ОҚУШЫ БІЛІМІН БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН «ТЕСТІЛІК БАҚЫЛАУ» ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ
Қызылорда облысы
№ 197 қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Бахманова Гүлдана Сабырдинқызы
Өндірісте, ауылшаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:
-
түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (фамилиясы, аты, білімі, адресі, үй телефоны, т.б.);
-
факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар, мен кафедра қызметкерлерінің тізімдері;
-
студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер, т.б.
Оларды сақтаудың көп тараған әдісі – компьютерде деректер қоры түрінде сақтау. Деректер қоры (ДҚ) – құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл (деректер қорын кейде берілгендер қоры деп те атайды). Деректер қорында сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни дискілік файл – деректер қоры, оған енгізілген кесте – деректер құрамында сақталушы объект (обьект – қасиеттері, өрістері бар, өзімен түрлі әрекеттер орындауға болатын нәрсе, мысалы, кесте). Деректер қорын құру және онымен жұмыс жасау үшін оны ұйымдастырушы программа керек. Бұл әлбетте бізге ең жақсы таныс программа Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Мұнда деректер қорын құруды осы программаның көптеген мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасауға болады.
Сонымен деректер қоры қазіргі таңда адамдардың үлкен деректерді құрып, оны сақтау әрі тарау кезінде қол жұмысын едәуір жеңілдетеді. Ал енді осы деректер қорын ұйымдастыру үшін онымен жұмыс жасауға арналған ең кең тараған деректер қорын басқару жүйесі – Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесіне тоқтала кетейік.
Қазіргі кезде қолданылатын деректер қорын басқару жүйелері өте көп тараған. Олардың ішінде ең кең тарағаны Microsoft Access ДҚБЖ-сі. Microsoft Access программасы реляциялық деректер қорын басқару жүесі болып табылады. Бұл программада деректер қорының бірнеше кестесімен бір мезгілде жұмыс ұйымдастыруға болады. Microsoft Access ДҚБЖ-сінде дайындалған кестелерді басқа ДҚБЖ-лермен (Paradox,DBase) байланыстыруға болады және ол басқа ДҚБЖ-мен дайындалған кестелерді пайдалана алады. Excel электрондық кестесі мәліметтерін де Microsoft Access программасында пайдалануға болады. Microsoft Access ДҚБЖ-сінде деректер қоймасы ақпаратты өңдеу, сақтау, басқару, тарату әрекеттерін жылдам әрі көрнекі орындайтын құралдар жиынтығын құрайды. Microsoft Access жүйесі мәліметтермен жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік беретін кесте, форма, сұраныс, отчет, объектілерінен тұрады. Мұндағы деректер қорының құрамына енетін осы объектілер бір файлда сақталады. Деректер қорында бірнеше кестелер болуы мүмкін. Көп кестелі деректер қорын жасау кезінде кестелер арасындағы байланыстарды орнатуға болады.
Мысалы, мектеп оқушыларының тестілік бақылаудан өтуі барысында белгіленген пәндер бойынша алған бағаларын бақылау, оқушылар туралы жалпы мәлімет, олардың тестілік бақылаудан өтетін негізгі пәндері және өздерінің таңдаған пәндерінен алған бағаларының қаншалықты төмен әрі жоғары екендігін көруге болады. Сонымен қатар, мұнда негізінен мектеп оқушыларының тестіге жалпы дайындығы қалай екендігін олардың алған бағаларының орташа деңгейінен байқауға болады.
«Тестілік бақылау» деректер қорын жобалау
Деректер қорын жобалау барысында екі негізгі мәселелер шешіледі:
-
Программалық қамсыздандыру объектілерін мәліметтер моделінің абстрактілі ретінде өрнектелгенде сипаттау программалық қамсыздандыру семантикасына қайшы келмейтін тәсілді қарастыруы керек және ол тәсіл мүмкіндігінше ең тиімді қолайлы тәсіл болатындай жол іздестіру. Бұл мәселені деректер қорын жобалаудың логикалық мәселесі деп атайды.
-
Деректер қорына қойылған сұраныстардың тиімді орындалуын қандай жолмен қамтамасыз етуге болатынын, яғни арнайы деректер қорын басқару жүйесі ерекшеліктерін ескере отырып, мәліметтерді сыртқы жадыда орналастыру және қандай қосымша құрылымдарды құру қажеттігі мәселесін анықтау.
Бұл мәселе деректер қорының физикалық мәселесі болып табылады. Шағын мекемелер ғана мәліметтерді бір интегралдық деректер қорында толық қолдана алады. Деректер қорының администраторы да, мамандары да мекеме қызметкерлерінің барлық талап тілектерін қанағаттандыра алмайтындықтан, үлкен мекемелердің ақпараттық қоры көптеген деректер қорынан тұрады. Деректер қоры қолданбалы және пәндік болып бөлінеді.
Пәндік деректер қоры барлық ағымдағы не келешекте қолданылатын қосымшаларды қолдауды қамтамасыз етеді. Мұнда ол қосымша элементтерінің жиынтығы қолданбалы деректер қорының жиынтығын қамтиды, яғни деректер қоры негізге келтірілмеген, жүйеленбеген өзгермелі және белгісіз сұраныстар мен қосымшаларды өңдеуге негіз болады.
Қолданбалы деректер қоры мұндай ерекшелігі тұрақтылығы жеткілікті ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Мұндай ақпараттық жүйелерде көптеген өзгерістер бұрынғы негіз болатын қосымшаларды көшірмей-ақ жүзеге асырылады. Осылайша жобалауға арналаған әрбір қадам әртүрлі бағыттағы жобалау нәтижесіне әсер етеді.
Үш деңгейлі архитектура (инфологиялық, даталогиялық және физикалық) мәліметтердің оларды қолдануымен программаға тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Деректер қоры администраторлары қажет болған жағдайда мәліметтер сыртқы жадыға көшіріліп және мәліметтердің физикалық қалыптастырлуына болады.
«Тестілік бақылау» деректер қорының инфологиялық, даталогиялық және изикалық модельдері.
Деректер қорының жобалау ісі программист маманға, яғни деректер қоры администраторына тапсырылады.
Деректер қоры администраторы пайдаланар пікірлерін және мәліметтер туралы өз пікірлерін біріктіріп құрылатын жалпы формаға келтірілмеген сипаттамасын жасайды. Бұл сипаттама барлық түсінікті табиғи тілде математикалық формулалар, кестелер, графиктер, және т. б. құрылғылар көмегімен жазылады жне ол мәліметтің инфологиялық моделі деп аталады. Инфологиялық модельдің сақталу ортасы ЭЕМ емес, адам жадысы болуын және мәліметтердің компъютер жадысын сипатталуын қамтамасыз ететін модель – физикалқ моделъ деп аталады. Деректер қорының басқару жүйесі мәліметтерді сұраныс олардың артуы бойынша берілгенмен сол атауға сәйкес келетін мәліметтердің физикалық моделі арқылы жүзеге асырылады. Деректер қоры администраторлары жүйеге өз қалауынша пайдаланар тобын жаңа қосымшаларды толықтырылған даталогиялық моделъді кірістіре алады. Жаңа қосымшалық немесе пайдаланушының физикалық, даталогиялық моделъдерінің өзгертілуі жүйе пайдалауында байқалмайды. Яғни, мліметтердің туелсіздігі жұмыс жасап тұрған қосымшаларға кері әсерін тигізбей деректер қоры жүйесінің жетілуіне мүмкіндік береді.
Мектепте оқушылардың тестілік бақылауға қатысып, олардың сол тестілік басқылаудан алған бағаларының есебін автоматтандыратын ақпараттық жүйені әзірлеу қажет болсын.
Жүйеде әрбір оқушыны аты-жөні, туған жылы, ай, күні және оқитын класы, тестілік бақылудан өту барысында оқушылардың негізгі пәндернің аты және олардың таңдайтын пәндерінің аты, осы пәндер бойына алған бағалары сияқты деректерден тұрсын.
Инфологиялық модель деректер қорын жобалап, заттың обылыс сипаттайтын байланыстар деректерінің жиынтығы. Инфологиялық модель алдымен деректер қоры моделінде пәндік облыстың сематикасын сипаттау болып табылады.
Деректер қорын жобалаушылар сұранысы пәндік облысты модельдеу құралдарының қажеттілігін, мәліметтер моделінің семантикалық моделін талап етеді. Семантикалық модельдің негізгі қызметі – мәліметтер өрнегінің мүмкіндіктерін қамтиды. Семантикалық мәліметтер моделінің негізгі қасиеттерін ER-моделі арқылы қарастыруға болады. ER-моделінің негізігі түсінктері: негіз, байланыс және атрибут.
Негіз дегеніміз – нақты обьект, бұл обьект жайлы ақпаратты сақтауға мүмкіндік болуы тиіс.
Байланыс – екі негіз арасында графикалық түрде орнатылған ассоциация. Бұл ассоциация бинарлы болып саналады және екі түрлі негіз арасында немесе негізбен өзінің арасында болуы мүмкін. Кез келген байланста екі ұшы белгіленеді, әрқайсысында байланыс ұшы атауы, байланыс ұшының дәрежесі және байланыс міндеттілігі көрсетіледі. Байланыс екі негізді байланыстыратын түзу ретінде беріледі.
Негіз атрибут деп негіз қалпын нақтылайтын, идентификациялайтын, классификациялайтын кез келген деталь болып саналады.
«Оқушылар тізімі» негізі: әрбір оқушы туралы мәліметтерден тұрады. Мұнда оқушы коды кілтік болып саналады. Бұл кесте бойынша оқушының коды мен «Негізі пәндер бойынша бағалар» және «Таңдалған пәндер бойынша бағалар» кестелеріндегі оқушы коды негізері арасында «біреуден-көпке» байланыс (қатынас) орнатылады. «Негізгі пәндер» негізі мен «Негізгі пәндер бойынша алған бағалары» арасында пәннің коды мен негізгі және таңдалған пәндердің коды арасында «біреуден–көпке» байланысы орнатылады.
«Тестілік бақылау» деректер қоры тұтастығын сақтау мақсатында мәліметерді енгізуге келесі шектеулерді енгіземіз:
1. «Оқушылар тізімі» кестесі бойынша:
– Оқушы фамилиясы, аты, әкесінің аты – 50 символдан аспайтын символдар тізбегі; Міндетті өріс;
– Туған күні, айы, жылы – қысқартылған форматтағы даталар тізбегі;
– Класы – ұзындығы 15 символдан аспайтын символдар тізбегі; сандық өріс;
2. «Негізі пәндер» кестесі бойынша:
– Код_дсциплины – типі счетчик;
– Негізгі пән аты – типі текстілік;
– «Таңдалған пән» кестесі бойынша:
– Код_дисциплины – типі счетчик;
– Таңдалған пән аты – типі текстілік;
3. «Оқушылардың негізгі пәндер бойынша бағалары» кестесі бойынша:
– Негізгі пән коды – типі сандық;
– Негізгі пән бойынша бағалары – типі сандық;
4. «Таңдалған пән бойынша бағалары» кестесі бойынша:
– Таңдалған пән коды – типі сандық;
– Таңдалған пән бойынша бағалары – типі сандық.
Жобаланған «Тестілік бақылау» деректер қоры бойынша пәндік облысты сипаттау барысында қойылған талаптар қанағаттандырады. Кесте мәліметтер типтері және өлшемдер анықталады. Анықталған кестелерге мәліметтер енгізуге сәйкесті форма, сұраныстар мн отчеттар құруға болады.
Қызылорда қаласы
