География

Ертіс және оның салалары

Сынып: 8   Тақырып: Ертіс және оның салалары.

Мақсаты :   Білімділік: Ертіс өзені, оның негізгі салалары мен шаруашылықтағымаңызы  туралы білім беру.
Дамытушылық: географиялық карталармен, қосымша әдебиет көздерімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ертіс өзенінің ластануы жайлы білім бере отырып, оқушыларға экологиялық  тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта, Ертіс өзенінің суреттері, тірек-сызба

Сабақтың құрылымы:

Бөлім:

I.Ұйымдастыру

II.  Үй тапсырмасын сұрау

III.   Жаңа тақырып

IV. Бекіту

V. Үй тапсырмасы

Уақыты

3 минут

15 минут

15 минут

5 минут

2 минут

I. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

II.Үй тапсырмасына арналған сұрақтар:

1)  Қазақстан өзендері қандай алаптарға жатады?

2)  Ішкі тұйық алаптар қалай жіктеледі?
3)  Каспий теңізі алабына жататын өзендерді ата?

4) Балқаш-Алакөл алабына жататын өзендерді ата?

5) Арал теңізі алабына жататын өзендерді ата?

III. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Ертіс және оның салалары».

Ертіс өзені – Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы – 4248 км, Қазақстан жері арқылы 1700 км-ге жуық бөлігі өтеді.

Ол Қытайдан Бала Ертіс деп басталып, Қазақстанда Қара Ертіс деп аталып, Зайсан көліне құяды. Көлден шыққанда Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады. Ертіс Обь өзенінің саласы болып табылады.

сурет

Ертіс өзенінде бірнеше СЭС салынған.

Ертіс өзеніне салынған СЭС-тер

Бұқтырма

Өскемен

Шүлбі

— Не себепті СЭС-ы Ертіс өзеніне салынған? Жауаптарыңды дәлелдеңдер?

Ең ірісі Бұқтырма СЭС-і.

Өскеменнен төмен қарай Ертіс кең аңғармен ағады, оның оң жағында – Кенді Алтай, сол жағында – Сарыарқа жатыр.

Ертіс Семей қаласы тұсында нағыз жазықтағы өзенге айналады.

Ертіс аралас қоректенетін өзенге жатады.

Жалпы өзендердің қоректену типтері қандай?
Өзен халық шаруашылығы үшін маңызы ерекше. Осы мақсатта Ертіс-Қарағанды каналы салынған.

Каналдың ұзындығы 458 км, тереңдігі 5-7 м, 1974 жылы іске қосылды

Неліктен канал Орталық Қазақстанға тартылды?

IV.Ертіс өзені қай алапқа жатады?

Ертіс өзенінің сол жаө салаларын ата?

Ертіс қай өзеннің саласы?

Өзен бойына қандай СЭС салынған?

Қандай канал салынған?

V.  Ертіс өзенін және оның салаларын кескін картаға түсір.
Ертіс және оның салалары

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.