«Білімді шыңға шығар» атты информатикалық сайыс
Медетова Арайлым Қарасайқызы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласы
№8 кәсіптік лицей
Информатика пәнінің оқытушысы
Тәрбиелік мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
ә)дамытушылық: Оқушылардың ұйымдастырушылық, шығармашылық қабілетін дамыту;
б) тәрбиелілік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Түрі: Информатикалық сайыс
Әдісі: Топ бойынша жұмыс
Көрнекілігі: Безендіріліген зал, нақыл сөздер т.б
Қатысатын топтар:
1. «Монитор» 2. «Процессор»
Жүсіпова Ж Шындалиева А
Нұрымбетова Г. Ізбасарова Г
Сақиева Д Ізімбетов М
Мамбетов А Оралбаев Р
Сайлау Ж Опанов А
Ерқабылов М Дүйсенбаев М.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған информатика сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Білімді шыңға шығар» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Кешімізге арнайы дайындалып келген, информатика жайында білетінім, айтатыным бар деп отырған мектебіміздің белсенді де білгір оқушыларын шақырайық.
Информатика – болашаққа бастайды,
Ел үмітін жастарымыз ақтайды.
Қадам басып ХХІ ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар мен оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Білімді шыңға шығар» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. (Мақсаты айтылады)
Әділқазы, алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! – деп сайыскерлеріміздің білімімен өнеріне әділ баға берер әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
-
Қабыл А – мектеп әдіскері
-
Өтеулі Ө – оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары
-
Дүзбай С – оқу ісінің меңгерушісі
Жоспары:
-
Топтың өзін таныстыруы (топ мүшелері, төс белгі)
-
«Кім жылдам?»
-
Тауып көр
-
Сөзді құрастыр
-
Жұмбақтар аралы
-
Өз өнері
-
Көреремендер ойыны
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Олай болса сайысымыздың алғашқы шарты таныстыруға кезек береміз.
2.«Кім жылдам?»
Біліміңнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен.
Ендеше, сайысымыздың екінші шарты «Кім жылдам?» деп аталады. Мұнда Информатика сөзінің әріптерін қолдану арқылы математикалық, информатикалық, физикалық және химиялық сөздер құрастыру қажет.
-
«Тауып көр»
Сайысымздың үшінші кезеңіне келіп жеттік. Бұл кезеңде топтар жасырылған суретті табу керек. Ол үшін кубикті лақтырып, онда көрсетілген санды ашу арқылы жасырылған суретті табуымыз қажет. Ол үшін әр топтан бір оқушы ортаға шықсын.
-
«Сөзді құрастыр»
Ойын – толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Демек, келесі «Сөзді құрастыр» кезеңі. Бұл кезеңде қиылған сөздерді құрастырып, информатикаға байланысты сөйлемді құрастыру қажет.
ИНТЕРФЕЙС-адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас.
Ізденсең-табасың, талаптансаң-жетесің, зейін салсаң-ұғасың. Ендеше сайысымыздың келесі шарты 5.«Жұмбақтар аралы» деп аталады. Мұнда әр топқа 4-жұмбақтан беріледі. Сол жұмбақтың шешуін табуымыз керек.
«Монитор» тобы
-
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі
Бір күн барда, бір күн жоқ
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны 107 (пернетақта)
-
Экранның бетінде оның тұрағы
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (Курсор)
-
Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатика өлшем бірлік
Ақпараттарды өлшер (Бит)
-
Егер білсең айта қойшы,
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді. (Сканер)
«Процессор» тобы
-
Мәліметті сұраған, экранға шығарған
Төртбұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек. (Монитор)
-
Батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың (Тышқан)
-
Ақпарларды қағазға шығарады.
Бұл құрылғы қалай деп аталады. (Принтер)
-
Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (Кактус)
6. «Өз өнері»
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй деп, – Абай атамыз жырлағандай келесі кезекті топтардың өз өнерлерін көрсетуіне береміз.
7. Көрермендер ойыны
Әділқазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып болғанша, біз көрермендермен ойнымызды жалғастырамыз.
-
Компьютер құрылғыларын атаңыз?
-
Көшірмені қалай аламыз?
-
Деректерді сақтауға арналған құрылғы?
-
Принтердің неше түрі бар?
-
Компьютердің атасы кім?
-
Компьютердің миы?
-
Сурет салуға арналған программа
-
Құрамында көміртегі бар жылу шығару үшін жағылатын зат
-
Мұнайдан алынатын, төмен температурада қайнайтын отын.
10.Математикалық формулалармен символдарды енгізу редакторы.
Ойынымыздың шешуші сәті, төрешілер, сөз кезегі өздеріңізде.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ!
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Білімді шыңға шығар» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Күндеріңіз ашық, жүздеріңіз жарқын болсын!
