Мәтін бойынша жұмыс
Атырау облысы
Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұғыбаева Гүлайым Әлімқызы
Сабақтың тақырыбы: Мәтін бойынша жұмыс.
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтін тақырыбы бойынша алған түсініктерін байқау, өтілген тақырыптарды еске түсіру, алған білімді жинақтау, қорытындылау. 2. Ана тілінің қыр-сырын меңгеріп, өз ойын жеткізуде көркем әрі бай тілмен сөйлеп үйренуге тәрбиелеу. 3. Оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, сөйлеу мен жазуды қалыптастыру. Шығармашылықты дамыту, сауаттылық пен қызығушылықты арттыру.
Сабақтың типі: Білімді жүйелеу, қорытындылау.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ.
Сабақтың әдісі: СКТ, СТО элементтері, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Фото-суреттер, интерактивті тақта, слайдтар, графопроектор.
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, сабаққа дайындықтарын бақылау.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырма слайдтармен көрсетіледі.
Үй жұмысы. (1-слайд)
1. 26-жаттығу. Өлеңді жатқа оқу, автордың ойын жеткізу.
2. Абзац. Сөйлем. Сөйлемдердің байланысы.
Сұрақ: 1. Абзац дегеніміз не?
2. Сөйлем дегеніміз не?
3. Мәтін құрау үшін сөйлемдер қалай байланысуы керек?
4. Мәтін нелерден құралады? Мәтіннің құрылысы туралы не білесіңдер?
Тақырыпты меңгергендігін бақылау тапсырмасы:
Азамат – адамгершілік қасиеті бар,
саналы адам.
Қазақта адамгершілігі мол, өз елінің
қамын ойлаған адамды «азамат» деген.
Халық азаматтарға үлкен сенім артады,
оған құрметпен қарайды. (2-слайд)
(Берілген шағын мәтінді штормен алып, бірінші сөйлемін оқыту. Соңынан мәтінді түгел оқыта отырып, сұрақтарға жауап алу арқылы үй тапсырмасын пысықтау.)
Сұрақ: 1. Бірінші сөйлем жалғыз өзі тұрып мәтін құрай ала ма?
2.Мәтінде неше сөйлем бар?
3. Мәтіндегі сөйлемдер бір-бірімен мағыналық жағынан өзара байланысқан ба?
4. Сөйлем неше абзацтан құралған?
3. Жаңа сабақ. Тақтаға күннің жады, жаңа сабақ тақырыбы жазылады.
Мәтін бойынша жұмыс
Оқулықпен жұмыс. 25-жаттығу. Берілген өлең жолдарынан ойдың байланысына қарай шумақтарды қайта құрау. Мәтінге ат қою. (3-слайд)
4-слайд: – Құп, атажан, жүгіріп, Атасы мәз боп тұр күліп,
Қарайын да санайын. Деді, кетті жүгіріп.
Қозыларға барайын. Қызыл арай кешкі шақ.
Күркесіне иіріп, Байғасқаны ертіп ап.
5-слайд: (Өлең шумақтарының дұрыс ұйқасқан үлгісі.)
– Құп, атажан, жүгіріп, Деді, кетті жүгіріп.
Қозыларға барайын. Байғасқаны ертіп ап.
Күркесіне иіріп, Атасы мәз боп тұр күліп,
Қарайын да санайын. Қызыл арай кешкі шақ.
Сұрақ: 1.Мәтін қалай берілген? (Өлеңмен)
2. Мәтінге қандай ат қоюға болады? («Қолқанат», «Кішкентай көмекші», т.б.)
3. Мәтінге ат қою деген не? (Мәтін тақырыбының қысқаша атауы.)
Талдау жұмыстары. Мәтінді талдау интерактивті тақтаға орындатылады.
(6-слайд)
Мәтінді сатылай кешенді талдау.
1. Тақырыбы: ________________________________________
2. Авторы: __________________________________________
3. Негізгі ой: _________________________________________
4. Мәтіннің түрі:______________________________________
5. Өз пікірім: _________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
Шығармашылық жұмыс. (7-слайд)
1. Мәтінбектің тапсырмаларын орындау. Фото-суреттерге қарай отырып мәтін құрау. Мәтін құрауда сөйлемдердің мағыналық жағынан өзара байланысуына мән беру. (Оқушылардың мәтін құраған фото-суреттері графопроектордан үлкейтіліп көрсетіліп тұрады.)
2. Интерактивті тақта арқылы кітапханаға кіре отырып, оқушыларға сурет алып беру, сурет бойынша ауызша мәтін құрау.
Сабақты қорытындылау. Топтастыру стратегиясы. (8-слайд)
Мәтін
Үйге тапсырма: (9-слайд)
1. Мәтін тақырыбын қайталау.
2. “Ана тілім – ардақтым!” тақырыбында ана тілінің құдіреті мен қызметі жайлы мәтін құрастыру.
