Өткенді пысықтау

Утеулиева Гаухар Магазовна,Жезқазған қаласыдағы
№ 8 қазақ гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Математика 2 сынып.

Сабақтың тақырыбы:Өткенді пысықтау.

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың ондықтан аттап ауызша қосу және азайту туралы алған білімдерін бекіту.

2.Есепті әртүрлі тәсілмен шығару дағдыларын пысықтай отырып,ойлау,есте сақтау,қорытынды жасау,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды тапқырлыққа,алған білімдерін өмірде пайдалана алуға,шапшаңдыққа өздерін- өздері бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:өткен сабақты қорыту сабағы.

Сабақтың әдісі:математикадан білім байқауы.

Көрнекілігі: «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ» ұраны,кесте,тапсырмалар жазылған парақтар,темір теңгелер.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Кел,балалар,көріңдер,

Кәне,қарап шығыңдар.

Білім деген асудан

Қиналмай өту, мақсат боп,

Меңгеріп бәрін алыңдар.

Сұрақ-жауап:

-Қандай мейрам жақындап келеді?

-Олай болса бүгінгі сабағымызды «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ»ұранымен жүргізіледі.Әркім білімділігін көрсете білуі қажет.Өзін-өзі бағалау парағында әрбір дұрыс жауаптарыңа белгі қойып отырасыңдар.

2.Ауызша есептеу.

а)-Мен алдымен сыныптың тез есептеу жылдамдығын тексеремін.Мен кез-келген санды атаймын,сендер сол санды арттырып отырасыңдар.

*Санды 1-ге арттырамыз.

*Санды 2-ге арттырамыз.

*Санды 3-ке арттырамыз.

    • ә)Тақтадағы сандарды меңзер бойынша қос.

    • б)«Ғылымы көп елдің ғұмыры ұзақ» демекші келесі кезекті математикалық терминдерге береміз.

-Кім математикалық терминдерді көп біледі?

Оқушылар өздері білетін терминдерді атайды.

3.«Сиқырлы шаршы» тапсырмаларын орындай отырып, оның сиқырының сырын ашу үшін оқушылар 20 математикалық сұраққа жауап береді.Сонда шаршының астынан «Қазақстан тәуелсіздігіне-20 жыл» деген сурет шығады.Биылғы жыл- «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығы».

4.Оқулықпен жұмыс.

-20 жұлдызды күн шарасы 26-қарашадан басталды.Бүгінгі күн қандай екенін білу үшін №2 тапсырманы тиімді тәсілмен орындау қажет.

9+10+1=(9+1)+10 = 20

5+6+4+2 = (6+4)+ (4+2) = 16

*Көршілес қосылғыштарды олардың қосындысымен ауыстыратын болса,үш және одан да көп қосылғыштардың қосындысы өзгермейді.

Бүгінгі күн 6 -желтоқсан – «Мәдениет – мәдени мұра күні» екенін білдік.

 

 

 

 

5.Есептер шығару

№3 есеп.Есепті әртүрлі тәсілмен шығар.

Футбол добы – 5 1 – тәсіл: 5 +5 +8 = 18 (д)

Волейбол добы – 5 ? 2 – тәсіл: (5 + 5) + 8 = 18 (д )

Баскетбол добы – 8 Жауабы : 18 доп сатылды.

№4 есеп.

Пісірді – 6 пирожки және 10 пирожки 1) 6 + 10 = 16 (п)

Жеді – 7 пирожки 2) 16 – 7 = 9 (п)

Қалды – ? пирожки Өрнек: (6 + 10) – 7 = 9 (п)

Жауабы: 9 пирожки қалды.

Сергіту сәті.

Осы жексенбі күні «Сергектік» күні өткізіліп, «Мен спортты таңдаймын!»деген ұранмен іс-шаралар жүргізілді.Кәне,ендеше біз де сергіп алайық!

6.Ізденіске жетелейтін тапсырмалар.

.«Қалғыма» ойыны.

Әр санға жұп таңдай отырып,қатарды жалғастыр.

9 13 7 * 5 * 6* 9*

7 11 5 9 6 10 9 13

.«Кімде көп мысал?» ойыны.

Нәтижесі осы сандар болатын мысалдар ойлау және жазу.

1-топ. «11» саны.

2-топ.. «12» саны.

3-топ.. «13» саны.

«Кім жылдам?» ойыны.

Бұл тапсырманы кім жылдам және қатесіз орындаса «Дүкенге» барып,сауда жасауға мүмкіндік алады.

1-топ. №6.Салыстыр.

5 дм 3см*56 см

1 дм 5 см*2 дм

2-топ. Теңдеулерді шеш.

. 6+у= 15 18-а =7

3-топ. Есеп құрастыр.Бұл қандай есеп?(Құрама есеп)

Ұн-50 кг

Күріш-?, 20 кг кем ?

«Дүкенде» ойыны.

Бұл ойынға ең көп ұпай жиып,алға шыққан оқушылар қатысады.Көрсетілген теңгелер шығу үшін қандай темір теңгелерді алу керек?

Сурет альбомы-25 теңге Қайшы-50 теңге

Бояу-100 теңге Қарындаш-10 теңге.

Өшіргіш-15 теңге Қалам-30 теңге

7.Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Оқушылар өздері жиған ұпай сандары арқылы өздерін бағалап сыныпқа жария етеді.

Міне, біз де берілген тапсырмаларды толығымен орындадық,бүгінгі «Мәдениет-мәдени мұралар күніне» өз үлесімізді қостық деп айта аламыз.Мәдени мұралар маздай берсін !Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!Алға,Қазақстан! деп сабағымызды аяқтаймыз.

Білімнің сырына ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздерді.

Математика сырына.

8.Үйге тапсырма:№5 есепті шығару.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше