Ана тілім – дана тілім, бақ тілім
Атырау облысы
Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұғыбаева Гүлайым Әлімқызы
Тақырыбы: Ана тілім – дана тілім, бақ тілім!
Мақсаты: Ана сүтімен бойына дарыған ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Елжандылық, Отансүйгіштік қасиеттерге баули отырып, оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өз ойын іркілмей ашық айтуға, еркін сөйлеуге мүмкіндік бере отырып, дағды мен шеберлікті қалыптастыру.
Түрі: Тренинг.
Көрнекілігі: Тақырып, ойын аттары, шарлар, конверттер, парақшалар,
сабаққа қатысты тіл туралы үзінділер. Интерактивті тақта.
Жүрісі: І. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
ІІ. Тренинг сабақ.
а) Танысу.
ә) Келісім.
б) Оқыту.
в) Қорытынды.
ІІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем.
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.
Ана тілім –дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.-
деп ақын Несіпбек Айтов жырлағандай, ана тілі – әр адамның құндағында жатып, ақ бесікте әлдиін тыңдап өскен, санасына нұр құйып, тіршілікпен тілдескен, шабыттанып, шаттанып, шалықтата күн кешкен рухани тілі.
Ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра боп жалғасып келе жатқан ана тілімізге деген құрметімізді танытып, ана тілімізде таза сөйлеу, өз тілімізде ойымызды ашық білдіру, тілімізді мақтан ету – біздің парызымыз.
Олай болса, бүгін біз “Ана тілім – дана тілім, бақ тілім” тақырыбымен тренинг өткізгелі жиналып отырмыз.
Мақсатымыз – достық көзқарастағы сенімді туғыза отырып, өзіміздің тіл туралы ой-пікірімізді еркін жеткізуге, ашық сөйлесуге мүмкіндік алу. Өз шеберлігімізді таныта отырып, ана тілімізге деген сүйіспеншілігімізді, құрметімізді көрсету.
ІІ. Тренинг кезеңдері.
1-кезең: Танысу. Танысу «Екі шындық және бір өтірік» ойыны арқылы орындалады. Оқушыларға өздері туралы екі шындық пен шындыққа жатпайтын пайымдаулар айту ұсынылады.
Мысалы: Мен Қазақстанда туып өстім. Өз ана тілімді сүйемін. Ана тілі туралы 50-ге тарта әнім бар.
Бұл оқушыларды белсенділендіруге, оларды оқыту процесіне тартуға, сөйлесу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
2-кезең: Келісім. Оқушылар өз жауапкершіліктерін сезініп, мінез-құлық ережелерін қабылдайды. Келісім көрнекі жерде тренинг аяқталғанша ілініп тұрады.
Үлгі: 1. Бір-бірімізді тыңдаймыз, сөзімізді бөлмейміз.
2. Өз пікірімізбен бөлісеміз.
3. Өзгенің сезімін күлкі етпейміз, аялай білеміз.
4. Тек біреу ғана сөйлейді, көтерілген қол ережесі.
5. Құпиялықты сақтаймыз.
6. Уақытқа бағынамыз.
3-кезең: Оқыту. Оқушылар бұл кезеңде білім деңгейлерін байқатады. Практикалық дағдыларын шешім қабылдау шеберліктерімен сабақтастырады.
1-ойын: «Жүрекпен тіл қатсам…»
Уысына ұстаған майшамды жанындағы оқушыға ұсынып жатып, тілді сақтау, қадірлеу, бағалау сынды сөздерін айтып, бір-біріне жалғастырады. Оқушылардың ішкі ойын, сезімін жеткізуіне жағдай туғызу.
Үлгі: – Қуанышбек, ата-баба мұрасы, асыл қазына – ана тіліңді бағалай біл!
2-ойын: «Ой шабуылы»
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды ұмыту.
Б.Момышұлы
Берілген ойды әрі қарай жалғастыру, өрбіту.
3-ойын: «Тіркеме»
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой.
Берілген нақыл сөздің бір сөзін қатыстырып мақал жаза отырып, осы үлгімен бірнешеуін тіркеу. Кім көп мақал жазар екен?
4-ойын: «Бәріміз бірге»
Берілген қағаз қиындыларындағы сөздерді пайдалана отырып, тіл туралы өлең шумағын ұйқастыра құру.
1-топқа:
Туған
тілде
сыры
терең
жаным
бар.
Туған
тілде
әнім
менен
сәнім
бар.
Туған
тіл
тілім
болудан
қалса
егер,
Жүрегімді
суырып-ақ
алыңдар.
Д. Әбілев
2-топқа:
Ана
4-кезең: Қорытынды.
Сарапшылар тренинг кезеңдерінде өз ойын ашық айта білген, именбей еркін сөйлеген оқушыларды атай отырып, оқыту барысында жеткен жетістіктерін айтып мадақтайды, марапаттайды.
Тренинг мұғалімнің қорытынды сөзімен аяқталады..
