Білім беру саласында оқыту мен тәрбие беру процесіне жаңа технологияларды енгізу

Атырау облысы, Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұғыбаева Гүлайым Әлімқызы

Жаңа технология – іс-тәжірибеде

Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса,
Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса.
А.Байтұрсынұлы

Білім беру саласында оқыту мен тәрбие беру процесіне жаңа технологияларды енгізу, мұғалімдердің шығармашылығын арттыру және оқушыларды жан-жақты дамыту арқылы рухани дамыған тұлға қалыптастыруына негіз жасау мұғалімдердің, ұстаздар қауымының басты мақсаты мен міндеті болып саналады.

Заман талабына сай білім мен біліктілікті арттыру – мұғалімдердің міндеті, әрі білім беру жүйесіндегі тұрақты дамуының құралы. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болса, білімін ұдайы жетілдіріп, қоғамдағы, білім беру үрдісіндегі соны жаңалықтарды меңгеріп, талмай еңбек ету жолында шәкірттеріне білімнің сара жолын ашпақ. Осы мақсатта оқушының ішкі сұранысын қанағаттандыратындай дәрежеде жаңа технологияларды тиімді пайдалану негізінде сапалы білім беруге қол жеткізуге болады.

Қазіргі таңда оқыту технологиялары мен көптеген педагогикалық инновациялық іс-тәжірибелер, жаңашыл мұғалімдердің проблеммалары жан-жақты талдауды және жүйелеуді талап етеді. Педагогикада «жаңа технология» ұғымы да өз орнын тауып, білім беруде жаңа технологиялық қадамдар жасалуда.

«Технология» ұғымы – бір істегі, шеберліктегі, өнердегі әдіс жинағы болса, В.М.Шепельдің түсіндіруінше өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, өңдеу әдістерінің жиынтығы боп келеді. Сонда В.П.Беспалько ұғымына сәйкес, педагогикалық технологияны оқу процесін мазмұнды қызметке асыру құралы деп қарауға болады. Жалпы жаңа педагогикалық технологиялардың дерекнамалары мен құрамды бөлімдері төмендегіше:

  • әлеуметтік өзгерістер мен жаңа педагогикалық ойлар;

  • педагогикалық, психологиялық, қоғамдық ғылымдар;

  • озық педагогикалық тәжірибе;

  • еліміздің және шетелдердің тәжірибелері;

  • халықтық педагогика.

Мұның бәрі қазіргі педагогикалық технологиялардың негізгі жүзеге асырушы факторлары. Ынтымақтастық педагогикасы, Ш.А.Амонашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», М.А.Чошановтың «Проблемалы – модульдік оқыту технологиясы», Б.П.Никитиннің «Дамыту ойындар технологиясы», А.А.Окуневтің «Тиімді сабақтар негізі жүйесіндегі педагогикалық технологиясы» мен Н.Оразақынованың «Сатылай комплексті талдау», Ж.Қараевтың «Оқытудың педагогикалық технологиясы», М.Жанпейсованың «Модульдік оқыту технологиясы» және оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы, т.б. оқушы белсенділігін жоғарылатып, өзіне деген сенімділігін арттырады; оқушылардың танымдық және шығармашылық потенциалын дамытады, т.б.

Ғасыр ұрпағын парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жоғары дәрежеде дамытып, бойында ұлттық намысы бар, елін, жерін сүйетін ұрпақ етіп өсіруде №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының мұғалімдері де аянбай еңбек етуде.

Әр сабағына үлкен жауапкершілікпен қарап, шәкірт жүрегіне жол тауып, білім нәрімен сусындатуда ізденіс пен шығармашылықты тең ұстап, үздіксіз еңбекпен бар білімін балаға жеткізіп жүрген ұстаздар да аз емес. Бұл ретте жаңа технологияларды тиімді қолданып, сапалы білім беруде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүрген бастауыш сынып мұғалімдері Ш.Дәулетова, Ж.Гумарова, М.Ізғалиева, Х.Утешқалиева, И.Абдулова, А.Сисенова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Қуанбаева, Ж.Текеева, химия-биология пәнінің мұғалімдері Д.Ахметова, Н.Қадірғалиева, математика пәнінің мұғалімдері Н.Дүйсен, Ә.Сапарова, орыс тілі пәнінің мұғалімдері Қ.Байбатырова, Г.Тлегенова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері К.Төлегенова, С.Айсина, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Ж.Тәжібаев, тарих пәнінің мұғалімдері С.Қорқытова, Ұ.Аманқұловаларды атап өтсек, өз іс-тәжірибесін әріптестер назарына ұсынып, шығармашылық жұмыстары баспасөз беттерінен көрініп жүрген Ф.Майлашева, Г.Жасболатова, Ж.Текеева, Н.Дүйсен, А.Қуанбаева, Ж.Гумарова сынды мұғалімдеріміздің жұмыстарын озат тәжірибелер қатарынан көруге болады.

Барша әріптестеріме ізгілікті ізденістер, шалқар шабыт пен шығармашылық табыстар тілеймін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше