Атырау облысы, Атырау қаласы №19 Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп
информатика пәнінің мұғалімі Бисекенова Багитгул Жолдыбаевна
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар (PDF)
Пәннің аты: Информатика Сынып:8ә Өткен күні:10.10.11
Сабактың тақырыбы: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар
Білімділік: Оқушыларды екілік арифметикамен таныстыру. Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдарды қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың санау жүйесі жайындағы ой-өрістерін дамыту және жылдам есептеуге үйрету. Оқушылардың сөйлеу шеберліктерін, өз ойларын ашық айта білу қабілеттерін дамыту. Сабақтан алған білімдерін күнделікті тұрмыста, еңбекте және басқа пәндерге пайдалана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа, татулыққа, сауаттылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: СТО бағдарламасының элементтері. Пікірлесіп – түсіндіру.
Пән аралық байланыс: Математика., тарих
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайдтар, мультимедиа құрылғылары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, назарын сабаққа аудару
ІІ. Өткен тақырыптарды меңгеруден кейінгі оқушы білімін анықтау
1. Дайындығыңыз қалай? «Ойлану баспалдағы» бойынша сұрақ-жауап
- 1. Санау жүйесі дегеніміз не?
- 2. Санау жүйесі неше топқа бөлінеді?
- 3. Позициялық санау жүйесі позициялық емес санау жүйесінен қалай ерекшеленеді
- 4. Санау жүйесінің негізі дегеніміз не?
- 5. Санау жүйесінің түрлерін ата
- 6. Екілік санау жүйесі не үшін қолданылады?
- 7. Он алтылық санау жүйесі не үшін қолданылады?
2. Біліміңді тексер. Ауыстыру ережелерін сұрап, жеке компьютер арқылы оқушылардан сауалнама алу.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту
Ой шақыру
Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы – санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.
ҚОСУ. Қосу амалын карастырайық. Екілік санды қосу тасымалдау арқылы сәйкес разрядтарды қосуға әкеледі.
Екі екілік санды қосу кезінде мынадай төрт ереже қолданылады:
Мысалы,
101
+ 011
1000 алынады.
Сонымен, 10002=810.
Қосу — екілік арифметикадағы маңызды амал. Компьютердегі екілік сандармен жүзеге асатын басқа үш амал — азайту, көбейту, бөлу әдетте қосудың көмегімен орындалады.
АЗАЙТУ. Екілік санды азайту кезінде:
Мысалы, 1010-101 екілік санның айырмасын табу. Кіші разрядтан бастап азайтуды бағанмен орындаймыз:
1010
— 101 Азайту процесін кезеңімен қарастырайық:
1) Кіші разряд үшін 0-1 бар. Сондықтан үлкен разрядтан бірлікті аламыз және 10-1=1.
2) Келесі разрядта 0- 0= 0 болады.
3) Сол жақтағы разрядта тағы да 0-1 болады. Үлкен разрядтан 1-ді аламыз және 10-1=1
4) Келесі разрядта 0 қалады.
5) Нәтижеде: 1010
— 101
101 алынады.
КӨБЕЙТУ. Екілік сандарды көбейткенде мыналарды есте сақтау керек:
|
101 Тексеру: 1012=1*22+0*21+1*20=510
110 1102=1*22+1*21+0*20=610
|
000
101 Ж/бы: 111102=1*24+1*23+1*22+1*21+0*20=3010
101
11110
БӨЛУ. Екілік санау жүйесінде бөлу – ондық жүйедегі (бұрыштап) сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік жүйеде бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нөл немесе бірлік қана қалады.
Мысал. 30 санын 5 санына бөлейік. Ол үшін 3010 санын екілікке 111102-ге ауыстырайық.
510=101-ге сатылап бөлуді орындайық.
|
11110 101
101 110 1102= 610 нәтижесін алдық.
101
0
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту.
Тәуелсізідігіміздің 20 жылдығына байланысты «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбымен тапсырмаларды орындау арқылы «суреттер сөйлейді» айдарына кезек береміз.
11102+10012= 10111
11012-01102 = 111
1012*1012 = 11001
11112:112=101
11012+310=10000
10102—610= 100
1011012*1610=1011010000
4510:510=1001
(11012+10112):410=110
(10102-1012)*1210=111100
(11012-1112+2510)*1610=11111000
(1112+1012):410=11
1. 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев сайланды
2. 1995 жылы 30 тамызда ҚР-ның жаңа атазаңы қабылданып, конституция күні болып жарияланды.
3. 1991 жылы 24 қазанда Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
4. 1991 жылы 16 желтоқсан ҚР тәуелсіздігі күні болып жарияланды
5. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз теңге айналымға енді.
6. 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды
7. 1992 жылы 2 наурызда ҚР БҰҰ мүше болды
8. 1998 жылы еліміздің бас қаласы Астана болып өзгертілді
9. 1996 жылы Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды
10. 2008 жылы Астана қаласында «Қазақ елі» монументі ашылды
11. 2011 жылы қаңтар-ақпан айларында Азиада ойыны өтті
12. 2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астана қаласында ЕҚЫҰ-ның саммиті өтті
V. Сабақты қорытындылау: Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.
Нұрсұлтан Назарбаев
VІ.Үйге тапсырма: 2.3 тақырыпты оқып, түсінік айту 1,2-тапсырма, 24бет.
VІІ. Оқушыларды бағалау