ю дыбысы мен әрпі

Ш Қ О Күршім ауданы, Н.Островский атындағы
№4 Күршім орта мектебі мектепалды
даярлық
тобының тәрбиешісі.
Алтай Қайнар.

Сабақтың тақырыбы: ю дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсатыБілімділік: Оқушыларға ю дыбысы мен әрпін одан әрі түсіндіру,ю әрпінің баспа түрін жазуды үйрету.
Дамытушылығы: ю дыбысы мен әрпі арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін танымдық іс – әрекеттерін, шығармашылығын сөздік қорларын ,буын туралы түсінігін кеңейту,

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұлтжандылыққа Отан сүйгіштікке, ұқыптылыққа,

сауаттылыққа, жануарларды қорғауға дағдыландыру.

:

Көрнекілік: ю дыбысының баспаша, кеспе әріптер қалтасы, ойыншықтар, жұмбақ, аюдың суреті, бағанадағы сөздердің суреттері, алфавит, текшелер,слайд.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, ізденушілік, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік,

Кітаппен жұмыс,шығармашылық,жұмбақ.

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ә) Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

– Балалар, біз бүгін топ болып хайуанаттар бағына саяхат жасаймыз.Бақта аңдар, құстар болады.Оларды арнайы торда күтіп өсіріледі.бақтағы аңдар бізге тапсырмалар береді,соны біз орындауымыз керек, орындамасақ бізге ренжиді.қане тапсырманы орындауға дайынбыз ба? Автобусқа отырып, хайуанаттар бағына барып саяхат жасайық.

-Балалар қараңдаршы мынау қандай аңдар?

-Жақсы ендеше солардың тапсырмасын орындайық.

 

Қасқырдың мынандай тапсырмалары бар екен соны орындайық.

 

  1. Ой қозғау

а) Дыбыс деген не?

ә) Әріп деген не?

б) Дыбыстар нешеге бөлінеді?

в) Ю дыбысы қандай дыбыс?.

 

Енді аюдың тапсырмасын орындайық.

а) « Сөз ойла ,тез ойла» ойыны

а) ю дыбысынан келетін сөздер айту:

ә) ю дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу.

Аю ,Юра ,Қою, Құю,Ою,Көбею,Оюлау.

б) Ю дыбысын әр топтан 3 – 4 баладан оқыту.

Аю

Юля

Ою

юбка

қою қою

 

Қию

 

Құю

. Енді қоянның тапсырмасын орындайық

Хормен оқу,жеке оқу.

  • О-ю, о-ю, и-ю,қо-ю,жа-ю,то-ю,ты-ю,сы-ю,қы-ю,

-Той-то-ю Тый-ты-ю Сый-сы-ю

-Қой-қо-ю Қый-қы-ю Ки-ки-ю

-сой-со-ю Жый-жы-ю Ти-ти-ю

 

.
з) Сергіту сәті. Мынау менің жүрегім,

Бәрін өзі басқарған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін өзі атқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Бәрін өзі жасаған.

Енді түлкінің тапсырмасын орындайық.

«Шығармашылық жұмыс» бөлімі. Көктемнің суретіне қарап сөйлем құрастырыңдар деген тапсырма беріп отыр.

 

  • Қазір қай мезгіл?

  • – Көктем.

  • Көктемнің қай айы?

  • – Сәуір.

  • Аптаның қай күні?

  • Сәрсенбі.

 

–Көктем келді .Қар еріп жатыр.Құстар ұшып келді. Т.б.

 

Арыстанның тапсырмасы . «Репусті шеш» бөлімі. .

Күй, май,айна,тай, қара

 

Өте жақсы балалар.. «Қай дыбыстан басталады» ойыны.

Заттардың атауы қай дыбыстан басталатынын айт. Дыбысты сәйкес суретпен үзік сызықтар арқылы біріктір.

Ананас,уық,ыдыс,орындық,ұя.

Ою,инелік, із,әтеш,егеу,үтік.

 

Сергіту сәті: Би « Қаражорға» .

8.Жұмбақты шеш.

Жазда қаңғиды,

Қыста қалғиды.

(Аю)

Аюда бар,

Айда жоқ.

Оюда бар,

Ойда жоқ. (ю )

Қортынды.

-Бүгін біз балалар қайда бардық?

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Ю дыбысы қандай дыбыс?

-Ю дыбысы сөзде қалай орналасады?

-Дыбыс, әріп, буын дегеніміз не?

Бағалау.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.Геометриялық фигуралар арқылы бағалаймын.

 

 

 

-5 -4 -3

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше