Шылымқорлық – қоғамның рухани ауруы

Медетова Арайлым Қарасайқызы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласы

№8 кәсіптік лицей
Информатика пәнінің оқытушысы

Тақырыбы: «Шылымқорлық – қоғамның рухани ауруы»
Тәрбиелік мақсаты
: Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, жаман әдеттен аулақ болуды үйрету, насихаттау. Дені сау, жаны таза, адамгершілігі мол, Отансүйгіш қоғамымыздың нағыз азаматын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, бүктемелер, сызба плакаттар т.б


 

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.

ІІ. Кіріспе бөлім. Баяндама «Темекі – улы зат»

Темекі шегу – адам денсаулығы үшін жалпыға мәлім қауіп – қатер факторы. Қазіргі кезде, соған қарамастан темекі шегетіндер саны көбейіп, зиянды әдеттердің ауыр зардаптары өсуде.

Шылым шегу бұл кейбір бықсып жатқан өсімдік өнімдерінің түтінін ішке тартып демалудың бір түрі. Оқушылар арасында шылым шегудің кең таралуының себебін іздеген ғалымдардың пікірі бойынша, оларда темекі шегуге деген ықылас негізінен әуестенумен, құрбыларына еліктеумен, ересек болып көрінуге тырысумен еріксіз қабылданған деген шешімге келіп отыр. Шылым таралуына сән қуу да әсерін тигізеді. Сондай-ақ, еліктеу, есейгендіктің, өзін-өзі билей алмаушылықтытың белгісі. Кез-келген сән өтеді, ал шылым шегу ағзада зардапты ісін қалдырады.

Шегілген шылым тек темекі құмардың ғана емес, сондай-ақ темекі түтіні қоршаған ортадағы адамдардың да ағзасын зақымдайды.

Темекі – ең алғаш Европаға ХҮ ғасырда әкелінген. Яғни, Испан теңізшісі Христофер Колумб Америкадан алып келген. Европада темекі тез тарағанымен, кейбір елдерде біраз уақыттан кейін оған тыйым салынады. Сант-Ягода 1692 жылы 5 монахты темекі тартқаны үшін қабырғаға қалап сылаған, ал Константинопольде темекі тартқан адамдарды соққыға жығып, есекке мінгізіп көшемен алып жүрген, Персияда темекі тартқан адамның мұрнын кесіп, темекі сатқан саудагерлерді отқа жаққан.

Темекінің құрамы адам денсаулығына зиянды улы заттардан тұрады. Оның ішінде ең улы зат – никотин. Никотин – емдеу мақсатында қолданылмайды. Бір тамшы никотин әрқайсысының салмағы жарты тонна болатын үш жылқыны өлтіруге жетеді екен. Бір тал темекі шеккен адамның денесіне 1,5 – 2 миллиграмм шамасында никотин енеді.

Темекі тартқанда никотин тыныс жолымен қабылданатындықтан , ол қанға төте жолмен бармайды. Сол себепті, темекі уы адамды бірден өлтірмейді.

Темекінің салдарынан асқазанның қышқыл сұйықтығы артып, асқазан гастриті және жара пайда болады.

Адам тамырына 100-120 миллиграмм никотин бір мәрте құйылатын болса, ол өледі. Темекі түтінінің құрамындағы тағы бір улы заттардың бірі – көміртегі тотығы. Бұл – автокөліктерден бөлініп шыққан улы газдың бір түрі.

Ойлап қарасақ, «Шегу» деген сөзді екі-ақ сөзбен тіркестіріп айтуға болады: шылым шегу, азап шегу. Темекі құрамындағы улы заттардың салдарынан ауыздың дәм сезуі нашарлап, тіс уақытынан ерте бүліне бастайды. Сілекей бездері өзгеріп, ауызда сасық иіс пайда болады. Қысқасы, темекінің адам өміріне зияны көп. Ендеше, шылым шегу – азап шегу деген сөз.

Қайсыбір мемлекеттің болмасын өсіп-өркендеп, қанат жаюы дені сау ұрпақпен жалғасатыны мәлім. Денсаулықтың жоқтығы адамның ойлаған ойы мен мақсаттарына жету қиялына кедергі келтіреді. Біздің ата-бабамыз салауатты өмір сүруді, ұрпағының амандығын, азып-тозбауын қадағалады. Сол дәстүрді сақтап, бүгінгі ұрпақ – біздер қоршаған ортаны және денсаулығымызды күтіп, терең білім алып, саналы азамат болуға ұмтылуымыз қажет. Алдымызға асқар таудай мақсат қойып, соның жолында еңбек етуіміз үшін зиянды әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмірді қолдауымыз қажет.

 

Ал, шәкірттер алды –артын оңдасын,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын.

«Ол кім? Бұл не?» бөлімінде,

Танымдықпен, білгірлікпен

Жауаптары тыңдалсын, – деп келесі кезекті көрермендерге арналған сұрақ-жауап бөліміне берейік.

  1. Сара Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар? (Ұстаздан ұлағат)

  2. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)

  3. Темекі құрамындағы улы зат? (Никотин)

  4. СПИД неліктен қорқынышты? (Ауырғаннан кейін ең көбі 5-7 жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ)

  5. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы? (Парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)

  6. «Пассивті темекі шегу» деген термин нені білдіреді?

(Темекі шекпейтін адамның темекі түтінін жұтуы)

  1. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)

  2. Денсаулық жаулары? (темекі, есірткі, насыбай, арақ)

  3. Шылым шегудің салдарынан туындайтын аурулар? (қолқа демікпесі, өкпе ауруы т.б)

ІІІ. Негізгі бөлім.

Екі топ төмендегі шарттар бойынша сайысқа түседі.

  1. Кім жылдам? (Мақал – мәтел)

  2. Сөзжұмбақ шешу (Денсаулық)

  3. «Жас ақын немесе ақынға жақын» (Оқушы шығармашылығы)

Өмір – күрес үздіксіз қимыл. Егер сол өмір ағысына ілесе білсек, онда біз дамимыз. Ал егер өмір талабына жауап бере алмасақ, нашар іс-әрекеттер жасасақ өмірден қаламыз. Сонымен қалай өмір сүру таңдауы адамның өз еркінде, әйтседе ол өзге адамдардың алдында ғана емес, өзінің де алдында жауапты екенін ұмытпауы тиіс.

 

Басталады «Кім жылдам» деген сайысын,

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Жылдамдығың, алғырлығың сыналар,

Қане шәкірт, көрінеді қай ісің? – деп алғашқы «Кім жылдам» шартына кезек береміз.

 

Темекі сөзінің әріптерінен басталатын денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер айту керек.

 

Т – тазалық саулық негізі

Е – екі ауру бір келсе

М – маскүнем – арақтан өледі

Е – Елемеген ауру жаман

К – күлкі – денсаулық мүлкі

І – ішің ауырса аузыңды тый

 

Ауыр ойды көтеріп ауырған жан,

Қайғы қасірет жүзіңе белгі салған…

Ажал келіп бас салса жанды ұрласа,

Өмір қайда, сен қайда, соны да ойлан, – деп Абай Құнабаев атамыз айтқандай, адам өз өмірін, тағдырын дұрыс таңдай білуі керек. Ендеше «Денсаулық – зор байлық» демекші сөзжұмбақты шешіп көрейік.

 

 

 

 

Д Е Р Т

А М Е Р И К А

Н И К О Т И Н

С П О Р Т

Т А Б А Г О

Д Ә Р У М Е Н

К О Л У М Б

Ш Ы Л Ы М

Қ О Л Қ А Д Е М К І П Е С І

  1. Ауру» сөзінің синонимі?

  2. Темекінің отаны?

  3. Темекі құрамындағы улы зат?

  4. Денсаулықтың досы?

  5. Европада темекіні не деп атайды?

  6. «Витамин» сөзінің қазақша аудармасы?

  7. Темекіні Европаға әкелген кім?

  8. Темек сөзінің синонимі?

  9. Темекіден туындайтын ауру?

 

Салауатты өмір салтын сақтайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

Бір-біріңе болыңдар мейірімді,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды.

Дерт шалмасын, ешқашан өрт шалмасын,

Ұлы менен қызы бар елімізді.

Келесі орындалатын шарт «Жас ақын немесе ақынға жақын» деп аталады. Мұнда оқушылар денсаулыққа байланысты өлең шумақтарын шығарады.

(Жеңген топты анықтау)

 

ІҮ. Қорытынды бөлім.

Көрініс: «Жаман әдеттер» планетасы

Өмір – сыйлық. Өмір – жарық. Өмір –сәуле. Осы нұрлы әлемді әсем гүлді баққа айналдырып, жан дүниесін қуанышқа бөлеу – әрбір адамзаттың табиғат алдындағы парызы.

 

Жігерің бар, талабың бар, қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын.

Түсінгенге өмір шіркін мың жұмбақ,

Тойымы жоқ, қызығы мол

Тым қымбат.

Сыйласаңдар

Қонағыңды күткендей,

Тірлік бес күн,

Кетпей одан кім тұрмақ?

Денсаулықты сақта, түзу өсесің,

Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің.

Көрген күнің қараң ғой егер дерт шалса,

Харамменен тәніңді улап не етесің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет,

Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің! – деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше