10 санының құрамын қайталау
Ш Қ О Күршім ауданы, Н.Островский атындағы
№4 Күршім орта мектебі мектепалды
даярлық тобының тәрбиешісі.
Алтай Қайнар
Сабақтың тақырыбы:10 санының құрамын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік:10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез келген 10 саннан кем санды 10-ға дейін толықтыру, 10 санының құрамын пайдаланып, мәні 10-ға тең қосынды,оған кері айыру құрастыру бастайды.
-
Дамытушылық:Сын тұрғысынан ойлау техникаларының элементтерін пайдалана отырып оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру, ақыл-ой белсенділігін күшейту.
-
Тәрбиелік:Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау (саяхат сабақ)
Әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап,ойын,әңгімелесу.
Көрнекілігі:ертегінің кейіпкерлері,слайд,сурет,карточка дәптер, сиқырлы математика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Оқушылар:
Сабаққа біз даярмыз,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздік оқып әрқашан,
Үнемы жлдызша аламыз.
ІІ.Жаңа сабақ.
Мұғалім:
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Көздерімізді жұмып, көз алдымызға ертегілерді елестетейік.
— Қандай ертегілерді естеріңе түсірдіңдер? Айтып беріңдер?
Сыныпты 3 топқа бөлеміз. Әр топқа ат қоямыз.
1-топ Құштар.
2-топ Іңгар.
3-топ тұлпар.
Мақта қыз бен мысық ертегісі. Бұл ертегіні өткен көркем әдебиет сабағында оқыған болатынбыз. Суретке қарап осы ертегіні кім бастаймын дейді.
Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: Келмесең келме–деп,мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: — Неге шақырдың? — деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: — Ендеше қатығыңды төгем–дейді.
Мақта қыз: — Мен құйрығыңды кесіп аламын–дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығың кесіп алады. — Мақта қыз құйрығымды берші–дейді. Қатығымды қайтарған соң, құйрығыңды беремін дейді. Енді мысық бізден көмек сұрап тұр. Мысыққа құйрығын қайта алуға көмектесеміз бе? Ол үшін біз тапсырмаларды орындауға көмектесейік. Сәт сапар, достар!
Сиырдың «Жарыс» деген ойын тапсырмасын орындайық.
-
Сандар қатарын ата. 0-10
-
Бір қазақ қалаға бара жатыр еді,жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
-
Бір қауын ауыр ма, әлде бір алма ауыр ма?
-
0-10ға дейін тура және кері санау?
-
1 жылқының неше аяғы бар?
Ойын: « көрші санын тап»
Ал енді ағаштың тапсырмасын орындайық.
-
Не көп? Не аз?
-
Әр топтағы заттарды салыстыр?
-
Әр қайсының қалпағын тап?
-
Қосу және азайту амалын құрау.
Қыздардың тапсырмасы.
-
Тең боладысы 10-ға тең болатын өрнектерді ата?
-
Әр қапта қанша зат бар?
-
Тап және көрсет: нүкте,түзу,қыисық сызық,сынық сызық,кесінді
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Биік болып өседі.
Дүкеншінің тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс.
-
Көркем жазу.
-
Кім шапшаң.
-
Есепті шығар. 1+2= 2+2= 5+5= 6+4= 8+2=
Балық аулау ойыны. (қол қимылы арқылы жасалатын ойын)
Тауықтың тапсырмасы «Геометриялық фигураларды атау».
Оқушыларға конверт беріледі. Конверттің ішіндегі фигуралардың атын атау.
Ребус шешу
Тышқанның тапсырмасы артық затты тап.
Мысалы: алма,ананас,доп,банан.
ІІІ.Қорытынды
Балалар бүгінгі сабақта біз қай ертегі туралы әңгімелестік?
күн қай фигураға ұқсайды?
Күн туралы қандай ән білесіңдер?
«Әр қашан күн сөнбесін» әнін орындпу.
Үйге тапсырма :
Санамақ жаттап келу.
1V.Бағалау 🙁гүлдін сүретін тарату)
