Ақтобе қаласы, №30 орта мектебі
Сулейменова Назгул Тореалиқызы
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Сын есім
Мақсаты:1.Сын есім туралы білімдерін пысықтау. Теория мен практиканы байланыстыра отырып, оқушыларды дәлелдеуге, талдауға, топтастыруға дағдыландыру.
2.Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың теориялық ойлау, тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Оқушыларды адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.
Принциптері:біртұтастық,жүйелілік
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау,ажырату, топтау, жинақтау,дәлелдеу.
Көрнекілігі: тірек сызба, , сурет-пейзаж, интерактивті тақта т.б.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, психология, философия
Сабақ барысы:
I.Бағдарлау-мотивациялық кезең
1.Грамматикалық-тілдік жаттығу:
Тапсырма:
1.Берілген сөздерді белгілі бір белгісіне қарай топтап жаз:
қан алтын жапырақ жүрек күн бақа арай бидай шөп
-
Ортақ белгісін тап, сұрақ қой.
-
Сары, жасыл, қызыл -түс, бояу аты. Бояудың өмірге берері не?
3.Осы үш түстің бірігер жері бар ма? (Бағдаршам)
Ендеше, осы бағдаршам түстері де біздің сабағымызға бағыт-бағдар беріп отырады.
САРЫ -Дайындал! «Мен не білемін?»
-
СЫН ЕСІМ
сұрақтары |
|
|
|
Құрамына қарай |
|||
|
|
|
|
сөйлемдегі қызметі |
|
Ой тұжырымдамасы: Сын есім заттың түрін , түсін, көлемін, пішінін, дәмін білдіреді.
Сұрақтары: Қандай? Қай?
Құрамына қарай: дара, күрделі, негізгі ,туынды болып бөлінеді.
Сөйлемдегі қызметі: анықтауыш.
ІІ.Операциялық – орындаушылық кезең.
ЖАСЫЛ — Жүр! «Зерітте! Білгеніңді іске асыр!»
Көркем жазу Сс
С әрпінен басталатын сын есімдер жаз:
Сыйлы, сайлы, сұлу, сүйкімді, семіз, саналы, сақ, сулы, суайт,т.б
Дыбыс—сөз—сөйлем
452-жаттығу
Тапсырма:1.Сөйлемдерді көшіру.
2.Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне, сөз таптарына талдау.
3.Сын есімдерді құрамына талдау. (4оқушы)
Сөз құрамы
Тапсырма: «Топтау»
Ұлттық , алғыр, кестелі, тапқыр, бойшаң, өнерлі, бозғылт, икемді, ашық, сөзшең, сарғыш, сұлудай, мақтаншақ.
1.Туынды сын есімді топтастыру.
Зат есім Етістік Сын есім
Терме диктант 451-жаттығу
Аралас, ғажайып, сап-сары, қоп-қоңыр, жасыл күрең, қызғылтым, ақ.
1.Сын есімнің құрамына талдау.
Сәйкестендір:
Көк қорқынышты түс
Ақ жайлы түс
Сары белсенді түс
Жасыл ойлы түс
Қызыл таза түс
Қара жылы түс
Тапсырма:«Мен ұнатқан түс..» жан-жақты мағынасын ашу
Суреттен бояу ізде…… «Жерұйық»
1.Мәтін құрастыр.
2.Сын есімдерді тап, талда.
_______ _______ төгілді,
_______ _______ өрілді.
_______ _______ ______
_______ _______ көңілді
_______ _______ егілді.
_______ _______ себілді
_______ _______ ______
_______ _____ терілді.
Бояу өмірді әрлі, түрлі, ажарлы етсе, адамды ажарлы етер басты не?
III.Бағалау – рефлексиялық кезең
ҚЫЗЫЛ-Тоқта! « Есеп бер өзіңе! Мен қандаймын? Не білдім?»
-Бір сөзбен айтқанда қалай дер едің?
—Сөзге шебер адамды? Сөзшең
—Айтқанға сене салатын адамды? Сенгіш
—Көрінгенге соқтыға беретін баланы? Сотқар ,ұрыншақ
—Тез ашуланатын адамды? Ашуланшақ
—Жан аямай жұмыс істейтін адамды? Еңбекқор
—Бойы ұзын баланы? Бойшаң
-Біреуге пәле ойлап жүретін адамды? Пәлеқор
-Бір сыныпта оқитын баланы? Сыныптас
—Ал, сен қандайсың , өзің туралы не айтасың?
Мен икемдімін, көңілдімін, еңбекқормын. Сұрақ қой? Сын есімнің қай түріне жатады?
Адам -өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге,
оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді. (Баубек Бұлқышев)
Ал, сіздердің еңбектеріңіз ол-күнделікті алған білім, оқыған пәндеріңіз.
Ендеше, бүгінгі еңбектеріңіздің нәтижесі……….
Бағалау
Үйге тапсырма: 1.455-жаттығу
2.Бір зат есімге бірнеше сын есім ойла
3. Бояу туралы не айта аламын?