Ана- өмірдің шуағы
Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаров кентінің
№1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалім
і: Самыратова Куанышкүл Әбдірахмановна
мақсаты:
Оқушыларды Ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке ,ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер
Сабақтың барысы: Мұғалім сөзі:Құрметті ардақты аналар, қадірлі апалар, аяулы қыздар! 8 наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Сіздерге ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілейміз.
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды.
. Бүгінгі «Ана-өмірдің шуағы» ертеңгілігімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
1.Той пердесін ашайық Қасым
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
2. Құтты болсын ардақты анам Алмас
Асыл анам мерекең
Құтты болсын алтын анам
Қуанышты берекең
3. Анаға арнап ақ тілектер айтар күн, Гүлдана
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
4. О, Ата-анам! Емб. Аружан
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болсын екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Ән:Құттықтаймын мама (ұлдар)
5. Аялаған баптаған, Ақерке
Асыраған сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс!
6.Ерлік еткен біз үшін, Бекболат
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Әжемізге мың алғыс!
7. «Адал бол, – деп, – балдырған», Мая
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат,
Тілегінде марқабат
Апаларға мың алғыс
-Ал енді балалар аналармен ойын ойнайық
Олардың шешендігін сынап көрелік
Сөз тапқанға қолқа жоқ ойыны
Аналарды ортаға шақырып бір әріп таңдатамыз.
Таңдаған әріптерге басталатын сөздермен төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Ұялғанда не істейсің?
-
Сен үшін байлық не?
-
Кім сұлу?
Сөйлей –сөйлей кім боласың?
-
Бақшада не өседі?
-
Қиындықты қалай жеңесің?
-
Асыл мұраларды қалай құрметтейсің?
-
Құлақ неге екеу?
-
Кімнің қамын ойлайсың?
-
Әке көрген не істейді?
-
Үлкенді қалай сыйлайсың?
-
Балқашта не көп?
-
Ұл бала қандай бала?
-
Ананың көңілі балада ,баланың көңілі қайда?
-
Тіл не үшін керек?
-
Сен кімсің?
-
Қандай аспапта ойнайсың?
-
Нені өсиет санайсың?
-
Неден қорқасың?
-
Ең кіші не?
-
Арманға жету жолы не?
-
Көз неге екеу?
-
Базарда не бар?
-
Қиындықты қалай жеңесің?
-
Ұлылардың ұлысы кім?
-
Қол не үшін керек?
-
Сен үшін байлық не?
-
Ең жақын не?
-
Төрт түліктің бірі
-
Көре-көре кім боласың?
-
Не іздеп жүрсіз?
2) Ойын: Гүл күлшелерін жинап, балаға жақсы сөздер айту, бірінші болған ана жеңеді.
3) Ойын:
8. Анам мені: «Айым»- дейді, Іңкәр
Мен мұңайсым, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» -дейді
Мен қуансам күлімдейді
9. Әжем мені «Жаным «- дейді Меруерт
Жан жүрегім балым дейді
«Сен үшін мен әлемдегі
Бар асылды алам» -дейді
10. Еркелесем, күлімдейтін. Ерұлан
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым күнім»- дейтін,
11. Әлемдегі ақылды адам- Жақсыгүл
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе мен де
Батырларша батылданам.
12. Жамандықтан сақтандырып, Ерғ. Аружан
Жақсы ісімді мақтан қылып,
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып
Ән:Әжем менің (қыздар)
13. Айтсаң болды тіл алам, Нұрай
Әйбат мамам, ай мамам
Сені көрсем қуаным,
Сен керексің қайда да
Жүре берсең қасымда,
Әйбат анам, ай мамам.
14. Ботам деген даусыңнан Зере
Мен мәз болып оянам
Кір түсірмей жағама
Шашымды да тарайсың
Мектебіме барарда,
Мейірлене қарайсың
Тау қопарып, тасты үгіп,
Саған қандай жақсылық
Жасай алам мен, ана!
15. Алақаны ақ самал, Дариға
Мәпелеген жан ана
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың,
Еңбегіңді ақтайтын,
Аман болшы, анашым
16. Мәпелейсің мені, анам, Еркеназ
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағында қысылмай.
Үмітіңдей көзіме,
Көп қарайсың үңіліп
Еркелеген сөзімде
Ертеңіңіз тұр күліп.
17. Ер жеткізіп елге Берген баласын Нариман
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас – қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым.
18. Күнім»-дейсің мені Алиасхаб
Күн мейірі сенде
Күннің ыстық лебі
Құшағыңа тең бе?
Айналайын ана!
19. «Жаным»-дейсің мені Нұрай
Жаратушым-бір сен
Жанашырым-білсең
Айналайын ана!
20. Апамызды сыйлайы. Жеңіс
Үйдің ішін жинайық.
Бұрынғыдай егесіп,
Ерегісіп тұрмайық,
Қалмау үшін керісіп,
Кел алайық келісіп.
Атқарайық үйдегі
Жұмысты тең бөлісіп.
21.Кел, самаурын қайнатып, Алмас
Дастарханды жайнатып,
Отырайық бөлмеде
Бөпемізді ойнатып.
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуайық.
Шаршап келген кезінде,
Қалсын апам қуанып.
Хор: Қошақаным
Қорытынды сөз:
(Балалар шығады, ата-аналарға тілектерін айтады)
Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Сіздердің отбасыларыңызға сыныбымның атынан тек жақсылық тілеймін. Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпырып, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін!
Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын,
Бар тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.
Әлеуметіміз аман, еліміз тыныш болсын!
