Сандарды оқу,жазу,салыстыру

БҚО облысы,Орал қаласы
№25 ОЖББМ , бастауыш сынып мұғалімі
 Шакирова Арайлым Бекболатовна

Сабақтың тақырыбы: Сандарды оқу, жазу ,салыстыру(жыл бойына өткенді қайталау)

Сабақ мақсаты:
1Жыл бойы өткен сандарды оқу, жазу, есептеу, салыстыруды қаншалықты есте сақтағанын байқау.Алған білімдерін тиянақтау, тереңдету.

2.Оқушылардың ауызша жылдам,дұрыс есептеу дағдыларын жетілдіру .Ойындар арқылы таным, зейін , ойлау қабілеттерін дамыту.Пәнге деген қызығушылығын ояту.
3. Ұйымшылдыққа, мейірімділікке , туған өлкені сүюге тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: білім,білік , дағдыларын тиянақтау ,топтастыру, ой қозғау.
Көрнекілігі: ойындар, топшамалар, Орал қаласының атаулы орындары ,интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,дүниетану.

Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық:

  • Балалар, жыл бойы сандарды оқуды , жазуды, салыстыруды үйрендік .Бүгін өзімізідің үйренгенімізді көрсетеміз. Көзімізіді жұмамыз, жай әуен ойнап тұрады.

  • -Нұрлы күн аспанға көтеріледі де , өзінің алтын сәулесін жан- жаққа таратып, жер бетіндегі бар тіршілікті ұйқысынан оята бастады, сол күн сәулесінің шуақтары біздің сыныпқа да түскенін сезінейік, күн нұрының шапағатымен көзімізді ашайық.

Қуан шаттан, қуан шаттан!

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты күн бүгін

–Рахмет, балалар, орнымызға отырайық.

– Балалар ,біз қай қалада тұрамыз?

– Орал қаласында

– Біз қай мектепте оқимыз?

– №25 ОЖББМ

Мектеп фотосы

-Қаламыздың қандай көрнекті жерлерін білеміз?

– мектеп, мешіт, Қазақ драма театры, Киров атындағы саябақ, экологиялық мұражай ,мұзайдыны.

– Дұрыс .Балалар қазір біз өз туған өлкемізге , яғни «Орал қаласына» саяхатқа шығамыз.

 

Ол үшін тапсырмаларды дұрыс орындауымыз қажет.

 

ІІ.Қызығушылығын ояту. Саяхатымызды мына бір тапсырмадан бастайық.

–

ІІІ. Мағынаны тану

1 . Біздің мектебімізге жақын жердегі айтулы орын қай жер?

  • Орталық мешіт, мұсылмандар үшін қасиетті орын.

  • ендеше орталық мешітке саяхатқа бару үшін біз оқулығымыздағы №1 мысалды дұрыс орындауымыз қажет.( тақтаға орындайды)

Өсу ретімен : 9,10, 6, 2,7,3,5,4,1,8. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Кему ретімен: 9,10, 6, 2,7,3,5,4,1,8. 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.

  1. Өз бетімен жұмыс . «Үйлерге орналастыр» ойыны.Келесі тапсырманы әркім өз бетімен орындайды.

Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық

3. Біз әрқашан түрлі қойылымдар ,ертегілер көру үшін, жаңа жылдық мерекені тойлау үшін қандай мәдени орынға баратын едік? Есімізге түсірейікші балалар?

– Қазақ драма театры.Мұнда өнер адамдары , әртістер жұмыс жасайды, адамдардың көңілдерін көтереді.

 

-ия дұрыс. Біз теартға немен баратын едік?-Автобуспен

– Автобусқа отыру үшін тапсырманы орындауға тура келеді.

Автобусқа жақсы орнығып болсақ, енді оқулықтағы №2 мысалды орындайық.(салыстыру тақтаға орындайды.)

7 онд.+2онд* 10онд.-4 онд 60+30*100

1 онд. + 3онд * 5онд. – 3онд 50-20*50-30

8 онд.+2 онд.* 8 онд. – 2 онд 90* 80+10

 

3.Қаламызда бірнеше демалыс саябақтары бар. Ал,соның ішінде ең көрнекті,әрі әдемі ,қала халқының , қала тұрғындарының сүйікті демалыс орталығына айналған саябақ қалай аталады?Бұл жерге сендер де жиі барасыңдар?

  • Киров атындағы саябақ

  • Дұрыс, балалар. Мұнда кіріп ойын ойнау үшін білімімізді көрсетейік.

Ол үшін оқулығымыздағы №3 есепті қатесіз орындаумыз қажет. (тақтаға орындайды)

 

а) 1-ші кітап -90бет ? артық

2-ші кітап – 50 бет

Шешуі: 90-50=40

Жауабы: 1-ші кітап 2-ші кітаптан 40бетке артық

 

ә) 1-ші кітап -90бет

2-ші кітап – 50 бет ?кем

Шешуі: 90-50=40

Жауабы: 2-ші кітап 1-ші кітаптан 40бетке кем

 

 

 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Жоғары қолды созайық

Алақанды ұрайық

Қолды белге қояйық

Бір отырып,бір тұрып

Біз тынығып алайық!

 

Оқулығымыздағы № 4 логикалық тапсырманы орындайық.

Иттің үйшігіне баратын ең қысқа жол төменде.

 

4.Біздің қаламызда көптеген мұражайлар бар. Соның ішінде қаламыздың сирек кездесетін жануарлары мен құстары, өсімдіктері жинақталған «Экологиялық мұражайға» саяхатқа шығамыз.

 

Ол үшін қазір «Гүлдерді жина» деп аталатын ойын ойнаймыз.(ауызша)

 

 

5.Біздің мектебіміздің дәл қасында кандай атаулы орын бар?

  • Мұзайдыны.Мұзайдынға барып жүрсіңдер.Онда не істейміз?

  • Мұзда сырғанаймыз? Денемізді шынықтырамыз.

  • Ендеше , мұзайдынына саяхатқа бару үшін «Тиінге жаңғақ жинауға көмектесуіміз керек.(ауызша)

Керекті сан шығатындай 3 кегльді боя:

 

 

6. Мұзайдыннан шығып , мектебімізге барайық.

 

Оқулығымыздағы № 5 мысал(ауызша)

+10 -40 + 10 -10 +70 -40

 

 

Қосының және айырманың мәнін тап.

ІY.Бекітуге тапсырма.

Ойын: « Көбелек аула»

 

 

Y.Қорытынды.

– Қай тақырыпты қайталадық?

– Бүгінгі сабақта қандай тапсырмалар орындадық?

YI.Бағалау. (қаланың белгісін (эмблема)беру)

YII.Үйге тапсырма: №4 мысал 47 бет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше