды. Айналасындағыларға құрметпен қарайды.

Көк түсті ұнататындар –адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайды. Олар зұлымдықты, сатқындықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.

Ақ – шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл және қызба келеді, тез еліктегіш, өзінің ықпалына жеңіл беріледі.

Қара  түс – ұстамдылықтың белгісі. Бұл түсті ұнататын адамдар сыр мінез келеді, сезімін сыртқа шығара бермейді. Олар көзге түскенді, көпшіліктің қалың назарында болғанда ұнатпайды.

 

Физикалық диктант   (интерактивті тақтада жазылады.)

Түсті жолақтың өзін Ньютон…………………… деп атады.

Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігін Ньютон ………………….. деп атады.

Қызыл жарықты қызыл түсті сәуле…………………  сынады, зат ішіндегі жылдамдығы …………………….   болады.

Латынның dispersio  деген сөзі , қазақша …………. деген  сөзді білдіреді.

Электромагниттік толқын өзімен бірге ……… тасымалдайды.

 

Физикалық диктант   (интерактивті тақтада жазылады.) 

1Түсті жолақтың өзін Ньютон   спектр   деп  атады.

2.  Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігін Ньютон   дисперсия  деп атады.

Қызыл жарықты қызыл түсті сәуле   аз  сынады, зат ішіндегі жылдамдығы   үлкен  болады.

Латынның dispersio  деген сөзі , қазақша  шашамын деген  сөзді білдіреді.

Электромагниттік толқын өзімен бірге   энергия тасымалдайды.

 

1 топқа сұрақ.                                                                                                          

    1. Неліктен далаға қарағанда бос бөлмеде дыбыс қатты шығады? (шағылу құбылысы)                                                                                                                              2. Жіпке ілдім мен өзім, кіп- кішкентай күн көзін (электр шамы)                                3. Толқын жиілігі 7,5*1014Гц болса, оның ауадағы толқын ұзындығы. (с=3*108 м/c)  Жауабы: 400 нм

4.  Ақ қағазға күн сәулесі түссе, салқын қалпында қалады, қара қағаз бетіне күн сәулесі түссе қызады. Неліктен?

5. Аяқсыз жүреді, отсыз жанады. (Электр жарығы).

2  топқа сұрақ.                                                                                                                1. Неге жазда ақ түсті киім, ал қыста қара түсті киім киеміз?                                             2. Қусаң қашады, қашсаң  қуады? (Көлеңке)

3. Жарық қандай түстерден тұрады?

4.  Кемені мұз құрсауына босатпы алу үшін оның айналасына қара көмір немесе күл  төгіп қояды. Неліктен?

5. Ұзындығы 30 метрге тең радиотолқынның ауада таралу жылдамдығы 3*108

м/с. Толқынның жиілігін тап. (жауабы 107 Гц)

6.  Бояуларым қашып кетті

Көк қағазды басып кетті.

Қатарларын тізіп алып,

Арттарында ізі қалады.     (кемпірқосақ)

 

Оқушыларды бағалау  (1 мин)

Бағалау парақтары бойынша  оқушыларды бағалау. (кезекші жинастырады.)

 

Үй тапсырмасы          (1 мин)

1. Б.Кронгарт, В.Кем,  Физика 11 сынып § 4,6  125 – бет

2. А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы» №1046,1047,1049 есептер шығару.

3. Өз ойын жазу.Тақырыбы:  «Жерде күннің жарығы болмаса»

 

 

Бағалау парағы                                                                                                                                                                       

Аты – жөні             ________________________________________

 Мамандығы:           _______________________________________

 Оқу тобы:                 ______________________________________

 

Үй тапсырмасы Жаңа сабақ Қорытынды балл Баға
Тест Адасқан әріптер ойыны Семантикалық карта Физикалық диктант
Балл  

 

«5»  18-20 балл

«4» 14-17 балл

«3» 10-13 балл

«2» 2-12 балл

 

 

Пән мұғалімі:      Жұмабаева Марина

 

 

 

 

Бағалау парағы

Аты – жөні             ________________________________________

 Мамандығы:           _______________________________________

 Оқу тобы:                 ______________________________________

 

Үй тапсырмасы Жаңа сабақ Қорытынды балл Баға
Тест Адасқан әріптер ойыны Семантикалық карта Физикалық диктант
Балл  

 

«5»  18-20 балл

«4» 14-17 балл

«3» 10-13 балл

«2» 2-12 балл

 

 

 

 

Пән мұғалімі:      Жұмабаева Марина

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше