Тіл дамыту жұмыстары. Ауылға жаны жақын Қадыр ақын
Атырау облысы
Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұғыбаева Гүлайым Әлімқызы
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту жұмыстары. Ауылға жаны жақын Қадыр ақын
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік жағы: а) Ақын Қадыр Жүсіп Өтегенұлының шығармашылығын таныту. Ақынның туған жер, Отан туралы өлеңдерін оқыта отырып, тіл дамыту жұмыстарын жүргізу.
ә) Жергілікті ақын-жазушылар шығармаларын оқып үйрену.
2. Дамытушылық жағы: Оқушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық қабілетін дамыту, өзіндік ой-пікірін еркін айтуға дағдыландыру.
3.Тәрбиелік жағы: Оқушыларды елін, туған жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: Қалыптан тыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, ой толғау, теориялық талдау жұмыстары, сын тұрғысынан ойлау. («Топтастыру» стратегиясы, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс, т.б.)
Сабақтың көрнекілігі: 1. Қ.Жүсіптің өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар (мультимедиалық экран арқылы көрсетіледі), ақынның фотосуреті, суретті фильм.
2. Қ. Жүсіптің шығармалар жинағы:
1. Қ.Жүсіп. «Ж.Нәжімеденовтің ақындығы»
2. Қ.Жүсіп. «Махамбеттану мәселелері»
3. Қ.Жүсіп. «Жыр жиһазы»
4. Қ.Жүсіп. «Зейнолланама»
5. Қ.Жүсіп. «Қазақтың Қабдоловы»
6. Қ.Жүсіп. «Жазушы. Ғалым. Ұстаз.»
7. Қ.Жүсіп. «Естелік»
8. Атырау ақын-жазушыларының кітапханасы. «Қадыр»
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, қолөнер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. (Сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру)
2. Жаңа тақырыпты меңгерту бөлімі.
▪ Ақын Қ. Жүсіптің шығармашылығы туралы түсінік беру. Мультимедиалық экран арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталу. (1-слайд)
▪ Суретті фильмді жібере отырып, ақынның «Ауыл» атты өлеңін оқу.
Өлеңді тыңдата отырып, ақынның ауылға деген сүйіспеншілігін, сағынышын, жүрек түкпіріндегі перзенттік ыстық сезімін ұғынту.
(2-слайд)
▪ Ой қозғау. (3-слайд)
Менің түсінігімде… Қандай? Болашағы
Не елестейді?
Берілген топтама арқылы оқушылардың ойы мен көзқарастарын білу. Бірін-бірі толықтыру.
▪ Өз бетімен жұмыс.
Кешенді сызбаны пайдалана отырып, өлеңге талдау жасау.
Өлеңге талдау жаса.
1.Өлең құрылысы
2.Теңеу
3. Эпитет
4. Қайталау
5. Кейіптеу
▪ Шығармашылық жұмыстар бөлімі. Оқушылар өз қабілеттеріне қарай берілген тапсырмалардың бірін орындайды.
-
«Ауылым – әнім!» – Өлең шығару.
-
«Ауылым – алтын бесігім!» – Ой толғау.
-
Ауыл болашағы – жарқын. Шағын шығарма жазу.
-
Мен ауылға барғанда… – Шағын шығарма жазу.
▪ Қорытынды.
Филология ғылымдарының докторы
Ақын Ұстаз
Қазақстан жазушылар Профессор
Одағының мүшесі
З.Қабдол атындағы зерттеу
орталығының директоры
Жайлау
Таза ауа Ата-әже
Қозы-лақ Қора-қопсы
Шұбат-қымыз
Оқушыларға ауыл ұғымына кіретін сөздерді топтастырып, жинақтату.Сабақты қорытындылау.
▪ Бағалау.
▪ Үйге тапсырма: Әр оқушының қабілетіне қарай тапсырмалар беру.
а) «Туған даланың төл перзенті» тақырыбында мәнжазба дайындау.
ә) «Туған жер», «Отан – біреу!» өлеңдерін жаттау.
б) «Дархан жайлау ауылым» тақырыбында сурет салу, салған суреті бойынша сөйлеу.
