Без рубрики

Шығармашылық жазу жұмыстары. Хат

Атырау облысы
Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұғыбаева Гүлайым Әлімқызы

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жазу жұмыстары. Хат.

Сабақтың мақсаты: 1. Шығармашылық жазу жұмыстары туралы түсінік беру, жеке адам өміріне қатысты іс-қағаздардың бірі – хат, оның түрлері, тілдік сипаты туралы ұғым беру. 2. Жазу және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқушыларды қарым – қатынас жасау әдебіне, тіл мәдениетіне тәрбиелеу. 3. Өз бетімен жұмысты дамыту, оқушы шығармашылығын арттыру, эпистолярлық жанрдың түрлері мен типтерін ажырата білу.

Сабақтың типі: Жаңа білім меңгерту.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс шығармашылық сабақ.

Сабақтың әдісі: «Топтастыру» стратегиясы, екі жақты күнделік, БҮҮ стратегиясы, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Магнитті тақта, плакат «Монолог», плакат «Хат», тірек сызбалар, хат – кеспелер, таблица – кеспелер, плакат — конверт

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, адам және қоғам, ғылым мен техника.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын есепке алу, оқу құралдарын, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын ұйымдастыру, оқушылар назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

1. «Еркін жазу» стратегиясы. Оқушылардың жазып келген монологтары бойынша газет шығару.

2. «Топтастыру» стратегиясы. Тақтадағы плакатты толтыру.

3. Жаңа сабақты түсіндіру. (Тірек сызбалары пайдаланылады.)

Мұғалім сөзі: – Балалар, мен сендерге сәлем әкеліп отырмын. Қане, оқып

көріңдерші. (Бір оқушы шығып оқиды)

Осы арқылы мен сабақтың тақырыбын ашқалы тұрмын. Бүгінгі сабағы-мыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыздар?

— Хат туралы.

— Олай болса, алдымен шығармашылық жазу жұмыстарына тоқталып өтейік. (Тірек сызба пайдаланылады).

Шығармашылық жазу жұмыстары

Конспект

Жазба тіл

Мақсаты

Ойды әсем жеткізу

Сауат-

тылық

Дағдыны

қалып-

тастыру

Ой

еңбегін

ұштау

 

 

 

 

 

 

 

Хат

Түрлері

Тезис

 

 

 

 

 

Пікір

Шығарма

 

 

 

 

Күнделік

Мақала

 

 

 

Өмірбаян

— Балалар, осы күні бір – біріңмен хат алысып тұрасыздар ма?

— Қазір хат неге мүлде сирек жазылады?

— Иә, қазіргі ғылым мен техниканың дамуы хатты күнделікті қажеттіліктен ысырып шығарды. Себебі адамдар қазір бір – бірімен телефон, интернет арқылы, ұялы телефон арқылы кез – келген уақытта байланысқа шыға алады. Бірақ хаттың олардан үлкен артықшылығы бар. Хатта сырыңды, ішкі сезіміңді сеніп жаза беруге болады. Бұл әр адамнаң шығармашылық өз еңбегі және хат үлкен сауаттылықты, жазу мәдениетін талап етеді.

Үнтаспадан оқушы хатының мәтінін тыңдатып, хаттың жазылу ретін, құрылысын оқушылармен біріге отырып талдау.

  1. Амандасу.

  2. Айтылмақ ой.

  3. Қоштасу.

  4. Хат жазушының аты – жөні.

  5. Х

    Эпистолярлық жанр

    аттың жазылған мерзімі.

Жалпы амандықты білдіретін хаттар

Қызметтік хаттар

 

Шығармашылық хаттар

 

 

 

 

Жеке хаттар

Әдебиеттегі хаттар

 

 

Жеке іскерлік хаттар

Ресми іскерлік хаттар

 

 

 

 

Жазылу реті

Қарасөз, өлең түрінде

Қарасөз түрінде

Қара сөз, өлең түрінде

 

 

 

Үнтаспадан Балқожа бидің Ыбырайға жазған хатын тыңдатып, жанрлық талдау жасату.

Пысықтау жаттығулары.

311 – жаттығу. Кітаппен жұмыс. (Ауызша)

Шығармашылық жұмыстар (Өз бетімен жұмыс)

«Еркін жазу» стратегиясы.

  • Дос — құрбыңа хат жаз.

  • Мен сүйетін тұлғаға хат.

  • Бастауыш сыныпта сабақ берген ұстазыңа хат жаз.

  • Болашаққа хат.

  • Туысқандарыңның біріне хат жазып көр.

  • Б. Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» шығармасы хаттың қай түріне жатады?

Осындай бірнеше тапсырма беріледі. Хат үлгілері бойынша оқушылар тапсырмаларын орындайды.

«Екі жақты күнделік» стратегиясы

Плакат – конвертпен жұмыс. Тақтаға ілінген плакат – конверттің сыртын толтырып үйрену.

Сабақты бекіту

  1. БҮҮ стратегиясы. Қазиев Асылбектің жауап беру үлгісі:

Білемін

Білгім келеді

Үйренгенім

Таң қалғаным

Хат жазып білемін. Хаттың қара сөзбен, өлеңмен жазылатынын білемін.

Мекен – жайды толтырып, хат жол-дауды білемін.

Шығармашылық жазу жұмыста – рының өзге түр-лерімен танысып, білгім келеді.

Қызметтік хат-тар туралы те-реңірек білгім келеді.

Хат жазып үй-рендім.

Хаттың түрлері болатындығына таңқалдым.

 

  1. «Топтастыру» стратегиясы. Оқушылардың сабақ соңындағы

жауабы

 

Сауаттылықты Бірнеше түрі бар

талап етеді

Жазылу Шығармашылық

реті болады. жазу жұмысының

бір түрі

Қарасөздермен де, Сырыңды сеніп

өлеңмен де жазылады. жазуға болады

Үйге тапсырма: 312 – жаттығу.

Болашаққа хат жазу.

(саралап оқыту)

 

Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.