«Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» атты пікірталас

Медетова Арайлым Қарасайқызы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласы

№8 кәсіптік лицей
Информатика пәнінің оқытушысы

Мақсаты:

а) білімділік: білімгерлерді ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе ілуге үйрету.
а) дамытушылық:
білімгерлердің зердесін көтеріп, ақыл-ойын дамыту.

б) тәрбиелілік: білімгерлерді алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа ұстамдылыққа, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу

 

Түрі: Пікірталас (дебат)

Әдісі: Сұрақ-жауап (ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру)

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер т.б

 

Сабақтың барысы:

І. Жүргізуші сөзі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, білімгерлер және қонақтар! ХХІ ғасыр адамзаттың индукциялық эрадан ақпараттық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ал ақпаратпен жұмыс істеудің негізгі құралы болып компьютер пайда болды. Алайда жаңа ақпараттық технологиялардың өте шапшаң даму қарқыны қоғамда кез келген жерде адамдардың жұмысын жеңілдету үшін компютерді пайдалануға әкеліп соғады. Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму үрдісі үздіксіз ғылыми техникалық үрдіске айналып отыр. Дегенмен осы компьютердің пайдалы және зиянды жақтары бар. Осыған орай, бүгінгі пікірталасымыз «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» тақырыбында болмақ. Олай болса, пікірталасқа қатысатын екі топты ортаға шақырайық.

 

ІІ. Негізгі бөлім

  1. №72 топ оқушыларынан құралған «Мұрагер» тобы

  2. №79 топ оқушыларынан құралған «Намыс» тобы

Пікірталастың мазмұны:

  1. Пікірталасқа екі топ (пайдасы мен зиянын айтатын) қатысады.

  2. Негізгі бөлімде топ мүшелері өз ойларын баяндайды. Әр топ мүшелеріне 2-3 минут беріледі.

  3. Спикерлерге сөз беріледі.

4. Спикерлерден кейін сайлау жүреді. Сайлауға көрермендер қатысады.

5. Жеңімпаздар анықталады.

 

Пікірталас ережелері:

  1. Пікірталас кезінде екі топта

  • Өз ойларын баяндаған кезде бір-бірімен мәдени сөйлесуге

  • Сұрақтарға нақты жауап қайтаруға

  • Бір-бірін ренжітпеуге

  • Қарсы топтың ойын кекетпеуге міндетті.

  1. Спикерлер сайлау кезінде өз даусын бергенде топтардың

  • Сөйлеу мәнеріне

  • Шешендік қасиетіне

  • Сендіре білу қасиетіне

  • Қарсылас топпен қарым-қатынасына назар аудару керек.

 

Топтың аты «Намыс»

Топтың ұраны:

Жарыс десе жарысып,

Сайыс десе сайысып

Білім деген оқуда

Күш жігері намыста.

 

Топ мүшелері:

Мәдениет министрі – Шонықбаева Сәркенкүл

Мектеп оқушысы – Тәжен Нұрбек

Еңбек министрі – Бауыржанұлы Нұрлыбек

Қаржы министрі – Әлжанбаева Гүлназым

Ақпарат министрі – Қолғанат Ертуған

 

Топтың аты: «Мұрагер»

Топтың ұраны:

Ерлік де, елдік те

Халықтың өшпес мұраты,

Ұрпақ жалғасының

Өшпес мұрасы

 

Топ мүшелері:

Әлеуметтік қорғау министрі – Әбдрахманова Роза

Денсаулық министрі – Өмірзақ Айгерім

Экология және табиғатты қорғау министрі – Бозғұлан Гаухар

Спорт министрі – Нағашыбайқызы Алтынай

Мектеп оқушысы – Пралиев Ғалымжан

 

Сөз кезегі топ мүшелеріне беріледі.

ІІІ. Сұрақ-жауап. (көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары)

Денсаулық министріне:

  1. Компьютер көзден басқа адамның қандай мүшелеріне зиян келтіреді?

Ақпарат министріне:

  1. Сіз «Компьютер – уақыт талабы» дедіңіз, ол адамның ойлау және сөйлеу қабілетін нашарлатады. Мысалға, біз компьютердің алдында отырып сөйлемейміз, ойланбаймыз. Бұлай жүре берсек біз туған тілімізді ұмытамыз. Сіздің ойыңыз қалай?

 

Қаржы министріне:

  1. Компьютерде неше түрлі ойындар бар. Оны көбіне оқушылар ойнайды. Қазір кез-келген бұрышты компьютерлік салондар қаптап кетті. Бұл тұрғанымен ақша. Мұнымен қалай күресуге болады?

 

Жүргізуші:

Сонымен негізгі бөліміміз аяқталды. Ендігі кезекте дебатқа келіп отырған спикерлер мен көрермендердің өз ойларын айтуға мүмкіндік берейік.

 

ІҮ. Қорытынды бөлім. Бүгінгі пікірталасты әр топтың ұсынған ұсыныстарымен қорытындыласақ.

«Мұрагер» тобы

  1. Әр компьютерге сәуле өткізбейтін экран алынса;

  2. Компьютер бөлмесінің ауасы таза, гигиеналық талаптар орындалса;

  3. Компьютер алдында киіп отыратын ақ халаттар жеткілікті болса;

  4. Компьютердің алдында отырған бала уақытты тиімді пайдаланса.

«Намыс» тобы

  1. Информатика сабағында техника қауіпсіздік ережесі сақталса;

  2. Оқушылар сабақтан қалмай, білмегендерін сұрап білсе;

  3. Әр оқушы компьютерде еркін жұмыс жасай алса;

  4. Әр пәнге электрондық оқулық алынса.

Жүргізуші:

Пікірталастың шешуші кезеңіне келіп жеттік. Сіздер қазір екі топтың біреуіне ғана дауыстарыңызды бересіздер. Әр топтың жанында жетондарды салуға арналған қорапшалар бар. Дауыстарыңызды берулеріңізді сұраймын.

(Сайлау өтеді)

Спикерлер «Мұрагер» тобын қолдаса жетонның жасыл түсін, ал «Намыс» тобын қолдаса жетонның сары түсін көтереді.

Жеңімпаз топтар марапатталады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше