«Компьютер құрылғыларына қызмет көрсетуші техник» мамандығы бойынша өткізілген «Өз кәсібінің шебері» атты байқаудың жоспары
Медетова Арайлым Қарасайқызы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласы
№8 кәсіптік лицей
Информатика пәнінің оқытушысы
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қадірлі ұстаздар мен оқушылар!
«Өз кәсібінің шебері» атты байқау-конкурсымызға қош келіпсіздер!
Бұл байқау-конкурстың негізгі мақсаты: оқушылардың теориялық білімдерін жетілдіру және оны практикада пайдалана алу дағдылары мен шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамыту, мақсатқа жету жолындағы ерік-жігерлерінің дұрыс қалыптасуына ықпал ету, ұйымшылдықпен жұмыс істей білуге баулу.
Олай болса, байқау-конкурсымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
1.Таныстыру.
2.Теориялық біліктілігі корсету:
-
«Ойланып көрші» (тест);
-
«Сәулеті сәуле шашқан – сән Астана!» (Paint–та сурет салу);
-
«Мамандығым-мақтанышым!» (MS Power Point-та презентация жасау);
-
MS Word-та берілген мәтінді теру.
3.Практикалық біліктілігін көрсету:
-
-
Аналық тақшаға компоненттерін жинақтау;
-
Диск жетектерді орналастыру;
-
Компьютердің негізгі және шеткері құрылғыларын жалғау, тексеру.
-
4.Оқыс (ситуациялық) сұрақтар.
5.Өз онерін көрсету.
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді – дей отырып, кезекті таныстыруға береміз.
(Оқушылар өздерін таныстырады)
Білімді көрсететін кезең келді
Шәкірттердің білгірі жеңсін енді
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көреміз ерен ерді
Байқау-конкурсымыздың келесі шарты оқушылардың теориялық білімдерін тексеру. Бұл бөлім төрт кезеңнен тұрады:
-
Ойланып көрші(тест);
-
Сәулеті сәуле шашқан-сән Астана! (Paint-та сурет салу);
-
Мамандыгым-мақтанышым! (MS Power Point-та презентация жасау);
-
MS Word-та берілген мәтінді теру
Егер болсақ мамандықтың иесі
Не істер едің бұл өмірге жүйелі
Асыл тастан, өнер жастан шығар деп
Бабам айтқан баба сөзі киелі – деп кезекті топтардың практикалық жұмысына береміз. Мұнда топтар
-
Аналық тақшаға компоненттерді жинақтау;
-
Диск жетектерді орналастыру;
-
Компьютердің негізгі және шеткері құрылғыларын жалғау, тексеру жұмыстарын орындайды. Ол үшін жоғарғы үш тақырыпты әр топ таңдап алады.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін білу мақсатында кезекті жағдаяттық сұрақтарға береміз.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Бірінен бірі артылған өнерлері
Білімнің майталманы өрендері
Өнерлі қыз – жігіттер ортамызда
Білімдіден шығады алғыр шешен.
Шешендікпен болған ғой барлық көсем,
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы.
Қалмасын бұл жарыста сенің есең,- деп конкурсқа қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз.
1.Кенжалиева Арайлым
2.Пралиев Ғалымжан
3.Амантаева Назым
4.Бақытжан Алтынбек
5.Ниязбаев Азамат
6.Шалабаев Ғабит
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жузден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Әділқазы әділ баға беріңіз
Ендеше, байқауымызға әділ баға берер әділқазылар алқасы төмендегідей:
Директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ө.Өтеулі-әділқазылар алқасының төрағасы
Лицей әдіскері А.Қабыл – әділқазылар алқасының мүшесі
Аға шебер Б.Садықов – әділқазылар алқасының мушесі
Пәндік әдістемелік бірлестік жетекшісі Қ.Арзақынов – әділқазылар алқасының мүшесі
Уа, жараңдар, жараңдар
Мына бізге қараңдар
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Информатика, компьютер жайында
Байқау – конкурсты бастаймыз.
Демейін заман создері
Түбі бүгін озгерді
Сахнада ән мен жырдың шеберлері.
Байқау конкурсымыздың ең сонғы шарты «Өз онерлерін корсету».
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабардың.
Үйрену керек бәрінде
Ақпараттық заманның! – деп байқауды қорытындылау үшін ортаға әділқазылар алқасының төрағасы Өтеулі Өтеубай ағайды шақырамыз.
(Байқауды әділқазылар алқалары қорытындылайды)
Сайыс барысында сайыскерлеріміз алған білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.Болашақта өз мамандықтарыңызды игеруде осы білімдеріңізді тиімді қолданады деп сенім артамыз. Бүгінгі жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Медетова Арайлым Қарасайқызы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласы
№8 кәсіптік лицей
Информатика пәнінің оқытушысы
1.Сабақтың тақырыбы: Пішімдеу саймандар тақтасы
2.Сабақтың мақсаты:
а)білімділік:оқушыларды пішімдеу саймандар тақтасымен таныстыру,олардың қызметтерін меңгерту.
ә)дамытушылық:оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын, танымдық қабілеттерін ,іскерлік дағдыларын дамыту.
б)тәрбиелілік:ұқыптылыққа,шапшаңдыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.
3.Оқыту формасы:топтық
4.Сабақтың түрі:
5.Сабақтың көрнекілігі:MS WORD редакторының терезесі,пішімдеу саймандар тақтасы,стандартты саймандар тақтасы.
6.Пәнаралық байланыс:орыс тілі,шет тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1-2мин
Оқушылармен сәлемдесу;
Түгелдеу;
Назарларын сабаққа аудару;
Сабақтың өту барысымен таныстыру,топты екіге бөліп,интеллектуалды ойын түрінде өткізу
-
-
-
Қанат қағу
-
Самғау
-
-
-
-
-
Шырқау
-
Жерұйық
-
-
II.Үй тапсырмасын сұрау,қорытындылау
-
«Қанат қақты». Бұл турда топ басшыларына үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойылады. Әр сұрақ 100 ұпай.
Сары конверт
1.Стандартты саймандар тақтасы қандай батырмалардан тұрады?
2.Құжатты көрудің неше режимі бар және оларды ата?
3.Қалып-күй қатарының қызметі?
Қызыл конверт
1.Стардартты саймандар тақтасы нешінші қатарда орналасқан?
2.Word терезесінің құрылымы?
3.Масштаб дегеніміз не?
2. «Самғау».Бұл турда ұпай саны көп топ ойынды бастайды.Әр топқа бір сұрақтан беріледі,құны 200ұпай.Қосымша көмек немесе нартәуекел жасауға болады.Дұрыс жауап берсе,ұпай сол топқа қосылады,жауап бере алмаса,сұрақтың ұпайы қарсылас топқа қосылады.Қосымша көмек алса,100ұпай кемиді.
MS Word редакторы арқылы қандай жұмыстар атқаруға болады?
MS Word-ты іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады,соларды ата.
III.Жаңа сабақты меңгерту
Пішімдеу саймандар тақтасына түрлі қаріптерді пайдалану,азат жолдарды пішімдеу және тағы басқа түймелер енгізілген.
Бұл тақта-мәтінді пішімдеуге арналған батырмалардан тұрады.Саймандар тақтасының көптеген функциялары мәзір қатарында берілген,ал көпшілігінде пернелік комбинациялар сәйкес келеді.Сіз кез-келген уақытта басқа батырмалар пунктін таңдау арқылы жасырылып тұрған басқа батырмаларды немесе өзіңіздің батырмаларыңыздан құрылған тақтаны қоса аласыз. Саймандар тақтасы негізінен экранның жоғарғы бөлігінде орналасады.Бірақ сіз оны басқа орынға жылжыта аласыз.
Мәтін элементтерін пішімдеу үшін саймандар тақтасында мыналар орналасқан:
1.Пішім стилін таңдау
2.Қаріп түрін таңдау
3.Қаріп мөлшерін таңдау
4.Әріптерді жартылай қалың әріппен жазу
5.Әріптерді қиғаш жазу
6.Әріптерді астын сызып жазу
7.Әріптерді керек түспен бояу
8.Мәтінді сол жаққа қарай тегістеу
9.Мәтінді оң жаққа қарай тегістеу
10.Мәтінді ортаға қарай тегістеу
11.Мәтінді ені бойынша тегістеу
12.Номерленген тізім құр
13.Бюллетень тізімін құру
14.Абзац шегін азайту
15.Абзац шегін көбейту
16.Жиектеу
IV.Жаңа сабақты қорытындылау
3.«Шырқау».Бұл тур ақтық кезең,яғни төрт бөлікке бөлінген.
Терезеден сұраққа сәйкес келетін цифрды таңдайды да,жауап береді.
|
100 |
100 |
|
200 |
200 |
100-оң.
Форматтау панелі жоқ болса,оны көрінетіндей ету үшін қандай команданы орындайсыз?
100-сол.
Форматтау панелінің қызметі?
200-оң.
Форматтау панелін пайдаланбай,мәтінді басқаша қалай форматтауға болады?
200-сол.
Қазіргі кезде барлық құжаттар,іс-қағаздар нешінші шрифтпен жазылады?
4. «Жерұйық».Бұл турды тек жеңген топ қана жалғастыра алады.Бұл турды ойнамауларына да болады.Ойнап және дұрыс жауап берсе,3 турдан алған ұпайлары екі еселенеді.
Көру диктанты.Мұнда оқушылар пішімдеу саймандар тақтасындағы батырмалардың атын жазып шығу керек.
V.Үй тапсырмасы
Тақырыпты оқу,мазмұнын айту.
VI.БағалауСабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.
