Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Ы.Алтынсарин атындағы № 204 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жаңабай Әлия Қайыпқызы
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН ЫНТЫМАҚҚА БАЙ ӨЛКЕ
Мақсаты:
— Оқушыларға Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төраға болып сайлануы туралы, оның мақсаттары мен міндеттері туралы таныстыру;
— Оқушының бойына Отанына деген, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;
— Қазақстанның ынтымаққа бай өлке екендігін түсіндіру.
Сабақтың түрі: Лекция
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қанатты сөздер, компьютер, бүктемелер, газет-журналдар.
Жоспары:
1. Қазақстан – ынтымаққа бай өлке
2. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) (бұрынғы атауы – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес ЕҚЫК)) – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын және Солтүстік Американың, Еуропа мен Орталық Азияның 56 елін біріктіретін әлемдегі аса ірі өңірлік құрылым.
ЕҚЫК 33 еуропалық держава өкілдерінің, сондай-ақ АҚШ пен Канаданың әскери қарсы тұрушылықты азайту шараларын жасау және Еуропадағы қауіпсіздікті нығайту үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық форум ретінде шақырылған.
1975 жылдың 30 шілдесі – 1 тамызында Финляндия астанасы Хельсинкиде 35 мемлекеттің басшысы Еуропадағы өауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің Қорытынды актісіне (Хельсинки келесіміне) қол қойды.
ЕҚЫҰ-ның негізгі міндеттері мен мақсаттары:
-
Қаруланудың таралуын бақылау;
-
Жанжалдардың алдын алу жөніндегі дипломатиялық күш-жігер;
-
Сенімді қарым-қатынас құру және қауіпсіздік жөніндегі шаралар.
-
Экономикалық –экологиялық қауіпсіздік.
-
Адам құқығын қорғау;
-
Демократиялық институттарды дамыту;
-
Сайлаулар мониторингі.
Қазақстан – 2010 жылы бұрынғы КСРО республикаларының ішінен ЕҚЫҰ төрғалығы лауазымын иеленген тұңғыш ел болды.
Қазақстандағы ЕҚЫҰ төрағасы лауазымындағы шешуші мақсаттарының бірі – 2010 жылы Астанада Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте кең ауқымды, бөлінбейтін және кооперативті өауіпсіздік құрудың көкейкестімәселелерін талқылау үшін Ұйымға қатысушы елдер Мемлекет және үкімет басшыларының саммитін шақыру болып табылады.
Еуроатлантика және Еуразия аумағындағы жалпыға ортақ, бөлінбейтін және ұжымдық қауіпсіздікке арналған маңызды мәселелерді талқылау үшін Қазақстан Астанасына ЕҚЫҰ-ға мүше 55 мемлекет пен 12 серіктес елдің басшылары мен үкімет ұкімет жетекшілері, 69 халықаралық ұйым жетекшілері, 500-ге тарта үкіметтік емес ұйым өкілдері мен 1000-нан аса журналистер келеді.
Астанада ЕҚЫҰ Саммитінің өтуі – бұл:
-
Қазақстанның халықаралық беделі мен Мемлекет басшысының бейбітшілікті нығайту жолындағы ерен еңбегін мойындау
-
Қазақстанның халықаралық өауіпсіздікті нығайтуға, әлемнің алдағы дамуына қатысты көкейтесті мәселелер жөнінде жаһандық үнқатысуды қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалау.
-
Еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімнің бірегей моделінің, республиканың тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерінің нәтижесі мен танылуы.
-
Қазақстанның халықаралық танымалдығын арттыру, оның жетістіктерін, экономикалық әлеуеті мен мәдени ерекшелігін паш ету.
-
Елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тәуелсіздікті нығайтуға қосқан үлес.
-
Қазақстандық экономикаға инвенстицияларды молайтудың, туризмді дамыту мен іскерлік байланыстарды кеңейтудің факторв.
-
Орталық Азия өңіріндегі мәселелерді шешуге әлемдік қауымдастықтың назарын аударуға мүмкіндік.
«Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт «Т» — «траст» (сенім), «традишн» (дәстүр), «транспаренси» (ашықтық), «толеранс» (толеранттылық) болып табылады.
Біріншісі – бір-бірімізге деген бізге аса қажетті сенімді білдіреді.
Екіншісі – ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.
Үшіншісі – халықаралық қарым-қатынастарда «қосарланған стандарт» пен «жіктеу шектерінен» азат, барынша ашықтық пен транспаренттік қауіпсіздікке төнетін қауіп пен қатерлерді еңсеруде сындарлы ынтымақтыстыққа ұмтылу.
Ал төртіншісі – бүгінгі әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы үнқатысуды нығайту жөніндегі жаһандық трендтің көрініс табуы.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Үйге тапсырма:
1. Тақырып бойынша интернеттен қосымша материалдар жинап келу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Сыр бойы» газеті, 27 қараша, 2010 жыл, №206