Графикалық файлдарды ендіру

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
Тереңөзек кенті №10 кәсіптік лицейінің
информатика пәнінің мұғалімі
Мығымбаева Мақпал Мешітбекқызы

Сабақтың презентациясын жүктеп алу:  Графикалық файлдарды ендіру. Презентация
Пән аты
:  Информатика      Сабақтың тақырыбы:   Графикалық файлдарды ендіру
Сабақтың    мақсаты:  Білімділік: Оқушылардың білімдерін жетілдіріп,  пәнге деген қызығушылығын арттыру. PowerPoint бағдарламасын  қолдана білу . Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру. 
Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу.Қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтылыққа үйрету.Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық:

         Компьютердің басқа программаларын меңгерте   отырып,  логикалық ойлау қабілетін дамыту.Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

Сабақтың түрі:      Аралас   сабақ.

 Сабақтың әдісі:     Баяндау, сұрақ жауап, ой қозғау, жұппен жұмыс.

 Көрнекіліктер:  электрондық оқулықтардағы тесттер, слайдтар, кеспе қағаздар.

 Техникалық құралдар:   Компьютер және оның жабдықтары

Сабақтың барысы:

  1.       I.            Ұйымдастыру кезеңі.                                                   1  мин.
  2.    II.            Үй тапсырмасын сұрау                                                    8  мин.
  3. III.            Жаңа сабақты түсіндіру.                                         15 мин.
  4. IV.            Жаңа сабақты бекіту                                                      18  мин.
    1.          V.      Бағалау.                                                                               2 мин.
    2. VI.            Үй тапсырмасы.                                                                 1 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І  Ұйымдастыру кезеңі     1  мин.

 

v     Оқушылармен сәлемдесу;

v     Оқушыларды түгелдеп, журналға белгілеу;

v     Оқушылар назарын сабаққа аудару.

 

 

Құрметті оқушылар бүгінгі біздің сабағымыздыз күнделікті сабақтан өзгеше өтпек. Бүгін  біз саяхат жасаймыз,  яғни сабағымыз «Саяхат сабақ» болмақ. Бүгінгі біздің  сабағымыздың тақырыбы «Графикалық файлдарды  ендіру»   деп аталады.

Біздің сабағымыз төрт бекеттен тұрады:

  1. 1.            «Үй тапсырмасы »  бекеті
  2. 2.            «Жаңа сабақ»           бекеті
  3. 3.            «Тапсырмалар»      бекеті
  4. 4.            «Тестілеу»                бекеті

 

 

«Үй тапсырмасы »  бекеті     8

 

«Үй тапсырмасы »  бекетінен  өту үшің «Өз жартыңды тап» ойынын ойнаймыз.  Ол үшін мен сіздерге кеспе қағаздар таратып беремін. Ол кеспе қағаздың бірінде сұрақтар жасырыла, екіншісінде жауаптары берілген. Бір оқушы сұрағын оқыса екінші оқушы сол сұраққа сәйкес жауабын оқу керек. Ал олай болса оқушылар түсінікті болса біз әрі қарай жалғастырайық.

 

Сұрақ:  Презентация ұғымының ағылшынша мағынасы қалай деп аталады?

Жауап:  ‘Present’ ұсыну деген мағына береді.

 

Сұрақ:  Слайд дегеніміз не?

Жауап:  Көзге көрінетін күрделі обьект.

 

Сұрақ:  Power Point-ті іске қалай қосамыз?

Жауап:  Пуск – Программы – Microsoft Office- Microsoft Power Point

 

 Сұрақ:  Microsoft Power Point  терезе элементтерін ата

Жауап:  Тақырып жолы, меню жолы, құрал саймандар панелі,  жұмыс аймағы.

 

Сұрақ:  Меню жолы элементтерін ата?

Жауап:  Файл (Файл), Түзету (Правка), Көрініс (Вид), Кірістірме (Вставка),

Пішім (Формат), Сервис (Сервис), Слайдты көрсету (Показ слайдов), Терезе (Окно), Анықтама (Справка).

 

Сұрақ:  Дайын болған слайдты қалай сақтаймыз?

Жауап:  Файл Сохранить как командасын орындаймыз, сол кезде бізге Сохранение документа тезесі шығады құатты кай жерге сақтайтынымызды көрсетіп, оган атау береміз.

 

Сұрақ:             Берілген суретте меню жолы қайсы?

Жауап: 

«Жаңа сабақ»           бекеті    10

 

Ағымдағы слайдқа бейнесі бар файлды ендіру үшін  келесі әрекетерді орындау керек.

  1. Слайдтың жұмыс аумағына оң жақ батырмасын басыңыз.
  2. Фон пунктін таңдаңыз.
  1. Исключить фон образца пунктінде жалаушаны алып тастаңыз. Және оң жақтағы үшбұршты тышқанмен шертіңіз.
  2. Способы заливки командасын таңдаңыз.
  1. Способы заливки терезесінде  Рисунок жапсырмасын таңдаңыз.
  2. Способы заливки терезесінің  төменгі бөлігінде  Рисунок пунктін таңдаңыз.
  1. Выбор рисунка терезесінде сендерге сурет  файлына жолды көрсету керек.

«Тапсырмалар»      бекеті      7

Бұл бекетте оқушылар дың барлығына бірдей компьютерде тапсырма беремін . Сол тапсырманы тез арада компьютерде орындап шығу керек.

Тапсырма.

Ағымдағы слайдқа бейнесі бар файлды ендіру үшін  келесі әрекетерді орындау керек.

  1. 1.      Слайдтың жұмыс аумағына оң жақ батырмасын басыңыз.
  2. 2.      Фон пунктін таңдаңыз.
  3. 3.      Исключить фон образца пунктінде жалаушаны алып тастаңыз. Және оң жақтағы үшбұршты тышқанмен шертіңіз.
  4. 4.      Способы заливки командасын таңдаңыз.
  5. 5.      Способы заливки терезесінде  Рисунок жапсырмасын таңдаңыз.
  6. 6.      Способы заливки терезесінің  төменгі бөлігінде  Рисунок пунктін  таңдаңыз
  7. 7.      Выбор рисунка терезесінде сендерге сурет  файлына жолды көрсету керек.
  8. 8.      1- cлайдқа Реферат :
  9. 9.      Тақырыбы:  Графикалық файлдарды ендіру  деп Word Art- ты пайдаланып жазыңыз.
  10. 10.   2- слайдқа  Орындаған: №21 топ оқушысы: ________________
  11. 11.  Сол жасалған слайдқа анимация беріңіз.

 

 

«Тестілеу»       бекеті  10

 

Алдарыңызда тұрған жұмыс үстеліндегі Sin Tester  бағдарламасын ашып, оның ішінен PowerPoint программасын таңдаңыз, одан тест деген мәзірді басыңыздар.

(оқушылар 10 минут тест тапсырмасын орындайды.)

Аяғында компьютер өзі тексеріп береді. Шыққан нәтижені балалар парақ жазып алады.

Бүгінгі сабақтан сен…  оқушылар жауап береді.

(Слайдтан көрсету)

  1. Мен бүгін не үйрендім?
  2. Не ұнады?
  3. Ұнамаған жер болды ма?
  4. Қандай ұсынысың бар?

                                                                            

 

 

 

Оқушыларды бағалау

 

Бұл ретте бағалау парағына қарап баға қойылады. Бағалау парағының үлгісі төменде көрсетілген.

 

Үйге тапсырма

Н.Ермеков «Информатика»  54-55 бет

Өткен сабақпен және бүгінгі жаңа тақырыппен байланыстырып сөзжұмбақ құрап келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

 

№

Оқушының аты жөні

Үй тапсыр

масы

Ой қорыту

Тапсыр

малар бекеті

Тестілеу бекеті

Қорытын

ды

1            

 

«5»  18-20 балл

«4» 14-17 балл

«3» 10-13 балл

«2» 2-12 балл

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше