Paint графикалық редакторын қорытындылау
Ақтобе қаласы
№30 орта мектебі
Пәні: Информатика
7 – сынып
Пән мұғалімі: Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Сабақтың тақырыбы : Paint графикалық редакторын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты :
-
Білімділік: Бұрын алған теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп, графикалық редактормен жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру.
-
Дамытушылық: Есептеу техиникасында әр түрлі суреттер сала отырып, олардың бойындағы қабілеттерін және алған білімдерін жеткізе білуге, іс жүзінде жүзеге асыруға, яғни өз бетінше ойлау, жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға , еңбекті суюге, ұқыптылыққа, дәлдікке, адамгершілікке, өзін- өзі басқаруға және өзіндік танымдық қызмет жасай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың типі: практикалық, саяхат сабақ.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, тарих.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дербес компьютер, оқулық, кеспе қағаздар, слайд.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
(Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындау)
-
Дайындық кезеңі.
Оқушылар көңіл күйлеріміз қалай? Сабақты бастамас бұрын сіздерге түсіндіре кетейін. Біз алдарымызда көрсетілген жорық қағазындағы әр түрлі аралдардан, жұмбақтар әлемінен, шығармашылық сәттерден өтіп соңғы «Paint» қазына аралына жетуіміз керек.
-
Есте сақтау аралы
-
Өткенді қайталау аралы
-
Жұмбақтар әлемі
-
Демалыс сәті
-
Шығармашылық сәт
-
Қорытынды
-
«Paint» қазына аралы
-
Есте сақтау аралы
Оқушылар тарихқа тоқтала кетейік:
-
Петроглифтер дегеніміз не?
(тасқа салған суреттер)
-
Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген?
(сурет салу арқылы)
-
Қандай суреттер салған?
(таңбалар)
-
Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған?
(қағазға, папирусқа)
-
Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымызға болады? (компьютерге)
-
Өткенді қайталау аралы
Оқушыларға «Paint» графикалық редакторы туралы өткенді еске түсіру үшін бірнеше сұрақтар қойылады.
-
Paint- бағдарламасын қалай іске қосамыз?
-
Терезе элементтері неше бөліктен тұрады?
-
Құралдар тақтасындағы құралдар саны нешеу?
-
Құралдардың аты, қызметі қандай?
-
Салған суреттерді қалай сақтаймыз?
-
Сақталған суреттерді қалай ашамыз?
-
Жұмбақтар әлемі. Оқушыларға көптеген жұмбақтар қойылып, жұмбақтың шешуін ‘Paint’ графикалық редакторында сурет жүзінде бейнелейді.
1-ші жұмбақ
Көктем сайын жайқалып
Жаңбыр суын ішемін
Күз болғанда сарғайып
Жерге қайтып түсемін
(Жапырақ)
2-ші жұмбақ
Жабық астында жарты күлше
Бұл не?
(Ай)
3-ші жұмбақ
Ішінде – су,
Үстінде – бу.
Тоймай жұпар иісіне, Ішесің сүйсіне. Бұл не?
(Шәйнек)
4-ші жұмбақ
Жарыспайды ешкіммен,
Салмақты тіпті күйі.
Әрең жүріп барады,
Арқасында үйі.
Бұл не?
(Ұлу)
5-ші жұмбақ
Аппақ қардай тоны,
Күжірейген жоны.
Көзі қызыл моншақ,
Білесіңбе оны?
(Қоян)
6-шы жұмбақ
Тепсең-ақ секiрiп,
Ұстатпай қашады.
Бiр жерге бекiнiп,
Тұра алмай сасады.
(Доп)
-
Демалыс сәті. Бір оқушы шығып қол, көз жаттығуларын жасайды.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
-
Алақанды уқалау.
-
Қолды қысу
-
Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
-
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
-
Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса.
-
Соншалықты айналым солға қарай жаса.
-
«Paint» графикалық редакторында шығармашылық жұмыс.
Оқушыларға тақтада 2 қатарға бөлінген суреттерді белгіленген уақыт ішінде салулары керек.
-
Жалмауыз кемпірдің ұйшігі
-
Теңіз жағалауы
-
Қорытынды. Оқушылар біздің мақсатымыз «Paint» жағалауына жету еді, міне көптеген кедергілерден сүрінбей, өз білімімізді тексеріп жағалауғада келіп жеттік. Бізге сындардан өтуге не көмектесті?
Достық, өзара көмек, білім.
Осылай келе міне «Paint» қазына аралына жеттік.
Бағалау: Оқушыларға «Paint» графикалық редакторындағы құралдарын тарату арқылы бағаланады.
Үйге тапсырма беру: Көктем мезгілі 8 – наурыз Аналар мейрамына сурет салып келу.
