Қайталау сабақ
Казбекова Майра Тулепбаевна
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кенті
"№4 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі Физика пәнінің ІІ санатты мұғалімі
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабақ
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың алған білімдерін тексеру, қайталау, бекіту және
қорытындылау.
2)Ойлау қабілеттерін жетілдіру, ой- өрісін дамыту, өз бетімен
ізденуге, шығармашылық дағдыларын дамыту.
3) Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, стакан, су, тиын, тарелка, парақ,
шырпы, картошка.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: білімді жинақтау, жүйелеу
Сабақтың әдісі: деңгейлеп – дамыта оқыту
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, география
Сабақтық барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталай отырып, есептер шығарту
ІҮ. Қорыту
Ү. Бекіту
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аударамын. Сабақты бастамас бұрын сынып оқушыларын екі топқа бөлемін.Топтарын таныстырады. Әр топта басшы тағайындайды. Топ басшысы өздерінің тобының ұпай сандарын есептеп отырады.
І. «Физика»
ІІ. «Астрономия»
Ой қозғау.
Сабағымыз «саяхат сабақ» болғандықтан біз бүгін ғарыш әлеміне саяхатқа шығамыз. Ғарыш Әлеміне біздің Қазақстан жерінен «Байқоңырдан» басталғанын білеміз. Сонымен , «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қысқаша мағлұмат бере кетейін. Құрылысы 1955 жылы басталып, 1957 жылы мамыр айында пайдалануға берілді. Байқоңыр деп аты айтып тұрғанындай, айлақтың айналасы қара қоңыр топырақты, шөбі де алтын түстес қоңыр. Ғарыштық старт алаңына орын таңдауда көптеген жағдайлар ескерілді. Біріншіден, ол халық тығыз орналасқан аймақтар мен өндіріс орталықтарынан алыс, екіншіден, Алматы – Мәскеу теміржолының Қызылқұмнан өтетін маңына жақын болуы тиіс еді. Бұрынғы КСРО – ның, қазіргі Қазақстанның оңтүстігі салыстырмалы түрде экваторға тым қашық емес. Бұндай жағдайдың ғарыш кемелерін ұшыру барысында жердің айналу жылдамдығын пайдалануға мүмкіндік беретіні де ескерілген болатын.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Қазақстан-2030» кемесімен саяхатқа шықпас бұрын 2 топ өз тобымызды таныстырып өтейік.
Физика – табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым және оқу пәні.
Астрономия – аспан денелерінде және олардың жүйелерінде орын тебетін құбылысты зерттейтін ғылым және оқу пәні.
Аталған екі топ ғаламшарларға барып-келуі үшін бірнеше кедергі-тапсырмаларды орындауы керектігі туралы спутниктен хабарлама келді
Тапсырмалар 4- деңгейлік құрылымнан тұрады.
1.Танымдық деңгей (ауызша тапсырмалар)
а) «Физика тілінде сөйлесек»
ә) «Физикалық шамалар»
2. Алгаритмдік деңгей (суреттермен жұмыс)
б) Семантикалық карта
в) «Физика біздің айналамызда»
3. Эвристикалық деңгей (деңгейлік тапсырмалар)
г) Деңгейлік есептер
ғ) Графикалық диктант
4. Шығармашылық деңгей (тәжірибе жасау)
д) «Физикалық тәжірибелер»
Ал, енді таныс болсақ,
Бүгінгі тарихта қалады.Сондықтан күн жады мен бүгінгі күннің сабағын дәптерге жазып аламыз.
«Қазақстан -2030» ғарыш кемесі ұшуға дайындаламыз.
Жаңа сабақ
І. Танымдық деңгей.
Орбиталары Жер орбитасының ішкі және сыртқы орбитасында орналасқан.Олар төменгі және жоғары ғаламшарлар болып екіге бөлінеді. Келіп жеткен ғаламшарымыз төменгі орбитада орналасқан «Меркурий» ғаламшары.
Бұл ғаламшарда «Физика тілінде сөйлесек» деп аталады. ІІ топқа сұрақтар беріледі. Солардың қай тілден аударылғанын және қазақша мағынасын түсіндіріп береді.
«Физика» тобына
-
Манометр – грекше «манос»- сирек, тығыз емес, «метрео» – өлшеймін
-
Инерция – латынша – қозғалыссыздық, әрекетсіздік
-
Деформация – латынша- бүліну, бұзылу, иілу, бұралу.
-
Кинетикалық – грекше «кинетикос» – қозғалыс
-
Атмосфера – грекше «атмос» – бу, ауа, «сфера» – шар
«Астрономия» тобына
-
Барометр – грекше «барос»- ауырлық, «метрео» – өлшеймін
-
Диффузия- латынша – жайылу, таралу
-
Диномометр – грекше «динамис» -күш, «метрео» – өлшеймін
-
Потенциалдық – латынша «потенция» – мүмкіншілік
-
Анероидтар – грекше «анероид» – сұйықсыз.
«Физикалық шамалар» Бұл бөлімде балалар біз «Шолпан» ғаламшарына бет аламыз. Мұнда физикалық шамалардың орындары ауыстырылып беріледі. Соларды тауып, үш тілде айтасыз.
Адуан – аудан – площадь – region, square
Эгрняси – энергия – энергия – energy
Мжсұы – жұмыс – работа –work
Мкеөл – көлем – объем – volume
Уқаыт – уақыт – времия – time
ІІ. Алгаритмдік деңгей
Жер орбитасының сыртында яғни жоғарғы орбитасында орналасқан ғаламшар ол «Марс» ғаламшары. Осы ғаламшарға бару үшін «Семантикалық карта» тапсырмасын орындайымыз..
|
Физикалық шама |
белгіленуі |
өлшем бірлігі |
формуласы |
|||||||||||||||
|
E |
η |
P |
S |
F |
N |
% |
Дж |
Вт |
Н |
Па |
м |
ν*t |
ma |
A/t |
Aп/Aт |
F/S |
mgh |
|
|
Жол |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Күш |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қысым |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Энергия |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қуат |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ПӘК |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ал, «Физика біздің айналамызда» тақырыбында келесі «Юпитер» ғаламшарына барамыз. Бұл бөлімде суреттермен жұмыс жасаймыз.
58- сурет (а,ә,б,в)
а – сурет: Көлік кенет тоқтағанда адам алға қарай еңкейеді
ә – сурет: жылдамдығын күрт арттырғанда артқа қарай шалқаяды
б, в – суреттер: Қатты жүгіріп келе жатқан адам немесе тайғақ жолмен шапшаң қозғалған автомобиль жолдың бұрылысында бір кедергіге барып бұрылады.
61- сурет: Екпіндеп жүгіріп келе жатқан бала ақырын жүріп келе жатқан баламен қақтығысып қалса, онда олардың қозғалыс жылдамдығы өзгереді.
62- сурет:Бұтақта отырған құсұшып шығарда бұтақты кері итереді.
63- сурет: Қайықта отырған адам суды ескекпен есе отырып, сумен әрекеттеседі.
110 – сурет: Егер шәйнектің шүмегі өте қысқа болса, онда су шүмектен ағып кете берер еді де, біз оны еш уақытта қақпағына дейін шүпілдетіп толтыра алмас едік. Ал, шәйнектің шүмегі аса ұзын болған жағдайда , сәл ғана еңкейткен кезде су сөзсіз шүмектен бұрын оның қақпағынан төгіледі. Шайнек пен оның шүмегіндегі су бірдей деңгейде тұрады. Шәйнекті еңкейткен кезде , оның шүмегі шәйнектегі судың деңгейіне дейін төмен түседі де, одан су аға бастайды. Бұл ұғым қатынас ыдыстар деп аталады.
145- сурет: Кеме суда орнықты және қауіпсіз жүзуі үшін ол берілген бір тереңдікке дейін ғана суға батуы тиіс. Кеменің төменгі бөлігі батқан тереңдк шөгім деп аталады. Рұқсат етілген шөгім кеменің корпсуында қызыл сызық – ватерсызық деп аталады.
ІІІ. Эвристикалық деңгей
Бұл бөлімде «Сатурн» ғаламшарына барайық. Деңгейлік тапсырмалар берілген, соларды орындап ,ары қарай сапарымыз ды жалғастырамыз..
-
А
В
С
5
10
15
10
15
20
А-5 №11.4
Роликті коньки киген екі бала бір – бірінен кері итеріліп, қарама қарсы жаққа қарай сәйкес 3 және 4 м/с жылдамдықпен сырғанап кетті. Бірінші баланың массасы 36 кг. Екінші баланың массасы неге тең?
А-10 №65
3,1Н күш әсер еткен кезде 6 см ұзарған серіппенің қалыңдығын табыңдар?
В-10 №15.1
Денеге әрекет ететін ауырлық күші 10 кН. Ол дененің массасы қандай?
В-15 №442
100 кДж жұмыс 0,8 км жолда қандай күштің әсерінен орындарады?
С-15 №153
Массасы 50 кг доп қандай биіктіктен еркін түскенде оның потенциалдық энергиясы 2 Дж-ге өзгереді.Кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
С-20 №43
Әрқайсысының ұзындығы 420 м екі пойыз бір біріне қарама – қарсы бірдей 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Екі пойыз кездескен соң ең соңғы вагондары ажырағанға дейін қанша уақыт кетер еді?
Балалар осы сандардың сырларына кейінірек тоқталамыз. Енді келесі саяхатымызды «Уран» ғаламшарына жалғаймыз. Бұл ғаламшарда берілетін тапсырма
«Графикалық диктант»
-
Архимед
P=F/S
Исаак Ньютон
Гелиоцентрлік жүйе
Блез Паскаль
F=ma
Галелео Галеллей
F=ρgv
Николай Коперник
Инерция заңы
ІҮ. Шығармашылық деңгей
Енді саяхатымызды «Нептун» ғаламшарына жалғайық. Бұл ғаламшарда бізді күткен қандай тапсырма бар екен? «Физикалық тәжірибелер» деген бөлімге тоқталайық. Стол үстінде тұрған су, стакан,парақ, шырпы, тиын, тарелка, зеленка физикалық құралдардың ішінен өзің жасап білетін физикалық тәжірибеңді көрсет.
-
Төгілмейтін су
-
Қолыңды суламай тиынды ал
-
Сумен каллий ферманганат ұнтағы (маргацовканың) өзара әрекеттесу құбылысын анықтау.
Ал, жақсы балалар, «Нептун» ғаламшарынан жерге оралу үшін манағы «Сатурн» ғаламшарындағы деңгейлік тапсырмалардың сырын ашайын.
-
А
В
С
27
1
2
51
125
28
-
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілде де дүниеге келген.
-
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда дүниеге келген.
-
Тоқтар Әубәкіров Қазақстанның тұңғыш яғни 1 ғарышкері
-
Талғат Мұсабаев 1994 жылы 1 маусымнан 2 қарашаға дейін (125 тәулік) ғарышта болған.
-
Талғат Мұсабаев «Союз – ТМ» ғарыш кемесімен 2 реташық ғарыш кеңістігіне шықты.
-
2001 жылы 28 сәуір мен 6 маусым аралығында «Союз-ТМ-32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыш стансасына барған І экспидицияның экипаж командирі.
Қорытынды: Біз ғарыш әлеміне сяхат жасап, 7 сыныпта өткен физика сабағының материалдарында қайталадық. Ғарыштан келген екі топтың жеңгенін бізге қазір әділ қазылар хабарлайды.Қорытынды дайын болғанша үйге тапсырманы жазып алалық.
Үйге тапсырма:
«Физика» тобы: Құмға қанша қысым түсіресің? (2 жағдайда есептеп шығар)
«Астрономия» тобы: Судың және майдың ыдыс қабырғасына түсірілетін қысымын
есептеңдер.(Сұйықтардың деңгейлері бірдей)
Әділқазылар қорытындысынан кейін бағалау ,марапат түрінде өтеді.
Бағалау: Ғарыш әлемінен саяхаттан келген «Физика», «Астрономия» топтарынынң мүшелеріне арнайы естелік сыйлығым «Марапаттауларым» бар.
Сөзімді растау үшін мынадай өлең жолдарымен аяқтаймын.
Үздіксіз ізденуден жалықпаймыз,
Оқимыз, табансыздық танытпаймыз.
Ержүрек Тоқтар,Талғат, Гагариндей
Көз ілмес қия шыңға шарықтаймыз.
Қазақтың жері бар ма нәр тамбаған,
Байқоңыр , бақытыңа мың таңғалам.
Өзіңсің жер кіндігі – өзгеде жоқ,
Құшағын айқара ашқан, дархан далам –деп сабағымызды
аяқтаймыз.

Физика кабинетін калай жабдықтау керек? Кім біледі? бөлісініздер!!!