Без рубрики

Ұлттық тағамдар

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының №26 орта мектебінің
мұғалімі Қонысбаева Мейрамгул Аралбайқызы

Сабақтың  тақырыбы:  Л/т:  Ұлттық тағамдар

                                          Г/т:  Күрделі сөздер

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың ұлттық тағамдар туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін тереңдету, күрделі сөздер туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Сауатты жазуға дағдыландыру,сөздік қорын молайту, оқушының ойлау қабілетн кеңейту;

Тәрбиелік: Ұлттық тағамдардың түрлерін ажырата білуге баулу,салт-дәстүрімізді қадірлеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті   тақта, сызба, суреттер

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру

Сабақты бастамас бұрын ұлттық тағамдар туралы өлең  жолдары оқылады.

Сұрақ- жауап:

  • Өлең не туралы?
  • Қандай ұлттық тағамдарды білеміз?

ІІ. Үй жұмысын тексеру

 

 

 

 

(Балалар ұлттық тағамдар туралы мәліметтерді оқиды)

 

 

 

 

 

 

-Балалар, бұл сөздер қандай сөздер, біреуі тіркесіп жасалған, біреуі сызықша арқылы жасалған? (Күрделі сөздер)

Жақсы, олай болса,

 

 

ІІІ. Тапсырмалармен жұмыс

1.Сөйлемдерді толықтыру:

  • Соғым сою — ….
  • Қазақша ет – қазақ халқының …
  • Қазақтар сыйлы қонақтарға …
  • Қонақтарға табақ тарту — …
  • Күздік — …

2. Мәтіннен күрделі сөздерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіру:

Соғым  сою —  қазақ халқының салты. Бұл әр жыл сайын қайталанып отыратын қыстың азық- түліктің мол қоры. Соғымның малын  күні бұрын белгілеп , күтімге алады. Соғымға түйе, жылқы, сиыр сияқты ірі мал сойылады. Соғым сойылғаннан  кейін міндетті түрде мол қуырдақ қуырылады. Соғымнан жақын-жуық, тума-туыс, құда-жекжаттарға міндетті түрде ауыз тигізу керек. Салт сондай.

             Қазақ халқының құрметті қонақтарға ұсынатын әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы-қазақша ет. Қонақтарға табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесімен жасына сәйкес келуі керек. Әр адамның  қонақтың жасына, туыстық қатынасына қарай малдың әрбір мүшесінің соған лайық орны болады.Сөйтіп қонақтарға табақ-табақ ет тартылады. Қазақ отбасылары өздерінің сыйлы адамдарына, туыстарына шұжықты сыбаға етінде сақтайды.

    Қазы-қарта —  жылқы етінен жасалатын тағамдардың бір түрі. Оны  халық жоғары бағалайды. Ол пісіп жатқанда оның жағымды иісі мұрын жарады, тәбетті ашады.Қазыны жасау, сақтау, пісіруді қазақ әйелдері өте шебер меңгерген.  

3.Сөздердің дұрыс баламасын табыңдар:

Сөз                                                                    Түсініктеме

Қуырдақ —                                    түйе, жылқы, сиыр сияқты ірі

                                                               малдың  сойылуы.

Күздік     —                                  пісірілген ет, қазақтың  басты

                                                              тағамы.

Соғым  —                                     жүрек, ет, өкпе, бауырды          

                                                              араластырып пісірген тағам

Қазақша ет  —                           күз айында сойылатын мал

  1. Салыстыру:

 

 

 

ІV. Бекіту «РАФТ»  стратегиясы

Р-  оль

А-  удитория

Ф-  орма

Т-  ақырып

V. Бағалау. Балаларды бағалау

VІ.Үйге тапсырма беру:

“Қазақ халқының ұлттық  тағамдары ”  туралы диалог құрастыру;

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.