«Тапқыр достар» сайысы

Медетова Арайлым Қарасайқызы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласы

№8 кәсіптік лицей
Информатика пәнінің оқытушысы

 

Мақсаты:

  • Физика және информатика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру;

  • сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.

Сайыстың жоспары:

    1. Сөз тапқанға қолқа жоқ

    2. Кім жылдам

    3. Ойлан тап

    4. Келесі

    5. «Алтын қақпа» ойыны

5.1. Тас қақпа

5.2. Күміс қақпа

5.3. Алтын қақпа

5.4. Алтын сандық

6. Қорытындылау

 

Қатысушылар: №89 топ – «Ойшылдар»

№90 топ – «Тапқырлар»

 

Әділқазылар алқасы:

  1. Дүзбай Сәлия апай – директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары

  2. Баекеева Шарбану – лицей әдіскері

  3. Ильясов Қуандық – информатика пәнінің оқытушысы

 

 

Ойын толқын,айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

 

Ойын толқын жатқандай асып — тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып.

 

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, –

дей келе, сайысқа қатысушы командалармен танысайық.

Таныстыру:

Тапқырлар: Білім қуған информатик жастармыз

Мәселеңді лезде шешіп тастармыз.

Командамыз өңшең тапқыр қырандар

Ерен туған «ТАПҚЫРЛАРМЫЗ», шапшаңбыз.

Ойшылдар: Келешектің үмітіміз талапты

Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр,

Сегіз қырлы,өнер асып туғандар

«ОЙШЫЛДАРЫҢ» бәйге атындай жарап тұр.

1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап беру. (алты әріп таратылады)

Командалардың сұрақтары:

р/с «Тапқырлар» командасына «Ойшылдар» командасына
1 Принтермен не шығарасың? Сканермен не істейсің?
2 Процессорда не бар? Монитордан не көресің?
3 Компьютермен жұмыс істегенді ұанатасың ба? Компьютердің алдында немен отырасың?
4 Ертеде екілік санау жүйесі пайдаланылды ма? Компьютерің бұзылса не істейсің?
5 «Ас – адамның арқауы», ал компьютердің асы – …….? Компьютермен жұмыс істегенді ұанатасың ба?

 

10 балдық жүйемен баға беріледі.

 

2. «Кім жылдам?»

Шарты: Экранда берілген суреттерді команда капитаны команда мүшелеріне жұмбақтап, ыммен түсіндіру.

 

«Тапқырлар» командасына

(Диск)

«Ойшылдар» командасына

Әр дұрыс жауапқа 1 балл.

3. «Ойлан тап»

Шарты: Берілген анаграммадан жаратылыстану пәндеріне қатысты терминдерді табу.

 

ж й т ф м о т р п к ш а м
ы а а и е м е и и у а қ а
л б р р т а м я н б а қ у
д д г а р л м р г в г и к
а и у н т т и ы с и о о а
м с м е м ы с т а н л м р
д к е т п н л а ғ а л п а
ы қ г о р т и ы а н а ө р
м ы р г п р р о с а м ш а
ы с а ү р о е ф е т а н н
э у м л и н т о м е а у а
п е м и я о м т з е т н р
и д а т ұ қ ы о с и н о у

 

Дұрыс жауаптары:

ж й т ф м о т р п к ш а м
ы а а и е м е и и у а қ а
л б р р т а м я н б а қ у
д д г а р л м р г в г и к
а и у н т т и ы с и о о а
м с м е м ы с т а н л м р
д к е т п н л а ғ а л п а
ы қ г о р т и ы а н а ө р
м ы р г п р р о с а м ш а
ы с а ү Р о е ф е т а н н
э у м л и н т о м е а у а
п е м и я о м т з е т н р
и д а т ұ қ ы о с и н о у

Команда қанша сөз тапса, сонша балл жинайды.

4. «Келесі»

Шарты: Команда капитандарына 10 сұрақтан қойылады, білмеген сұрақтан кейін келесі сұрақты сұрауы шарт. Әр дұрыс жауап үшін 1 балл.

 

 

 

«Тапқырлар» командасына:

 

 

р/с

 

 

Сұрақтары

 

 

Жауабы

1 Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі Бит
2 Сурет салуға арналған бағдарлама? Paint
3 Қарапайым есептеулер жүргізетін программа? Калькулятор
4 Ақпаратты шығаруға арналған құрылғы? Принтер
5 Курсордың оң жағындағы символды өшіру үшін ……… Delete
6 Екілік жүйесінің сандары 0; 1
7 Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған прогармма WORD
8 Дыбыс шығаратын құрылғы Колонка
9 MsWORD-ты қалай ашамыз?

Пуск→Программы→

MsOfficce→MsWORD

10 Windows-тың қазақша аудармасы Терезе

 

«Ойшылдар» командасына:

 

 

р/с

 

 

Сұрақтары

 

Жауабы

1 Бір байтта қанша бит бар? 8 бит
2 Вирусты тауып жоятын программа Антивирус
3 Дауыс жазуға арналған құрылғы Микрофон
4 Пернетақта қандай құрылғыға жатады? Енгізу
5 Курсордың сол жағындағы символды өшіру үшін  
6 Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс Интернет
7 Матрицалық, сия бүрікіш, лазерлік болып бөлінетін құрылғы Принтер
8 Мәтіндік және гарфикалық объектілерді компьютер жадысына енгізу құрылғысы Сканер
9 Ms PowerPoint-ты қалай ашамыз?

Пуск→Программы→

Ms Officce→ Ms PowerPoint

10 Ақпаратты іздеу порталдарын ата Google, Yandex, Rambler және т.б

 

5.«Алтын қақпа» ойыны

5.1 Тас қақпа

 

«Тапқырлар» командасына:

  1. Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt )

 

  1. Оларды компьютердің қосымша бөліктері деп те атайды. Олар ағалы-інілі. Олар сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді.

(Колонка)

«Ойшылдар» командасына:

1. Жаңа жолға түсіп алып енді мен,

Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді

Бірақ бәрін ұмытыппын, достарым,

Көмек берші, әрі қарай не істеймін? (Tab)

15

2. Оның үш түрі бар. Оның кейбіреулері инемен жұмыс істегенді ұнатады. Оның істеген жұмыстарының нәтижесін тек қағаздан ғана көруге болады.

(Принтер)

5.2 Күміс қақпа

«Тапқырлар» командасына:

Аз батырмалы құрылғы? (Тышқан)

«Ойшылдар» командасына:

Барабанды, планшетті, оптикалық деп түрлерге бөлінетін құрылғы?

(Сканер)

5.3 Алтын қақпа

«Тапқырлар» командасына:

Калькулятор бұрын қалай аталды? (Арифмометр)

«Ойшылдар» командасына:

Компьютердің атасы кім? (Чарльз Бэббидж)

5.4 Алтын сандық

Сұрақ: 1866 жылы американдық ғалым ойлап шығарған винтовканың диаметрі компьютердің қандай құрылғысына қатысы бар?

Жауабы: винтовканың диаметрі қатқыл дискінің шпинделінің диаметріне тең.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше