Шыбын мен Көбелек
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосы
М.Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қажапова Ұлболсын Темірбекқызы
Ана тілі. 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шыбын мен Көбелек
Сабақтың мақсаты:
Мысалды оқи отырып негізгі ойды анықтау.Өз бетінше жұмыс жасауға үйрете отырып, ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілетін дамыту.
Мысалды оқи отырып, адамгершілікке, инабаттылыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Топтарға бөліну арқылы сайыс сабақ өткізу. Топ басшылары шығып, топтарымен таныстырады.
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
Сапар мен Парта.(сахналау) 1-2 оқушыдан жатқа сұрау,партаның суретін салу.
Үй тапсырмасын қорыту.
1.Адырбек Сопыбеков кім?Ол туралы не білеміз?
2.Өлеңнің мысалға жататынын неден аңғаруға болады?
3.Парта Сапарға неге ренжіді?
4.Қалай ойлайсыңдар,Сапар өз кінәсін мойындады ма?Оны өлеңнің қай шумағынан аңғаруға болады?
5.Мысалдан партаның ішкі сезімін білдіру үшін өздігінен сөйлеп кеткен жерін тауып оқы.
6.Диалог дегеніміз не?
ІІІ.Жаңа сабақ.Қызығушылығын ояту.(тақтада шыбын мен көбелек тұрады)
1. Кіріспе. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Автор туралы қысқаша дерек беру.
Сейітқұл Оспанов.
Шыбын мен Көбелек туралы әңгімелеп айту. Екеуінің ұқсастығы мен айырмашылығын сұрау.
Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зиянын айту. Тірек сызба арқылы мысалды талдату.
3. Сурет бойынша екеуіне мінездеме беру.
ІV. «Кім мықты?» сайысы.
а) І -топ тапсырмасы «Шыбын мен Көбелекті» рөлге бөліп оқу.
ә) ІІ-топ тапсырмасы мысалдағы негізгі ойды жазу.
б) ІІІ-топ тапсырмасы 4 жол өлең құрастыру.
V. Сергіту жаттығуы.
«Апта» деген шал болыпты.
Оның жеті ұлы болыпты.
Дүйсенбі мен Сейсенбі
Сәрсенбі мен Бейсенбі
Жұма, Сенбі, Жексенбі
Жетеуінің есімі.
VІ. Үнтаспадан Шыбын мен Көбелектің диалогын тыңдату.
VІІ. Қорытынды. Мақал-мәтелдер:
1.Алтау ала болса, ауыздағы кетер,
Төртеу түгел болса, төбедегі келер.
2.Еңбек-бәрін де жеңбек.
3.Бірлік болмай, тірлік болмас.
4.Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
VІІІ.Бағалау.
ІХ.Үйге тапсырма.
