Ақсақ құлан, Жошы хан

Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы
Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-

гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Тілеубекова Мөлдір Манатбекқызы

 

Күні: Сынып: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақсақ құлан, Жошы хан
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға «Ақсақ құлан, Жошы хан» аңызы туралы түсінік беру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Аңыз әңгімелер жинағы,интербелсенді тақта.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Аңыз – әңгімелер, «Асан Қайғының Жерұйықты іздегені» мазмұндау

 

ІІІ. Өткенді қайталау

  1. Аңыз дегеніміз не?

  2. Аңыз қалай пайда болған?

  3. Аңыз – әңгіме неден құралады?

  4. Аңыз – әңгіме бізге қалай жеткен?

  5. Асан Қайғы жерұйықты қалай іздеген?

  6. Асан Қайғы қайда қайтыс болған?

 

ІΥ.ВЕНН диаграммасы

 

ІVЖаңа сабақ. Электрондық оқулықтан мазмұнын тыңдау

 

Ақсақ құлан Жошы хан

Жошы ханның ашамайға мінгізген жас баласы аңшылармен бірге жүріп, бір жерде қашып бара жатқан ақсақ құленды қуып кетіпті. Ақсақ құлан жүйіткіп бара жатқан бір топ құланға қосылыпты.Баланың астындағы еріккен тұлпар елігіп құландарға қосылады. Құланның әңгісі баланы шайнап өлтіреді. Жошы аңшыларға қаһарын төгіп: «баламды тауып бер» деп қалың кісіге іздетеді.

Баламды өлді деп естірткен адамның құлағына қорғасын құямын деп жарлық қылады. Енді ешкім баласының өлгенін Жошы ханға айта алмайды. Ақыры көпшілік ордада отырып, бір домбырашыға күймен айтқызады.

І-ТАПСЫРМА. Жоспар құру.

ІІ-ТАПСЫРМА Мінездеме

КЕТ-БҰҒА ЖЫРАУ

ІІІ-ТАПСЫРМА

Ақсақ құлан, Жошы хан.

Кейіпкерлері

Оқиға желісі

Өз пікірім

 

 

 

 

 

 

 

ІΥ-ТАПСЫРМА

 

 

 

 

VІ. Түсінік тексеру:

  1. Жошы ханның жас баласы қалай қайтыс болған?

  2. Жошы қаһарын қалай төкті?

  3. Жошы не деп жарлық шығарды?

  4. Жошыға баласының өлгенін кім және қалай естіртті?

 

VІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Аңыздың фолклорлық нұсқасы мен белгілі жазушы Мұхтар Мағауин жазған әдеби үлгісін салыстырып, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ұқсастығы мен айырмашылығына зер салыңдар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше