Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері

Сисекешева Айгерім

Тарих пәнінің мұғалімі
Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің
өзара әсері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: УІ-ІХ ғғ. шаруашылық мәдениеттің құрамдас бөліктерінен мәліметтерді игеру.
ә) дамытушылық: Қазақстанның аймақтарында орын алған шаруашылықтың түрлерін анықтап, оны қазіргі кезеңмен байланыстыру.
б) тәрбиелілік: Жаңа сабағымыз бойынша барынша ақпараттарды меңгеріп, әрбір оқушы өзіне ұнамды жерлерін ойға түйіп алу.
Сабақтың типі: Трек сигналдар сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: карта, схема.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
§ 6. Қимақ қағанаты.
ауызша    Тайпалық құрамы және құрылуы
ауызша     Қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы
ауызша     Шаруашылығы, қолөнері, мәдениеті
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Тақырыбы: §7. Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
1.   Жартылай көшпелі мәдениет
2.   Қала мәдениетінің дамуы
3.   Қала және дала тұрғындарының материалдық мәдениеті
4.   Жартылай көшпелілердің материалдық мәдениеті
5.   Қыш құмыра жасау, металл өңдеу, сауда мен ақша айналымы
Жартылай көшпелі мәдениет
Мал өсіру. Ол алдымен қолға үйретіліп, ұзаққа шығарылмаған.
Тұрақты қыстау, күзеу, көктеу, жайлау- жарт көшп., егіншілік те болды.оны жарт отыр мал өсіру дейді
Темір дәуірінде көшп және жарт көшп мал шар. орын алды. Ауа райы кең әсер етті.
Мал өсірушілер өз өнімдерін қалалықтарға сатып, тұрмысқа қажеттісін алған.
Жол бойында орналасса ол қалаларға айналған.
Қала мәдениетінің дамуы
УІ-ІХ ғғ. Қаз. Оңт. Және Жетісудың оңт-бат. Қалалық мәдениет болған.
Жетісуда – Тараз, Талғар, Алмалық, Қойлық.
Оңт. Қаз-да отырықшы мәд. Орталығы – Отырар, Йасы, Сауран, Сығанақ, Құлан.
Кедей малшылар егіншілікпен айн.
Олар жарт. Көшп. Мал өсірушілермен б/та болған.
Қала мен дала тұрғындарының материалдық мәдениеті
Қала сырты дуалмен қоршалып, үйлер бір немесе бірнеше бөлмеден тұрды. Қазан ошақтары жылу берді.
Қаланың орталығында байлар, үйлері ерекше, ортасында тұрмысы орташалар –қолөнер шеберлері , үшінші сатыда кедейғ егіншілер тұрды.
Құрылыс жүйелері: қыстақ-кенттер(егінш.айн., қолөнер), қорған-қамал бекіністері. Заттары бірге жерленген.
Жарт.көшп. материалдық мәдениеті
Негізінен мал шар.айн. баспанасы-киіз үй. Қыстауларда тұрақты үйлері болды.
Үй жанынан мал қоралары болды. Үйді тас, ағаш, қамыс, шикі кірпіштен жасаған.
Арх.зерт.нәт-де. Жерленген адамдар қасынан қару-жарақ, қанжар, бас киім, т.б. табылды. Соған қарап беделі анықталған.
Қыш құмыра жасау, металл өңдеу, сауда мен ақша айналымы
Бұл өнер қала тұрғындарында жақсы дамыды. Себебі, қалалықтар бір жерде тұрақты өмір сүрді, шеберханалары болды. Сапасы жоғары болды.
Металл қорытып жасады. Құралдары: темір шот, қайла, балға, ағаш, темір сыналар. Аймақтар: Шу, Іле, Талас.
Сауда бағыттары: 1. халықаралық; 2. Қалалардың өз аумағындағы; 3. Қалалардың дала тұрғындарымен саудасы. Заттары: жібек, қағаз, айна, кілем, асыл тастар, шыны, мата.
УІ. Жаңа сабақты бекіту:
Бекіту барысында жаңа сабаққа қатысты қосымша сұрақтар қойылады.
1.     Жартылай көшпелі мәдениет дегеніміз не?
2.     Қала мен жартылай көшпелі мәдениеттердің айырмашылықтары
3.     Материалдық мәдениет дегенімізді қалай түсінесің?
4.     Қолөнермен кімдер айналысты?
5.     Металл өңдеу қалай жүргізілді?
ІУ. Жаңа сабақты қортытындылау:
«Мен бүгінгі сабақта нені меңгерідім?»
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктерімен танысу.
У. Үйге тапсырма беру:
§7. Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері. Қосымша хрестоматиядан оқып келу.
УІ. Белсенді жұмыс істеген оқушыларды бағалау.
Оқушының білім, білік дағдыларын дұрыс бағалау. Бағалау кезінде ескерілетін нәрсе: білім тереңдігі, толық жауабы мен қажетті мәліметтерді орынды пайдалану, тақырыптың азмұнын аша алатындай мәселені ой-пікір тұрғысында жүйелі баяндауы және әдеби тіл нормасын сақтау мен қорытынды пікірі орынды, тиянақты болуы шарт.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше