Киіктің айласы
Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаров кентінің
№1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:
Самыратова Куанышкүл Әбдірахмановна
Сабақ тақырыбы: Киіктің айласы.
Мақсаты: 1.Мәтіндегі негізгі ойды,идеяны ұғындыра отырып,табиғаттағы тылсым
тіршілік иелерінің өздерінің қорғану айлаларын түсіндіру.
2.Оқушылардың ой-өрісін,дүниетанымын кеңейту,сөйлеу шеберліктерін
жетілдіру.
3. Табиғатты тани білуге,табиғатты сүюге,бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:сөз жұмбақ,суреттер,мақал-мәтелдер
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың зейінін шоғырландыру.Сабаққа қоноқтар қатысып отырғанын
айтып дайындау.
2.Үй тапсырмасы:
– Біз қазір қай тарауды оқып жатырмыз?
– Табиғат-менің өз үйім.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Қайырымдылық
-Мәтіннің мазмұнын оқушылардан сұрау.
-Бүгінгі сабағымыздың үй тапсырмасын, «Бәйге » ойыны арқылы пысықтаймыз.
(Деңгейлі тапсырма ретін айта кету) 1-слайд
10
2-слайд
1.сол.ж.20-Мұғалима Мұхтарды не үшін мақтады?
2.ортадағы 50-Мектептен келе жатып Мұхтар қандай оқиғаға тап болды?
3. оң жақта 10 –Ол нені құтқарды?
4. Оң жақта 30- Мұхтар не үшін қуанды?
5. сол жақта 30-Мұхтарға анасы не үшін ұрыспады?
6. ортадағы 40- Мәтіндегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
7. оң жақта 20- Әңгіменің «қайырымдылық» деп аталу себебі не?
8. ортадағы 40-Мұхтардың орнында өзің болсаң қайтер едің?
9. сол жақта 20-«қайырымдылықты» қалай түсінесің?
-Мәтіндегі күшік ненің баласы?
-иттің баласы.
Оқушылардан мақал-мәтел сұрау.
Мақал-мәтел: –
1.Ит үйдің күзетшісі. 2. Ит жеті қазынаның бірі. 3. Ит-адамның досы.
-Ата-аналардан тақырыпқа қатысты мақалдар сұрау.
Баланың жақсысы-қызық, Өнерлі бала сүйкімді. Ынтымақ түбі-бірлік.
Жаманы-күйік.
Қайырымдылық-қорғау,көмектесу.
Табиғаттағы тіршілік мүшелерінің бәріне қайырымдылық жасау керек.
3-слайд.
-Балалар қайырымдылықты тағы нелерге жасау керек? Топтастыру
Үй хайуанаттары
Құстарға Ағаштарға
Жануарларға
Біз табиғаттағы жануарлардың бәріне көмек бере алмаймыз.Олар өз жауларынан қорғанады.
-Бүгінгі сабағымызда қандай жануар әңгіме болатынын сөз жұмбақ арқылы табайық. Сөзжұмбақты шешеміз. 4-слайд
1. Жыл мезгілі.
2.Жеміс ағашы.
3.Төрт түліктің бірі.
4.Өз атын шақыратын құс.
-Қандай жануардың аты шықты?
-Киік.
Слайдтар көрсету,киік туралы түсінік беру.
-Бүгінгі өтілетін тақырып «Киіктің айласы» тақырыбын дәптерге жаздыру.
Әуелбек Қоңыратбаевтің өмірбаяны туралы айту.
-Мәтіннің мазмұнын түсіндіру.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс
-Оқушыларға тізбектеп оқытамын.5-слайд Дамыту мақсатында тапсырмаларды оқулықтан беру,қасқыр мен қабанның қаруларын ата.
Дәптермен жұмыс.
-Мәтіндегі аталған аң мен жануарлардың аттарын жаздыру.
Қорытындылау: 6-слайд. Сюжетті суретпен жұмыс.
-Мына суретте нені байқап тұрсыңдар?
– Киіктер қайда келіп еді?
-Аш қасқырлар не істеп отыр еді?
-Қасқырлар қандай әрекет көрсетті?
-Ақсақ теке киік қандай айла жасады?
– Аш бөрілерге не болды?
-Киік шынымен ақсақ па еді?
Оқушыларды бағалау.
Үйге:Әңгімені оқып келу,киіктің суретін салу.
