Paint графикалық редакторының құралдары. Редакторда практикалық жұмыс орындау

Атырау облысы, Атырау қаласы №19 Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
информатика пәнінің мұғалімі Бисекенова Багитгул Жолдыбаевна

Сабақтың презентациясын жүктеп алу: Paint графикалық редакторының құралдары. (PDF)

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары.  Редакторда практикалық жұмыс орындау.

Сабақтың мақсаты: Алған теориялық білімдерін жалпылау және жүйелеу. Paint графикалық редакторында жұмыс істей отырып,  практикалық шеберліктерін шыңдау.

А) Білімділігі:   Paint графикалық редакторының негізгі түсініктерімен құралдарының атқаратын қызметтерімен және жұмыс істеу   принципін қайталау. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

Б) Тәрбиелілігі:  Информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Табиғатты сүюге, еңбек етуге, қоршаған ортаға оң көзбен қарап, оларды қорғауға тәрбиелеу.

В) Дамытушылығы:   Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Білімге деген көзқарастарын сауатты жүйелеу.

Әдісі: «Көңілді балықшылар» ойыны, интерактивтік әдіс, оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы.

Сабақтың типі: Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: мултимедиа құралдары, компьютер,

Үлестірме материалдар: оқулық, оқушы дәптері, мозайка, деңгейлік  тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: биология, қазақ әдебиеті, бейнелеу.

 

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

– Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

– Оқушылар, біздер өткен сабағымызда Paint графикалық редакторының құралдары тақырыбымен танысқан болатынбыз. Біз бүгін осы тақырыпты қайталай отырып, оны практикамен ұштастырып қорытындылаймыз.

 

ІІ. Өткен тақырыпты меңгеруден кейін оқушы білімін анықтау.

«Көңілді балықшылар» ойыны.

–         Оқушылар, қазір жылдың қай мезгілі?

–         Қыс.

–         Дұрыс айтасыңдар қазір өлкемізге қыс келіп. Жайық өзеніміз мұз құрсауында. Адамдар арнайы рұқсатпен мұз үстінен балық аулауда. Бізде бүгін оқушылар балық аулауға арнайы рұқсат қағаз алып, Жайық өзеніне балық аулауға саяхатқа шығамыз.

(Біз оқушылар Атырау өлкеміздің мұнайдан кейінгі екінші байлығы – балық шаруашылығы екенін жақсы білеміз. Одан көптеген өнімдер өндіріледі. Балық – адам денсаулығына өте пайдалы химиялық элементтерден тұрады. Балық ақыл-ойдың элементі болып табылатын – фосфорға, сондай-ақ кальцийға т.б. өте бай).

Ал, оқушылар балық аулауға дайынсыңдар ма? Олай болса іске сәт!

А) «Көңілді балықшылар» ойынының сұрақтары. (Оқушылар интерактивті тақта қаламын пайдаланып мұздан балық аулайды. Қармағына түскен балықты қоржынға салу үшін сұраққа жауап береді.)

 

1. PAINT графикалық редакторын қалай іске қосады?

 

2. PAINT графикалық редакторында орындалған жұмысты сақтамай қалай жабады?

 

3. PAINT графикалық редакторында дұрыс емес әрекетті қалай болдырмауға болады?

 

4. PAINT графикалық редакторында сызық салудың неше түрі бар?

 

5. PAINT графикалық редакторында әртүрлі сызықтарды салатын мына құралдарға түсініктеме беріңіз?

 

6. PAINT графикалық редакторында тік төртбұрыш пен шаршыны қалай салуға болады?

 

7. PAINT графикалық редакторында қисық сызықты қалай салады?

 

8. PAINT графикалық редакторында көпбұрышты қалай салады?

 

Б) Оқушылар бүгін бізде қонақта қала және аудан мектептерінің оқушылары, яғни өздеріңіздің замандастарыңыз қатысып отыр. Біз оларға аулаған балықтарымыздан өз үлестерін бергіміз келіп тұр. Міне қызық, оқушылар балықтарымыздың қонақтарымызға да қоятын сауалдары бар екен. Ендеше сөз қонақтарымызда. (аудан, қала мектептерінің оқушылары слайд арқылы берілген тапсырмаларға жауап береді)

 

 

1.                                    құралдарының атқаратын қызметі қандай?

 

 

2.                              құралдарының атқаратын қызметі қандай?

 

 

3.                               құралдарының атқаратын қызметі қандай?

 

4.                        құралдарының атқаратын қызметі қандай?

ІІІ. Практикалық бөлім.

 

А) Деңгейлік тапсырмалар.

 

1 деңгей. Бөлшектеп алынған суретті құрастыру.

 

 

 

2 деңгей. Компьютерде үйдің суретін салу.

 

 

3 деңгей. Компьютерде табиғат көрінісін бейнелеу.

Шығармашылық жұмыс. Сурет бойынша тақырыптың мазмұнына шығарма жазу.

 

ІV. Салынған суретерге шолу – саяхат.

 

V.  Оқушыларды бағалау.

Бағалау бетшесін толтыру.

Даму мониторингісі.

 

V. Үйге тапсырма. Шығармашылық жұмысты аяқтау. “Paint графикалық

редакторының құралдары”  тақырыбын қайталау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше