«Зияткерлік олимпиада» білім додасы

Жолдасова Зауре Базылқызы
Атырау облыстық  дарынды балаларға арналған қазақ түрік лицейінің
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
ҚР Білім беру ісінің үздігі

Мақсаты:Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерінің тиянақтылығын, жүйелігін, жан-жақтылығын анықтау. Оқушылардың туған тілін, салт-дәстүрін, әдебиетін, мәдениетін терең оқып-тануын дамыту; Өз елінің ұлттық байлығын қастерлеуге тәрбиелеу.

Олимпиаданы өткізу барысы:

1. Амандасу.

2. Таныстыру.

3. Шартын түсіндіру.

Олимпиада екі команданың: 9А сыныбы – «Ұшқын», 9Б сыныбы – «Бірлік» арасында 4 кезең бийынша өтеді.

Олимпиаданың жүрісі:

І кезең: «Қазақ тілі – ұлттық байлығым»

1. а)Көшпенділер философы атанған әдеби тұлғаны атаңыз. (Асан қайғы)

ә) Адамның психологиялық ішкі толғанысын білдіретін әдеби – теориялық ұғым (монолог)

б) «Құрау», «Біріктіру» деген мағынаны білдіретін тіл білімінің саласы. (синтаксис)

Бұл сұрақтарға дұрыс жауап берген і үшін 10 ұпай беріледі.

2. а) Өз туындысында Отырар халқының трагедиясын шебер суреттеген ақын (Мұхтар Шаханов);

ә)Өмірде кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалатын шығарма (ертегі)

б)Стиль дегеніміз қай тілден енген және қандай мағынаны білдіреді? (латын тілінен енген, жазу мәнері, қолтаңба)

Бұл сұрақтарға жауап бергені үшін 20 ұпай беріледі.

3.а)Ананың психологиялық жай-күйі шебер суреттелген әдеби шығарма (М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»)

ә)Сабақтас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? (6 түрі)

Бұл сұрақтардың жауабына 30 ұпай беріледі.

4.Бейнесұрақтар:

а)Түрік тілі пәнінің мұғалімі Рүстем ағайдың сұрағы:

– Торсық неліктен қошқар мүйіз түрінде жасалынған?

ә) Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Руслан ағайдың сұрағы:

– «Сауға» деген қандай дүстүр?

б) Республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысының жеңімпазы, 11-сынып оқушысы Абайдың сұрағы.

– Әлемдік «ең үздік 100 романның» қатарына енген қазақ романы қай жазушының еңбегі (кітабы)?

в) Кітапханашы Ләззат апайдың сұрағы:

– Қазақтың киіз үйі неше қанатты болады?

Бұл бейнесұрақтардың жауаптарына 40 ұпай беріледі

ІІ кезең: «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин»

Әр топқа Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы жөнінде сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап берсе, 50 ұпай берілді. Егер жауап бере алмаса, 3 мүмкіндік-көмек беріледі. Қай мүмкіндікте жауап берсе, сол ұпай қосылады.

1.Ұстаз ақынның 1879 жылы Орынбор қаласында жарық көрген еңбегі (50ұпай)

а) Кеңес дәуірінде жинақтарда бірнеше рет басылған (40 ұпай)

ә) Орыс транскрипциясымен басылған (30 ұпай)

б) Мектеп оқушыларына аналған негізгі құрал (20ұпай)

Жауабы: «Қазақ хрестоматиясы»

2. Қараңғы қазақ қауымына озық мәдениетті елдердің үлгі-өнегесін көрсететін шығармасы (50 ұпай)

а) Жақсы мен жаман, білімділік пен надандық салыстырыла суреттелген шығармасы (40 ұпай)

ә) Келешекке сенім артқан шығармасы (30 ұпай)

б) Өз халқының ілгерілеуіне жол салған өлеңі (20 ұпай)

Жауабы: «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі

3 . Елін , жерін сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңі (50 ұпай)

а) Тұтас лирикалық, пейзаждық өлең (40 ұпай)

ә) Табиғат көрінісі халық тіршілігімен байланыстырыла суреттелген (30 ұпай)

б) Өз сезімінің асқақ көрінісін танытқан (20 ұпай)

Жауабы : «Өзен» өлеңі

4. Өз дәуірінің өзекті мәселелерін реалистік үлгіде көрсеткен еңбегі (50 ұпай)

а) «Отырықшы» (40 ұпай)

ә) «Барымта» (30 ұпай)

б) «Кедей» (20 ұпай)

Жауабы : «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі

5. Ананы сүйе білудің айқын үлгісін көрсететін әңгімесі (50 ұпай)

а) «Ана» (40 ұпай)

ә) «Ауру» (30 ұпай)

б) «Сынықшы» (20 ұпай)

Жауабы : «Аурудан аяған күштірек» әңгімесі

6. Қазақ тұрмысына жақындатып, өзінің төл әңгімелерімен қатар қойған аударма әңгімесі (50 ұпай)

а) «Қыз» (40 ұпай)

ә) «Шапан» (30 ұпай)

б) «Торғай» (20 ұпай)

Жауабы : «Бір уыс мақта» әңгімесі

III кезең : «Абай – қазақтың бас ақыны»

Әр топқа Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы жөнінде сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берсе , 50 ұпай беріледі. Егер жауап бере алмаса , 3 рет мүмкіндік – көмек беріледі. Қай мүмкіндікте дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.

1. Ұлы ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған шығармасы (50 ұпай)

а) Әрбір жігерлі жастың талпынатын биік арманын көрсеткен (40 ұпай)

ә) Жастардың білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей , еңбектенуіне жол сілтеген еңбек (30 ұпай)

б) Келешек жастардың қараңғы , надан қауымнан өзгеше болуын көрсететін шығармасы (20 ұпай)

Жауабы : «Ғылым тапай мақтанба» өлеңі

2. Озық мәдениет пен ғылымды , білімді игерген жаңа адамның бейнесін берген шығармасы (50 ұпай)

а) Жаңа адам бейнесінің бойындағы бауырмалдық , қарапайым мінезді жастарға үлгі етіп көрсетеді (40 ұпай)

ә) Оның ғылым жолындағы ізденісін «Жаңа жылдың басы» санайды (30 ұпай)

б) Абайдың қайғысын ұлғайтып көрсететін өлеңдері (20 ұпай)

Жауабы : Әбдірахман өліміне арнау өлеңдері

3. Халықты жүдетіп , шаршатып отырған ұнамсыз әрекет, мінездерді , олардың ішкі сырын үлкен шеберлікпен ашатын психологақын ретінде танылатын Абайдың халықтық өлеңі (50 ұпай)

а) Ел ұйытқысын бұзған , оның берекесін кетірген әкімсымақтарға деген ызасы ерекше көрінетін өлеңі (40 ұпай)

ә) Заманы мен өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшіліктері өткір сыналатын өлеңі (30 ұпай)

б) Еңбекші халықтың мүддесін қорғаған азамат үні естілетін өлеңі (20 ұпай)

Жауабы : «Қалың елім , қазағым , қайран жұртым» өлеңі.

4.Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған озық үлгісі (50 ұпай)

а) «Мезгіл» (40 ұпай)

ә) «Адам» (30 ұпай)

б) «Табиғат» (20 ұпай)

Жауабы : Табиғат лирикасы.

5. Әділдік пен жауыздықтың тартысына құрылған , ақыл , әділдікті соған қарсы ұсынған төл туындысы (50 ұпай)

а) «Таразы» (40 ұпай)

ә) «Әскер» (30 ұпай)

б) «Қақпа» (20 ұпай)

Жауабы : «Ескендір» поэмасы

6.Күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселерді ашып көрсететін ақынның даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған шығармасы. (50 ұпай)

а)Көкірек (407)

ә)Ғибрат(307)

б)Ақыл(207)

Жауабы : «Абайдың отыз бірінші қара сөзі»

 

IV кезең «Атырауым, айбынды өлкем менің,

Сенде туып, өзіңде өркендедім»

Атыраудың арынды ақылдары мен жалынды жазушыларының фото суреттері көрсетіледі, еңбектері жазылады, соған қарап, кім екенін табады. Дәл тауып айтқан командаға 50 ұпай қосылады.

1.Ф. Оңғарсынова 4. Ж.Нәжімеденов

2.Ә.Сәрсенбаев 5. Ғ. Сланов

3.Х. Ерғалиев 6. З.Қабдолов

Әр кезең бойынша қазылар алқасы ұпай қорытындысын айтып отырады. Соңында жалпы ұпай шығарылады да «Жеңімпаз» команда анықталады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше