Бірлік болмай, тірлік болмас
Казбекова Майра Тулепбаевна
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
Жетібай кенті "№4 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
Физика пәнінің ІІ санатты мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Бірлік болмай, тірлік болмас
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылық пен инабаттылыққа, ұқыптылыққа, достыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа, саналылыққа баулу;
2) Отанды сүюге, елімізде тұратын барлық ұлттарды сыйлай білуге, олардың салт – дәстүрлерімен таныса отырып, достық пен татулықтың туын берік ұстауға тәрбиелеу;
3) Мәдени- саяси сауатын кеңейтіп, сөйлеу шеберлігіндамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар
Сабақтың барысы: I. Кіріспе сөз
II. Әдеби монтаж
III. «Шашыраңқы әріптер»
ІҮ. «Жалғасын тап»
IV. Қорытындылау
Сәлеметсіздер ме,құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің «Бірлік болмай, тірлік болмас» атты ашық тәрбие сағатымды ашық деп жариялаймын.
Сабақтың жүрісі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2005жылғы Қазақстан халқына жолдауында былай дейді: «Біз ұлтына және діни наным сенімдеріне қарамастан,әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі еріктім қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз». Осы жолдауды басшылыққа ала отырып, елімізде тұратын 130-дан астам мәдени ұлт өкілдері мен 250-ден астам мәдени орталықтары мемлекетіміздің өсіп өркендеуіне бір кісідей үлес қосуда.
Қазақстан Республикасының 1995жылы қабылданған конституциясында «Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, тіліне қарамастан құқықты теңдікке кепілдік беріледі» делінген. Сонау XVIII ғ. II-ші жартысынан бастап-ақ тағдырлас елдер өкілдері жер айдалып кең байтақ еліміздің түпкір-түпкіріне орналастырылды.Революцияға дейін Ресейден, Украинадан, Белорусиядан, қиыр Шығыстан, Корей отбасылары келеді. Еркіндік жағдайында ғана қазақстандық патриотизмнің қалыптасатынын көрсетті. Енді осы сөзімнің дәлелі ретінде данышпан, әділетті Төле би бабамыздың сөзін тыңдайық.
Видеоролик жүргізіледі.
-деп жүйелі,киелі сөзбен халықтар бірлігін сақтаудың мәнін өте жоғары бағалады. Ал, оны осы күнмен салыстырар болсақ, арада бірнеше жыл салып ата-бабамыздың ұстанған саясатын қазіргі Елбасымыз ары қарай жалғасты-рып, күні кеше 28-29 сәуір күндері Елордада Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы «Қазақстандық жол: тұрақтылық,бірлік,жаңғырту» тақырыбында өткенін ерекше атап айтқым келіп тұр. Бұл сессияның күн тәртібіндегі мақсаты: Тұрақтылық, Бірлік, Жаңғырту.
Олай болса, Отанға, Туған жер, ел, олардың достығы, бірлігі туралы өлең жолдары немесе ой – толғауға кезек берейік. Ал, балалар өз ойларымызды айтайық. Мүмкін ән айтатын бала бар ма? Келесі кезекті «Шашыраңқы әріптер» кезеңіне берейік.
Осы әріптерден бүгінгі сабағымызға байланысты сөздерді табайық.
Бейбітшілік, достық, бірлік, ынтымақ, татулық … т.б.
Келесі кезекте «Жалғасын тап» ойыны. Мұнда мақал – мәтелдердің
жалғасын табу керек.
1.Қырғыз – қазақ – бір туған
2.Күш – бірлікте
3.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
4.Туған жердің қадірін,
Шетте жүрсең білерсің.
5.Бірлік жоқ жерде, тірлік жоқ.
6.Отан үшін отқа түс – күймейсің.
Бүгінгі сабағымды қорытындылайтын болсақ, Қазақстан халқы Ассамблиясының Төрағасы Н. Назарбаевтың «Тұрақтылық» – біздің татулығымыз берік болуы үшін табан тірейтін тұғырымыз.
«Бірлік» – баға жетпес басты байлығымыз.
«Жаңғырту» -келер күнге,кемел келешекке жетелейтін жарқын жолымыз-деп аяқтаймыз.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
