Деңгейлеп саралап оқыту

Казбекова Майра Тулепбаевна
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кенті
"№4 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі  Физика пәнінің ІІ санатты мұғалімі

Деңгейлеп саралап оқыту

Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми техникалық экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңадеңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер білім беру сапасына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату – басты міндет. Өйткені егеменді елдің ертеңі оқу-білімнің тереңдігімен өлшенеді. Талассыз, үздіксіз өзгеріп отырған әлем адамнан да қабілетпен қажеттіліктерді талассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы тиіс:

  1. Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау.

  2. Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге тәрбиелеу.

  3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.

  4. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Қазіргі таңда белгілі бір мөлшердегі «білім жиынтығын» алу жүйесі ескірді, ертедегі ойшылдардың сөзімен айтсақ, «шәкірт – нығарлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ». Ал мектеп – конвейр емес, керісінше кең түрде ойлай алатын және адамды қалыптастыратын сфера. Олай болса, мектепте білім беру ісіндегі басты міндет – оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу.

Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ол қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқы керек. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жағдайы әрбір жеке қызығуымен мүмкіндіктерін ашу болмақ.

Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушы мен салыстырылмайды. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.

Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу-оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешуі. Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Ол үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеберде қалып қоймай, тың ізденістер жасауы тиіс. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық белсенділігі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Оқушылардың білім – білік дағдыларын жетілдіру үшін деңгейлеп саралап оқыту технологиясын өз тәжірибеме енгіземін. Саралаудың негізгі ұстанымы оқыту мазмұнын тарылту емес, ол мұғалім тарапынан оқушыларға берілетін көмек болуы тиіс. Негізінен тәжірибеде саралап оқытудың екі түрі кеңінен қолданылады:

  1. деңгейлеп саралау

  2. бағдарлық саралау

Деңгейлік саралау – оқушылардың бір сыныпта бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі.

Бағдарлық саралау – оқушылардың әртүрлі тобымен оқу материалын деңгейі жоғары мазмұны бағдарламамен оқып-үйренуі. Бұл технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі. Деңгейлеп саралау технологиясы, оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Оқушылардың даму деңгейінің біріңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Деңгейлеп оқытудың мақсаты – әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген:

1) Танымдық деңгей.

Бұл деңгейде жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.

2) Алгоритмдік деңгей – мүнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

3) Эвристикалық деңгейге оқушы ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.

4) Шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығы байқалады.

 

 

 

 

 

 

Деңгейлеп оқыту

  1. Әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

  2. Әр түрлі деңгейдегі балаларға саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  3. Онда білім игерудің 3 деңгейі қарастырылады: ең төменгі базалық деңгей, бағдарламалық, күрделенген деңгей, сондықтан әрбір оқушы оларды меңгеруі тиіс.

Деңгейлеп оқыту технологиясы нәтижелі болу үшін жеке тұлға ерекшеліктеріне, олардың психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді меңгеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын. Сабақты өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданамын. Көбінесе сабақтың мазмұнына, сабақ өткізудегі әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдауға, сабақтың нәтижелігіне көңіл аударамын. Әр баланың мүмкіндік деңгейін ескере отырып логикалық есептерді шығаруға, нашар оқитын оқушылармен және дарынды балалармен де жұмыс жасаймын. Бұл әдіс арқылы әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, әр оқушының интеллектуалдың даралығын анықтауға болады. Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың сабаққа, білімге деген қызығушылығының артуы, ой жүйесінің дамуы, саналы білім алуы сияқты жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын. Осы мақсатпен 7-сыныпта «Магнит өрісі» тарауын қайталау және есептер шығару тақырыбында деңгейлеп оқыту әдісін қолдану арқылы төмендегідей сабақ өткіздім.

Менің педагогикалық мақсатым:

  1. Оқудың мазмұнын және сапасын жетілдіру;

  2. Әр күні сабағына «Оқыту технологиясын» кең пайдалану;

  3. Сынып ұжымы мен оқушының шығармаларын арттыру мақсатында жұмыстану.

Бұл әдістің тиімділігі:

  1. сыныптағы барлық оқушы бірдей жұмыс жасайды;

  2. бос отырытын оқушы болмайды;

  3. есеп шығарудың әр түрлі тәсілдерін меңгереді;

  4. әр түрлі деңгейдегі есептерді шығаруды үйренеді;

  5. сыныпты ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылап оқушының ойлау қабілетін, білім сапасын сабаққа деген белсенділігін арттыруға болады. Сабақ барысында оқушы 2 аламын деп қорықпайды, керісінше тапсырманың жауабына жоғары ұпай жинау арқылы ынтасы артады. Сонымен бірге оқушы толық үлгеріп, өз бетімен жұмыс істеуге, тиянақты болуға талпынып, жауапкершілігі артады. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды оқушы таңдауға болады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше