«ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ- МӘҢГІЛІК» Ашық сабақ

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
Тереңөзек кенті №10 кәсіптік лицейінің
информатика пәнінің мұғалімі
Мығымбаева Мақпал Мешітбекқызы

Қарттар күні мен ұстаздар күні мерекесіне арналған концерттік бағдарлама

Тақырыбы:  «ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ- МӘҢГІЛІК»

ХОР:  «Ұстазым»  әні,

 І жүрг  Армысыздар, ардақты ұстаздарым!
Биік тұрсын,ар-ождан болар шағың
Тілейміз біз сәттілік бұл өмірде
Қадірлі бол таймасын бастан бағың

Құрметті ұстаздар және бүгінгі салтанатты кешіміздің құрметті қонақтары, ардегер ағалар мен апайлар.  Төл мерекелеріңіз құтты болсын.  Мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезімізде қолымызға қалам ұстатқан, біздерге тәрбие мен білім бере жүріп, адамгершілікке, ізгілікке баулыды. Ұстаз өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерді шәкіртінің бойына сіңіре білді. Әр оқушы бір әлем. Оқушының ішкі жан- дүниесіне ену үшін төзімділік пен білімділік қажет. Білімді де білікті ұстаздардың талмай ізденуі , маңдай терімен аянбай еңбек етуі арқасында ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізе алатындығымыз анық.

ІІ жүрг:     Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!

Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,

Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!

 

І жүрг:      Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,

Отырармыз қуанышта, тойда біз.

Сондай кезде есте болар бір нәрсе:

Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!

 

 

Мерекелік құттықтау сөз

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

ІІ жүрг:     Махаббаты: бала және Отаны,

Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.

Демалысы: шәкірттерге хат жазу,

Ал, кәсібі: от беру мен от алу!

 

І жүрг:      Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,

Қашан көрсең күліп бара жатқаны.

Күлетіні: бақыттылық нышаны,

Байлықтары: шәкірттердің хаттары!

Қазақ биі. Орындайтындар Байтілеуова Ардақ, Нұрахатова Мереке

 

ІІ жүр    Заман күйін толғадыңдар, шерттіңдер

             Талай-талай асулардан өттіңдер

             Кір шалдырмай азаматтық қалпыңа

            Ортамызға бүгін міне жеттіңдер

Бүгінгі кешімізге келіп отырған қадірлі ардагер ұстазымызға ………………………………………………………………..сөз кезегін береміз

І жүр     Тұғырына табан тіреп халықтың

                Қаладыңдар танытты оны анық күн

               Ешкім сірә биік болмас халықтан

              Ал сенің өзің ұстазысың халықтың

Ардагер ұстаздар сіздер аман болыңыздар! Сіздердің құрметтеріңізге байдаулетов Серік ағай орындауындағы «Ағалар» әнін қабыл алыңыздар.

 

ІІ жүрг:     Аяулы біздің ұстаздар  және оқушылар!

І жүрг:      Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып,

                                                дендеріңізге саулық,

ІІ жүрг:     Қажымас қайрат,

І жүрг:      Шығармашылық табыс,

ІІ жүрг:     Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!

І жүрг:      Бүгінгі ән-күйіміз өздеріңізге арналады.

 

ІІ жүрг: № 23 топтың оқушысы Қуатов Сұңқарбек орындауында «Балаға өсиет» арнауын кабыл алыңыздар.

 

Оқушы:  №23 топ оқушысы Аманжолов Арман

Қарттарым асыл – қазынам

Қарттарым – асыл қазынам

Қарттарым бұл – өмірдегі қазынам,

Жүректен жыр құрадым, жазып ән.

Жүз жасқа кеп ақыл айтып отыру,

Болса екен бастарыңа жазылған.

 

Сыйлап өтем мәңгі мына сіздерді,

Басып келем сіздер басқан іздерді.

Мәңгі жасап қуанышқа бөленші,

Қуанта бер әр уақытта біздерді.

 

Мәуелі бір өсіп тұрған ағаштай,

Аялау қажет, сөзімен оның санаспай.

Қарт дегенің ақыл толы дария,

Кезінде болған қайратты ұлы Алаштай.

 

Оқушы: Орынбаева Айтолқын

«Ұстазға»

Менің балғын қиялымды тербеткен,

Құшағымды алыстарға серметкен.

Айта аламын жұрт алдында қысылмай,

О, мұғалім, бір өзіңді ер деп мен.

 

Әр шәкіртке бола білген жанашыр,

Бүгін от боп әр жүректе жанасың.

Сен бергенсің алғашқыда айырып,

Жақсылық пен жамандықтың арасын.

 

Оқушы:  Шәмшиев Берікбол  №20 топ

 

«Ұстазға»

Құтты болсын, ұстаздарым, мерекең, Артсын сенің, абройың , берекең,
Осы күні ұлы тойды тойлайық, Қуанышты ,ұзақ болсын мерекең!

 

І жүрг:      Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес балаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

ІІ жүрг:  Әл-Фарабидің мына сөзіне көңіл бөліп көрейікші: «Ұстаз… Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жақсану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек». Байқайсыздар ма, бұл сөздермен біз Алтай апай, Алмагүл апай, Марина апай, Айткүл апай, Алтын апай,Зина апай, Шынар апай, Ләззат апай, Айсұлу апай, Рахима апай, Бақытгүл апай, Құралай апай бейнелерін көруімізге болады.

 

Сіздердің  құрметіңізге арналатын Байтілеуова Ардақ орындауындағы «Өзбек» биін қабыл алыңыздар.

 

ІІ жүр   Бақыт құсы әр адамға қонып бір

              О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр

              Керемет, әзіл сүйер жігіттердің

             Әрдайым жолдарын ашық қыл

 

І  жүр  Біреулер сынға түсер өнерімен

             Біреулер жырға түсер өлеңімен

            Не болса да айтатын жүрегімен

            Ән  нағыз өнер деп білемін

ӘН: Шәмшиев Берікбол орындауындағы «Атамекен» әнін  қабыл алыңыздар.

 

ІІ жүрг:     Мұғалім – бұл адамның ардақты аты,

Білімдік – бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын-жаты…

 

І жүрг:      Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы ісімді мақтан қылған.

Білім берген ұстаздарды,

Өнерімен шаттардынған,

 

 

ІІ жүрг:    

Зердемізге құятын,

Бар ізгілік бойларына сыятын.

Туған дәстүрі, салт-сананың тірегі,

Бұл ұстаздар, алда жүрер үнемі.

 

 

І жүрг:      Биік сенің ұстаздық қасиетің,

Мінезің жоқ қиынға бас иетін.

Өмірге тәрбиелеп құлшындырған,

Жадымызда сақталар өсиетің, – дей отырып Таңбай  ағай, Бақытжан  ағай, Нұрлан ағай, Байырбек ағай, Танатар ағай келесі орындалар ән-шашу сіздер үшін.

 

ӘН :  Сіздердің құрметтеріңізге Ибадуллаев Берік орындауындағы «Әкешім» әнін қабыл алыңыздар.

 

ІІ жүрг  Аяулы да ардақты, байсалды да салмақты, біздің сүйікті ұстаздарымыз – «Қалдырған ізің мәңгілік» атты мерекелік кешіміз аяқталып келе жатыр.

Ұстазым – саф алтын, діңгегім,

Мәңгілік өзіңмен біргемін.

Бүгінгі мереке күніне

Сәл ғана құрметім бұл менің- дей отырып кешімізді аяқтаймыз.

 

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше